Е. Брусиловский «Той думан» шығармасы.

 

І. Сабақтың тақырыбы: Е. Брусиловский «Той думан» шығармасы.

 


ІІ. Сабақтың мақсат-міндеттері:

 

а) Білімділігі: Қазақ музыка өнерінің негізін қалаушылардың бірі Е.Брусиловский өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.Опера жанры туралы түсінік беру.

 

 


б) Дамытушылығы: Шығарманы орындау арқылы орындау шеберлігін арттыру, пәнге деген ынтасын, қызығушылығын дамыту.

в) Тәрбиелігі: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, эстетикалық тәрбие беру, патриоттыққа, ұлтжандылыққа, отанын сүюге баулу.

 

ІІІ. Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, интернет, проектор, слайд, фортепиано.

 

  1. Пәнаралық байланыс: Саз сауаты, Саз әдебиеті, Би қойылымы. Қазақ әдебиеті.

 

  1. Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

 

  1. Сабақтың жүріс-барысы, жоспары:

 

1) Ұйымдастыру- студенттің құралдарын дайындығын тексеру. 2м

2) Гамма- жаттығулар: соль мажор гаммасын, арпеджио, нонлегато, стаккато штрихтармен өз мәнінде таза орындауын талап ету.  3м

3) Үй тапсырмасы:15м

а) Вальс Ф.Шопен шығармасын өз мәнінде, штрихтармен таза, дыбыстардың анық шығуын қадағалау, жатқа орындау.

 

4) Студенттің шығармашылық жұмысы:

 

Қазақтың халық әні «Бипыл» би қойып, өзі қостау. Ритмді сезінуі, бишілермен бірге ансамбль болуын қадағалау.

5) Жаңа сабақ: Е.Брусиловский «Той думан».  20м

Студент Е.Брусиловский жөнінде презентация дайындап айтады.

 

 

 

Брусиловский Евгений Григорьевич

Брусиловский Евгений Григорьевич (12.11.1905, Ресей, Дондағы Ростов — 9.5.1981, Мәскеу) — композитор, Қазақстанның халық артисі. Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) консерваториясын бітірген (1931). 1933 жылы КСРО Композиторлар одағының жолдамасымен Алматыға келді. 1933 — 34 жылдары Қазақ музыкалық драма техникумы жанындағы халық музыкасының ғылыми-зерттеу кабинетінде қызмет етті.

1934 — 38 жылы Қазақ музыка (қазіргі Қазақ опера және балет театры) театрының музыкалық жетекшісі, 1939 — 56 жылы Қазақстан Композиторлар одағы басқармасының төрағасы, 1956 — 76 жылдары КСРО Композиторлар одағы басқармасының мүшесі, 1944 — 51 жылдары Қазақ филармониясының көркемдік жетекшісі, 1944 — 70 жылдары Алматы консерваториясының композиция кафедрасының меңгерушісі болды. Брусиловский қазақ музыка өнерінде еуропалық бағыттағы шығармашылық мектептің қалыптасуына үлкен үлес қосты. Ол 9 опера, 2 балет, 9 симфония, “Кеңестік Қазақстан” атты кантата, оркестрге, аспаптарға арналған концерттер, 500-ден астам әндер мен романстар, сондай-ақ, Қазақстан әнұранының музыкасын (М. Төлебаев, Л. Хамидилермен бірігіп) жазды.

Брусиловский қазақтың ұлттық әндерін өз шығармаларында жоғары шеберлікпен пайдаланды. Ол 250-ден астам қазақ ән-күйлерін жазып алған. Ол — “Қыз Жібек”, “Жалбыр”, “Ер Тарғын” сияқты алғашқы қазақ операларының авторы. Олар музыка мәдениетінде, елдің мәдени өмірінде зор маңызға ие болды. 1970 жылдан Мәскеуде тұрған Брусиловский қазақ тұрмысы тақырыбына 8- 9-симфонияларын, “Қозы Көрпеш — Баян сұлу” балетін жазды. Оның шәкірттері                                                                                                                                     Б.Байқадамов, А.Бычков, К.Күмісбеков, Қ.Қожамияров,Н.Меңдіғалиев, Қ.Мусин, С.Мұхамеджанов, Е.Рахмадиевтер — Қазақстанның белгілі композиторлары. Орыс және қазақ тілдерінде “Естеліктер” атты кітабы жарық көрді. КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1948, “Кеңестік Қазақстан” кантатасы үшін), Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы (1967, “Құрманғазы” атты 6-симфониясы үшін) лауреаты. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, Құрмет белгісі ордендерімен марапатталған. Алматы қаласында Брусиловский атында көше бар.

