Геометриялық денелерді проекциялаушы жазықтықтармен қию

Тақырыбы: «Геометриялық денелерді проекциялаушы жазықтықтармен қию»

Мақсаты: оқушыларды геометриялық денелер проекциясы туралы біліктілітерін арттыру, жаңа геометриялық денені шығарып алуға үйрету, оқушылардың кеңістік туралы ұғымын кеңейтіп, ойша талдау жасау және шапшаңдық қабілетін дамыту, оқушыларды тиянақтылыққа, ойларын қолдана білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: жазықтықпен қию арқылыжаңа геометриялық денені шығарып ала алады.

Сабақтың түрі: жаңа тақырып меңгеру

Құрал-жабдықтар:  компьютер, слайдтар, сызба құралдары, жұмыс дәптері.

Сабақ барысы 

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Жаңа тақырып түсіндіру.

Дұрыс үшбұрышты призманы фронталь проекциялаушы жазықтықпен қияйық. Тұтас призманың проекциялары, қиюшы жазықтық  α1 және призманың бөліктері 2-слайдта көрсетілген.

Призманың жоғарғы бөлігін алып тастап, қалған бөлігіне көңіл аударамыз. Бұрын призманың бүйір қырлары тең болса, кескеннен кейін, тең болмай қалды. Табандары да бір-біріне параллель емес. Фронталь проекцияда А1В1С1  нүктелері бір түзудің бойында жатады. Горизонталь проекциясы өзгермейді. Ал профиль проекциясын салу керек. Ол үшін А1В1С1   нүктелер арқылы горизонталь байланыс сызықтары призманың сәйкес қырларының профиль проекцияларымен қиылысқанша жүргіземіз. Табылған   А3В3С3 нүктелерін кесінділерімінен қосамыз. 3-слайд

Пирамиданы табанына параллель жазықтықпен қиғанда пайда болатын геометриялық денені қиық пирамида деп атайды.

4-слайдта дұрыс төртбұрышты пирамида SАВСД фронталь және горизонталь проекциялары берілген. Оны табанына параллель жазықтықпен қиғанда қиық пирамида шығады.

Пирамиданың кіші бөлігін алып тастағаннан кейін, қалған пирамиданың фронталь және горизонталь проекцияларын саламыз. Қимада пайда болған төртбұрыш пирамида табанына ұқсас, оның қабырғалары пирамида табанының қабырғаларына параллель. Горизонталь проекциясын вертикаль байланыс сызық арқылы табамыз. 5-слайд.

 

  1. Практикалық жұмыс. Үлестірмелі карточкамен жұмыс.
1. Фронталь проекциялар жазықтығына перпендикуляр жазықтықпен қиылған үшбұрышты пирамиданың горизонталь проекциясын салуды аяқтап, оның профиль проекциясын салу.

1-Тапсырма:

                                            2- Тапсырма:

1. Фронталь проекциялар жазықтығына перпендикуляр жазықтықпен қиылған үшбұрышты пирамиданың горизонталь проекциясын салуды аяқтап, оның профиль проекциясын салу.

4.Бағалау

  1. Үй жұмысы. 3. 31- сурет