Сызбаға өлшем түсіру
Тақырыбы: «Сызбаға өлшем түсіру»
Мақсаты: Оқушы сызба орындау барысында өлшемдерді түсіру туралы білім беру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Өлшемдерді түсіру туралы білім алады, оқушының нәрсе өлшемін түсіру арқылы ойлау қабілеті дамиды және өлшем түсіріп үйренеді.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Әдістері: эвристикалық іздену, СТО бағдарламасының ой қозғау, стратегиясы, деңгейлік тапсырмалар
Құрал-жабдықтар: сызу аспаптары, жұмыс дәптері
Сабақ барысы
І Қызығушылықты ояту
Ой қозғау стратегиясы. Сұрақ: сызықтардың түрлерін атаңыз
Жауабы: тұтас негізгі жуан, үзілме, тұтас жіңішке, үзілмелі нүктелі.
ІІ Мағынаны тану
Кіріспе сөз. Бұйымның немесе оның бөліктерінің шамасын білу үшін өлшем түсіреміз. Өлшемдер сызықтық және бұрыштық болады.
Сызықтық: ұзындығы, ені, биіктігі, жуандығы, диаметр немесе радиус.
Бұрыштық. өлшем бұрыштың шамасын сипаттайды. Өлшем сандар мм өлшенеді.
Е Р Е Ж Е Л Е Р
- Өлшем сандармен және сызықтармен көрсетіледі;
- Тұтас жіңішке сызықпен сызылады;
- Шығарма сызық өлшем сызыққа перпендикуляр орналасады. Өлшем сызық нұсқамамен шектеледі. Өлшем саны сызықтың ортасына жазылады.
- Егер бір-біріне бірнеше параллель сызық болса, онда кіші өлшем контурға жақын болады, ара қашықтары 10 мм.
- ø – диаметр 6. R – радиус 7. — квадрат 8. Өлшем сандарды оңнан солға қарай оқиды.
- Егер бірдей элементтер бірнеше болса, сызбада біреуі түсіріледі, бірақ саны көрсетіледі. Мысалы, «3 тес.Ø10», диаметрі 10 мм. 10. l – ұзындығы, s- жуандығы
ІІІ Жаңа білімді бекіту
Жаңа сабақты бекіту мақсатында 1.33-суретті сызып алып, өлшемдерді түсіру.
ІҮ Өзіндік жұмыс
Деңгейлері төмен оқушыларға:
Ұзындықтары 30 мм вертикаль, горизонталь және 45 ˚ бұрышпен көлбейтін үш кесінді салып, олардың өлшемдерін түсір (М1:1)
ІІ Деңгейлері орташа оқушыларға:
1.34- суреттегі конустылықсызбаны орындау
ІІІ Деңгейлері жоғары оқушыларға:
Қалыңдығы 4 мм шаршы тәрізді пластинканың центрінде диаметрі 16 мм цилиндр тәрізді тесігі бар. Шаршының бір қабырғасының ұзындығы 30 мм. Пластинканың сызбасын екі рет (нақты шамасында және М2:1 масштабында) салып, оның өлшемдерін түсір.
Ү Бағалау. Сызбаларын тексеріп бағалау
ҮІ Үй жұмысы.1.35 суреттегі тетікбөлшектің берілген өлшемі бойынша сызу.
L – 120; l- 100; D – 70; d – 35; конустылық 1: 10
L1 – 110; l1- 75; D1 – 50; d1 – 25; конустылық 1: 5