Түйіндесулер

Тақырыбы: «Түйіндесулер»

Мақсаты: Түйіндесулер  туралы білім беру. Әр түрлі бұрыштарды, шеңберлерді және шеңбермен түзулерді түйіндестіруге үйрету. Оқушыны ұқыптылыққа және дербестікке тәрбиелеу.

Оқушының кеңістікті көз алдына елестету қабілетін және график мәдениетін қалыптастыру.


Күтілетін нәтиже: екі түзуді, шеңбер мен түзуді және екі шеңберді түйіндесуді жаттығу арқылы сызып үйренеді.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгеру

Әдістері:             практикалық жұмыс

Құрал-жабдықтар:  оқулық, тақта, сызба құралдары жұмыс дәптері

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Үй жұмысын тексеру. Сызбалар арқылы тексеру.


ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Бір түзу сызықтың екінші түзу сызыққа біртіндеп көшуі – түйіндесу  деп аталады.

Түйіндесулерді салу үшін түйіндесу центрі мен нүктелерін табу керек.

  1. Екі түзуді радиусы берілген доғамен түйіндестіру ( тікбұрышты, сүйірбұрышты және доғалбұрышты) Түйіндесу  R – 10 мм
  1. Шеңбер мен түзуді радиусы берілген доғамен түйіндестіру

а) түйіндесу центрін табу үшін шеңбердің О нүктесінен радиусы R + r болатын көмекші доға жүргізеді.

б) АВ түзуінен r қашықтықта  радиусы R + r доғасымен қиылысқанша, АВ түзуге параллель түзу жүргізеді. Шыққан О1 нүкте түйіндесу центрі.

в)  О О1 қосқанда М нүктесі пайда болады. О1 нүктеден перпендикуляр жібереміз, Н нүктесі пайда болады.

г) М,Н түйіндесу нүктелерін r доғасымен қосып сызық жүргіземіз

  1. 3. Екі шеңберді түйіндестіру

А) І- шеңбердің диам. r1-30 мм, ІІ- шеңбердің диам.  r2 –20 мм, түйіндесу радиусы R – 10 мм.

Б) шеңбер ø r2 + R        екі шеңбер сызу, центрі  О1  және  О2

ø r1 — R

в) қиылысқан нүкте О, О1О,  О2О – қосамыз.Қиылысқан нүктелер А және В.

Сырттай түйіндесу

 

4.Шеңберлер доғаларын түйіндестіру нәтижесінде алынған тұйық сызықты – сопақша (овал) деп атайды. Сопақшаларды біросьті және екіосьті деп ажыратады. Екіосьті сопақша осьтерінің ұзындықтарымен анықталады. Сопақша салу әдісі түсіндіріледі және оқушылар мұғаліммен бірге сызады.

ІІ. Бекіту .

Үлкен осінің ұзындығы 80 мм, кіші осінің ұзындығы 50 мм болатын екіосьті сопақша салу.

ІІІ Бағалау. Өзіндік жұмыс бағаланады.

ІҮ Үй жұмысы. Түйіндестіру ережелерін сақтай отырып, 25, а-суреттегі фигураны өзің таңдап алған масштабпен сал. Өлшемдерін түсір.