Тесігі немесе ойығы бар геометриялық денелердің проекциялары

Тақырыбы: «Тесігі немесе ойығы бар геометриялық денелердің проекциялары»

Мақсаты: жаңа геометриялық дененің проекциясын шығарып алу тәсілін үйрену, оқушының логикалық ойлау қабілетін дамыту, оқушыларды тиянақтылыққа, ойларын қолдана білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: тесігі немесе ойығы бар геометриялық денелердің проекцияларын сала алады.


Сабақтың түрі: жаңа тақырып меңгеру

Құрал-жабдықтар:  оқулық, компьютер, интерактив тақта, сызба құралдары, жұмыс дәптері.

Сабақ барысы 

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үй жұмысын тексеру.
  3. Жаңа тақырып түсіндіру.

Тақтаға ортасында тесігі бар үшбұрышты призманың фронталь және горизонталь проекциялары сызылады. Профиль проекциясын салу керек. Тақтаға салу кезеңі түсіндіріледі.

  1. 2                       3

Призманың артқы жағына тіктөртбұрыш сызып, осы сызық бойынша кесіп, призманы ойша кесеміз./3-сурет/. Профиль проекциясы тіктөртбұрыш болады. Призманың алдыңғы қыры тесіктің салдарынан екі кішілеу кесіндіге бөлініп қалады.

Төртбұрышты тесігі бар конустың фронталь проекциясы берілген жағдайда оның горизонтальжәне профиль проекцияларын салуды қарастырамыз.Конустың табандары теңбүйірлі трапеция болатын призма тәрізді. Конустың профиль проекциясын салу реті түсіндіріледі.

  1. 2. 3.            4.
  2. Өзіндік жұмыс. Өткерме тесігі бар үшбұрышты пирамиданың горизонталь проекциясын салуды аяқтап, оның профиль проекциясын тұрғызу.
  3. Бағалау

Практикалық жұмыс. Суретте тесігі бар үшбұрышты призманың фронталь және горизонталь проекциялары берілген. Профиль проекциясын сызу.


  1.       2.              Үй жұмысы. 3. 34-сурет