Кескіндеу тәсілдері туралы мағлұматтарды жиынтықтау

Тақырыбы: «Кескіндеу тәсілдері туралы мағлұматтарды жиынтықтау»

Мақсаты: оқушылардың проекциялау негізгі әдістері, геометриялық денелердің проекциялары және қарапайым тетікбөлшектердің проекциялары туралы білімдерін мысалдар арқылы тексеріп, білімдерін тереңдету, өздігінен білім алуға және шығармашыл еңбектенуге қабілетіліктерін айқындау, көмектесуге, өз жолдастарын қадірлеуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: өткен тақырыптарды бойынша тапсырмалар арқылы білімдері тереңдетіледі..

 

Сабақтың түрі: қайталау

 

Құрал-жабдықтар:  оқулық, сызба құралдары, жұмыс дәптері.

 

Сабақ барысы 

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

 

  1. Жаңа тақырып түсіндіру.

Өткен бөлімде кескіндердің алу тәсілдерін, геометриялық денелердің, аксонометриялық проекциялардың сызу негіздерін оқып үйрендік. Қайталап шығайық.

  • Сызба сызықтарының түрлерін атаңдар
  • Сызба қаріптерінің өлшемдері
  • Центрлік және параллель проекциялаудың айырмашылығы қандай?
  • Тікбұрышты және қиғашбұрышты проекциялауды қалай түсінесіңдер?
  • Түзу сызық қандай жағдайда түзу және нүкте болып проекцияланады?
  • Қандай геометриялық денелер көпжақтыға жатады?
  • Қандай геометриялық денелер айналу денелерге жатады?

Кескіндердің түрлері:

Көріністер, аксонометриялық проекция, үш проекция, көрнекі кескін, қима, тілік.

Техникада барлық сызбаларды орындау тік бұрыштап параллель проекциялау әдісімен орындалады. Сонымен қатар нәрсенің пішінін айқындау үшін белгілер мен таңбалар қолданады. Солар арқылы нәрсенің үш емес, бір немесе екі проекция айқындауға болады. Пішіні күрделі тетікбөлшектің сызбасын орындау үшін оны ойша геометриялық денелерге бөлшектеп саралау керек.

 

  1. Практикалық жұмыс. 5-сурет, 3-сурет

Дәптерге тетікбөлшекті бөлшектеуге болатын геометриялық денелердің сызбаларын салыңдар. Масштабы 1:1.

 

  1. Бағалау

 

  1. Үй жұмысы. 4-сурет, сұрақтарға жауап беру
  2. Тетікбөлшектің габариттік өлшемдері неге тең?
  3. Қандай шарттылықтар көмегімен тетікбөлшекті бір проекцияда кескіндеуге болады?
  4. Тетікбөлшектің цилиндр тәріздес бөліктерінің өлшемдері қандай?