Қималар мен тіліктер туралы жалпы мағлұмат

Тақырыбы“Қималар мен тіліктер туралы жалпы мағлұмат”

Мақсаты:оқушыларға қималар мен тіліктер жөнінде мағлұмат беру, оқушының кеңістікті көз алдына елестету қабілетін және графикалық мәдениетін қалыптастыру; ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу Күтілетін нәтиже: жаңа технология, компьютермен слайд арқылы, оқушының тақырыпқа деген қызығушылығы артады, сызбалар арқылы қима мен тіліктер жөнінде түсінік алады

Түрі: теория

Әдісі:  баяндау, сұрақ-жауап,

Көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, оқулық, сызбаға қажетті құралдар.

                                    Сабақтың барысы

       І. Сынып оқушыларын ұйымдастыру

ІІ. Жаңа тақырып түсіндіру.

Нәрсенің сызбасы оның пішіні, ішкі құрылысы, өлшемдері, ол жасалған материалдар және т.б. туралы толық түсінік беруі тиіс. Сызбада нәрсенің кескіндерінің (көріністердің, қималардың және тіліктердің) саны мүмкіндігінше аз, бірақ нәрсенің ішкі және сыртқы құрылысын анық елестетуге жеткілікті болу керек.  Суретке назар аударамыз. Онда штрих сызықтар аса көп болғандықтан, сызбасы бойынша ішкі және сыртқы пішіндері қиын оқылатын тетіктер кескінделген. Тетіктің ішкі және сыртқы пішінін айқындау үшін кималар мен тіліктерді пайдаланамыз.

1-сурет                                  2-сурет                                         3-сурет

Білікшенің геометриялық пішініне талдау жасайық (142-сурет, оқулық). Білікше бір-біріне қабысқан әр түрлі диаметрлі үш цилиндрден құрастырылған, оларда екі бітеу цилиндрдік тесіктер мен кілтелік ойығы бар. Білекшенің ішкі және сыртқы пішінін айқындау үшін оны ойша пішінін көрсететін жерлерден жазықтықтармен қиямыз. Сонда қиюшы жазықтықта сызбалардағы кескіні қима деп аталатын фигура шығады.

Сендер көрініс деген кескіннің көмегімен тетіктерді сызған боласыңдар.  Көрініс деп  нәрсе бетінің бақылаушыға көрінетін бөлігінің кескіні. Бірақ бұл барлық уақытта ыңғайлы бола бермейді, әр көрнекілігі жеткіліксіз. 1, 2, 3-суреттерде  көрініс, қималар, тілік.

ІІІ. Өзіндік жұмыс. Оқулық, 72-бет, 150-сурет. Нәрселердің сызбаларына сәйкес көрнекі кескіндерін табу.

ІҮ. Бағалау. Сызбалар арқылы бағаланады.

Ү. Үй жұмысы. Үлестірме карточкалар.