 

 

 

Қыз жібек -қазақтың ең көне мұраларының бірі, лиро-эпостық дастан. «Қыз Жібек» жыры — аңыз емес, тарихи оқиға, кейіпкерлері өмірде болған адамдар. Жырдың негізгі кейіпкерлері — Төлеген мен Жібек бірін-бірі шын сүйген ғашықтар, бірақ әке батасынан аттап кеткен Төлегеннің өлімі мен Жібектің қайғылы тағдыры талай жанарларға жас үйірілтпей қоймайды. Жібек бейнесі — сұлулық пен әсемдіктің нышаны, қазақ халқының мақтанышы, рухани ескерткіш. «Қыз Жібек» жыры екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде Төлегеннің Жібекке үйленуі әңгімеленсе, екінші бөлімде Жібектің Сансызбаймен қосылғаны баяндалады. «Қыз Жібек» эпосын махаббат гимні деудің әбден жөні бар. Оның нағыз көркем туындыға айналу процесі жүріп жатқан кезде, яғни ХVІ-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ қоғамында жеке бастың, сезімнің бостандығы, махаббат еркіндігі туралы мәселе мұндай деңгейде ашық айтыла бермеген, ескі рулық заманның неке мен отбасына қатысты ежеқабыл, қалыңмал, көп әйел алу, әмеңгерлік сияқты салттары үстем болған. Солай бола тұрса да, «Қыз Жібек» жырының шығуы сол дәуірдің өзінде-ақ халықтың идеал туралы эстетикалық пайым-түсінігінде белгілі бір дәрежеде өзгеріс болғанын айғақтайды. Төлегеннің де, Жібектің де өзіне лайық жар іздеуі, сүйіспеншілікпен үйленуді көздеуі — сол кезеңдегі жастардың ойында, көкірегінде жүрген арманын, мұңын, тілегін аңғартады. Жырдың ел арасында кең тарағанының бір себебі осында болса керек.

 

Е. Г. Брусиловский «Қыз Жібек» жырының негізінде «Қыз Жібек» операсын жазса, оның либреттосын атақты жазушы Ғабит Мүсірепов жазған. Опера алғаш рет 1934 жылы қойылды. Онда еркіндік аңсап, өзінің шынайы махаббаты үшін күрескен Жібек пен Төлеген бейнесі көрсетіледі.

 

 

 

Ер Тарғын — операсы

«Либретто» — Сағыр Камалов»» «Музыка» — Брусиловский Е.Г.
Премьерасы 1937 жылы 15 қаңтарда Қазақ музыка театрында (қазіргі Қазақ академиялық опера және балет театры) қойылды. Операның негізгі жетістігі — прозалық мәтін араласпаған, бастанаяқ музыка үнімен орындалатын сахналық бейнелердің сомдалуында.
Ер Тарғын — халық ән-күйлерін операда шебер қолдануға құрылған туынды. Композитор онда 60-тан астам халық ән-күйлерін пайдаланған. Операны алғаш қойған реж. Қ. Жандарбеков, басты рольдерді Күләш Жасынқызы Байсейітова, Қ. Байсейітов ойнады. Операда тұңғыш рет көп дауысты хорлар мен вокалдық ансамбілдер бой көрсетті. Ал 1969 жылы К. Кенжетаев операны Абай атындағы опера және балет театырында жаңартып қойды. Мұнда Е. Серкебаев және Р. Жаманова партияларын орындады. Опера Өзбекстан мен Башқұртстанның театрларында да қойылған.

 

«Той думан» композитордың  фортепианоға арнаған шығармаларының бірі. Бұл шығармада той мерекесі бейнеленген, 2 бөлімнен тұрады. Көңілді характерде, ойнақы орындалады.
Штрихтары:1 бөлімде 1 үлесте стоккато-яғни жеңіл, қысқа, үзік  орындалады. 2 үлесте легатомен яғни жалғастыра орындалады.

 

2 бөлімде 1 үлес легато-штрихтарымен орындалады. 2 үлес стоккато штрихымен орындалады.

2 бөлімде де кайталау белгісі қойылған. 1-шісін фортемен, 2-шісін пианомен орындау керек.

Өзім орындап беремін.

Шығарманы бірге шығарамыз.

 

6) Композитор Е.Брусиловский 9 опера жазған. Соның бірі Ғабит Мүсірепов либреттосына жазылған «Қыз Жібек» операсы. Опера 4 бөлімнен тұрады. Бұл операны 1934 жылы жазды. Қыз жібек — қазақтың ең көне мұраларының бірі,

лиро-эпостық дастан. «Қыз Жібек» жыры — аңыз емес, тарихи оқиға, кейіпкерлері өмірде болған адамдар. Жырдың негізгі кейіпкерлері — Төлеген мен Жібек бірін-бірі шын сүйген ғашықтар, бірақ әке батасынан аттап кеткен Төлегеннің өлімі мен Жібектің қайғылы тағдыры талай жанарларға жас үйірілтпей қоймайды. Жібек бейнесі — сұлулық пен әсемдіктің нышаны, қазақ халқының мақтанышы, рухани ескерткіш. «Қыз Жібек» жыры екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде Төлегеннің Жібекке үйленуі әңгімеленсе, екінші бөлімде Жібектің Сансызбаймен қосылғаны баяндалады. «Қыз Жібек» эпосын махаббат гимні деудің әбден жөні бар.

 

7) Музыка тыңдау: «Қыз Жібек» операсы «Гакку». Орындайтын: К.Байсейтова. 2м

 

8) Нота бойынша  оқу. Е. Брусиловскийдің «Гакку» әнінен үзінді фортепианода нота бойынша шығарамыз. 2м

 

VII. Сабақты қорытындылаймын, үйге тапсырма беремін, студентті бағалаймын. 1м