Проекциялау әдісі. Орталық және паралель проекциялау

Тақырыбы: «Проекциялау әдісі. Орталық  ж/е паралель  проекциялау»

Мақсаты: Оқушыларға проекция туралы білім беру, орталық және параллель проекциялау әдісін үйрету, сызба сызу дағдыларын арттыруға, сұрақтарға жауап іздеуге, бір-бірінің пікіріне құрметпен қарауға мүмкіндік туғызу.

Күтілетін нәтиже: 1. Бірлесіп ойларын ортаға сала алады;


  1. Сұрақтарға еркін жауап бере алады;
  2. Мысалдар және сызбалар арқылы проекция туралы түсінік алады.

Сабақтың түрі: СТО, ой қозғау стратегиясы

Әдістері:   сұрақ-жауап,

Құрал-жабдықтар:  оқулық, тақта, сызба құралдары, жұмыс дәптері, суреттер.

Сабақ барысы

І. Қызығушылықты ояту

Алма мен қағаз аламыз. Алмадан қағазға көлеңке түседі. Міне, қағаздағы фигура (көлеңке) – проекция, ал процестің өзі – проекциялау. «Проекция»-латын сөзі, ол «алға лақтыру» деген мағынаны білдіреді.

ІІ Мағынаны тану


Проекциялаудыңтөрт түрі бар: орталық, параллель, аксонометриялық және тікбұрыштап проекциялау. Егер нәрсенің кескінін салуға көмектесетін проекциялаушы сәулелер бір нүктеден шықса, мұндай проекция орталық проекциялау деп аталады.  Орталық проекциялаудың қасиеттері:

  1. нүктенің проекциясы нүкте болады;
  2. түзудің проекциясы түзу болады;
  3. фигуралардың өзара тиесілі проекциялау кезінде бұзылмайды.

Практикада жиі қолданылатын орталық проекциялаудың түрінің бірі параллель проекциялау.

Егер проекциялаушы сәулелер өзара параллель болса, параллель проекциялау деп атайды. Параллель проекциялаудың екі түрі бар: қиғашбұрыштап проекциялау және тікбұрыштап проекциялау.

Проекциялаушы сәулелер проекция жазықтығына перпендикуляр болса, проекциялауды тікбұрыштап проекциялау дейді.

Оқушыларға тақтаға сызба құралдар арқылы түзудің, фигураның және қисық сызықтың проекцияларын салу тәсілі түсіндіріліп, көрсетіледі.

 

2-слайд: Нүктені проекциялау тәсілі көрсетіледі

4-слайд: Үш нүктені бір проекция жазықтығына проекциялау тәсілі көрсетіледі

6-слайд: Кесіндінің түрлерін проекциялау тәсілдері көрсетіледі

8-10 слайд: Нәрсенің түрлі жағдайда орналасқан қырларының проекциясы көрсетіледі.

Параллель проекциялау кезінде қандай қасиеттер сақталатындығына тоқталайық:

1-қасиет. Нүктенің проекциясы да нүкте болады.

2-қасиет. Проекциялау бағытына параллель емес түзудің проекциясы да түзу болады. Проекциялау бағытына параллель түзу нүктеге проекцияланады.

3-қасиет. Түзудің бойында жатқан нүктенің проекциясы сол түзудің проекциясы бойында жатады.

4-қасиет. Параллель түзулер параллель түзулерге проекцияланады.

5-қасиет. Параллель түзулердің немесе бір түзудің бойынан алынған кесінділердің қатынасы параллель проекциялау нәтижесінде өзгермейді.

ІІІ. Ой толғаныс   2.3,   2.4,    2.5 суреттерді сызу

ІҮ Бағалау

Ү  Үй жұмысы   §2.1,   2.2,    2.3, орталық және параллель проекциялау мысалдар келтіру.