Екі көрініс бойынша үшінші көріністі тұрғызу

Тақырыбы: «Екі көрініс бойынша үшінші көріністі тұрғызу»

Мақсаты. Оқушыларды үш жазықтыққа проекциялауды, өздерінің қателерін тауып, талдауға үйрету, кеңістік туралы ұғымын кеңейтіп, қызығушылықтарын арттыру, оқушыларды тиянақтылыққа, ойларын қолдана білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже. Көріністерді жазықтыққа дұрыс орналастырып, екі көрініс бойынша жаттығулар арқылы қарапайым сызбалардың үшінші көріністі тұрғызып үйренеді.


Сабақтың түрі: жаңа сабақ меңгеру

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, ақпараттық технология, деңгейлік тапсырмала

Көрнекіліктер: компьютер, интерактивті тақта, суреттер, оқулық

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Өткен тақырыптарды қайталау

 


  1. Көріністер сызбада қалай орналасады?
  2. Қандай көрініс басты деп атайды?
  3. Қандай көріністі жергілікті деп атайды?

 

ІІІ. Жаңа тақырып меңгеру

 

Кейде тетікбөлшектің бұрын салынған екі көрінісі бойынша үшінші көрінісін салу керек болады.

Салу кезеңі:

2-слайд. Нәрсенің екі көрінісі берілген – алдыңғы және үстіңгі, сол жақ көрінісін салу керек. Бұл көріністі салу үшін алдымен тетікбөлшектің пішінін көз алдына елестету керек. Сонда өлшемі

10 х 35 х 20 мм болатын параллелепипед тәрізді пішіні бар тетікбөлшек. Сол жағынан өлшемі

12 х 12 мм  ойығы бар.

3-слайд. Алдыңғы көріністің оң жағына биіктігімен бірдей көмекші сызық жүргіземіз. Бұл сызықтар сол жақ көріністің биіктігі болады. Олардың арасынан кез келген жерден вертикаль сызық жүргіземіз. Оның оң жағына қарай нәрсенің енін алып, яғни, 20 мм екіншің вертикаль сызық жүргіземіз.

4-слайд. Енді ойықты көрсету үшін оң жақ вертикаль сызықтан 12 мм алып, тағы вертикаль сызық жүргіземіз. Сонан кейін барлық көмекші сызықтарды өшірін, тұтас жуан сызықтарды бастырамыз.

5-слайд. Нәрсенің үш көрінісі.

ІҮ. Өзіндік жұмыс. 6-7 слайд. Талдау арқылы берілген екі көрініс бойынша үшінші көріністі табу.

Ү. Сарамандық жұмыс. Оқулық, 4.23 –сурет(а), екі көрініс арқылы үшінші көріністі тұрғызу

ҮІ. Бағалау

ҮІІ. Үй жұмысы. 4.23 –сурет (б)