Әліппемен басталады білім бағы, Қоштасу балалықтың қимас шағы.

Сабақтың тақырыбы: Әліппемен басталады білім бағы, Қоштасу балалықтың қимас шағы.

Мақсаты: Білімнің бастауы болған, әліппеден үйренгендерін тиянақтау, білімдерін

артып, сөз байлығының  молайғанын, саналарының өскендерін көрсету.


Тәрбиелік мәні: Оқушыларды Отанын, мектебін, ұстаздарын, ата-аналарын

құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: шарлар, әріптердің макеті, интерактивті тақта, суреттер.

Сынып іші безендіріледі. Ағаштар, шыршалар. Орта ашық, музыка

ойналып тұрады. Осы кезде 2-3  балдырған қолдарында добы, қуыршағы,


машинасы бар, өзара таласып ішке келіп, ортаға кіреді.

Жүргізуші: Ойын қуып жүрген думан бұл кімдер?

Сылдыраған  балаң тілмен естіледі бір үндер.

Қасиет: Апам айтқан күзде мектепке барасың деп,

Көп – көп оқу құралдарын аласың деп.

Айдана: Онда – мына машинаңды неге тастамайсың?

Сен енді еш нәрсені түсінбейтін кішкентай емессің.

Диана: Жоқ, ол алтыға толды,

Үлкен бала болды.

Мына қуыршақты, машинаны

Бөпемізге сыйлайтын болдық.

3 а – с.оқ. Асылай жүгіріп кіреді.

˗ Балалар мектепке бармайсыңдар ма?

Қасиет:  Мектеп, мектеп деген не өзі?

Айдана: Онда не береді?

Менің де барғым келеді.

Асылай: 6-ға  толсаң, ойын қумай бос текке

Оқисың әрине сен де мектепте.

Диана: Мектепте үйрендің сен нені?

Көп пе оның сендерге бергені.

Асылай: Мектепте бәріміз білім аламыз,

Жан ˗ жақты дамып өседі санамыз

Біз секілді ағылшын тілін меңгересің

Мектепте домбыра қағуды үйренесің.

Ән сабағына қатысып ән  айтасың

Спорттың неше түрімен шынығасың,

Мектебің мінекей, ақ ордам тым асқақ.

Ұстазым, достарым тұр әне қол бұлғап

Жүріңдер, үңіліп мектептің сырына

Шығайық біз бірге білімнің шыңына.

Балалар қосылып: Алақай, біз мектепке барамыз.

Асылай: Қадамыңа гүл бітсін деп халқым

Қол соғып бір қошеметтеп тұр жалпың.

(Балаларды жетектеп алып кетеді)

Хор: Сәлем, саған мектебім.

Қоңырау үні шығып, оқушылар қолдарынан ұстап, ішке кіреді.

Мұғалім:  ˗ Құрметті ата ˗ аналар, ұстаздар және оқушылар! Біздің 1а сынып

оқушыларының әзірлеген “Әліппемен басталады білім бағы, Қоштасу

балалықтың қимас шағы! ” атты мерекемізге қош келдіңіздер! Осыдан

4 ай бұрын мектеп табалдырығынан қысылса да қызыға аттаған бірі

отбасының тұңғышы, бірі кенжесі, бірі әзірге  жалғызы, ата ˗ әжесінің

сүйікті де еркесі болып жүрген ұл ˗ қыздарымыздың, өздерінің ең

алғашқы  оқулығы болған Әліппемен бүгін  қоштасқалы отыр.

˗ Ендеше, кішкентай бүлдіршіндеріңіздің білім өлкесіне  қарай басқан

алғашқы қадамдары құтты болсын дей отырып, мерекелік ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Әнұран орындалады.

Қасиет: Өтті оқу, сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат.

Оқулықты достассақ

Әліппемен қоштаспақ

Өсті ˗ білім бойымыз.

Хормен:  Құтты болсын тойымыз!

Диана: Жақсы білім көрімдік,

Болсын сізге халайық,

Не үйреніп, не білдік?

Қане, ортаға салайық.

Музыка ойналып ортаға Шимұрын шығады.

—  Армысыңдар, жас достар! Мен кіммін? Буратино!

Сендерге үлкен мереке болады дегенді  естіп

келе жатыр едім, жолдан хат тауып алдым.

Хатта әліппені Білім патшалығы алып кеткендігі жазылыпты.

Балалар, бірігіп, Әліппені іздеуге жолға шығайық.

Кемеші Дастан: ˗ Жарайды, балалар абыржымайық.

Әліппені іздеуге Білім патшалығына кемеге

мінгізіп мен апарамын.

˗  Қане, үлкен кемеге отырамыз, бәріміз.

Мұғалім: ˗ Балалар, патшалыққа  жеткенше алдымыздан түрлі

ғажайыптар кездесер.

˗ Ерте , ерте, ертеде білім патшалығына жетпей бір бұғазда ˝Әліпби˝  атты ел болған екен. Бұл елде ханзада мен ханшайым, ұзақ жылдар өмір сүріпті. Содан екеуі елдің орта шегіне жеміс қасиеттерін отырғызады. Оны күтіп бағады. Күтім жақсы болғандықтан алма ағашының тамыры кеңге жайылып, көкке шарлап өседі. Алайда ханзада мен ханшайымның алма ағашына көңілдері толмайды, өйткені оның себебі де бар еді. Ол қандай себеп  екен?

Ханзада: Ханшайым, біз отырғызған алма ағашының тамыры жайылып өскенімен

неліктен жеміс бермейді?

Ханшайым: Ханзада, мұның да бір себебі болар ˗ ау!

Ханзада: Иә, солай шығар! Оның сырын тезірек ашу керек қой. Неліктен бүгін

орман іші тып ˗ тыныш?

Ханшайым: Бұл сұрақтың сырын Мейірімді феядан сұрап көрейік.

Мейірімді фея: Бұл орманда неше жылдан бері ешқандай ертеңгілік, ешқандай сабақ  өтпейді. Сол себептен ормандағы тіршілік иесінің бәрі ұйқыда.

 Ханшайым: Мейірімді фея, сен оларды оятшы. Сен оған көмектесші.

ʺЕртегілер әлеміʺәнін орындап Мейірімді фея ормандағы тіршілік иелерін оятады. Әндетіп, билетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ханзада: Алыстан бір кеме келе жатыр. (Шимұрын шығып Ханзада мен

Ханшайымға амандасады.)

Шимұрын: ˗ Амансыңдар ма, Ханзада мен Ханшайым.

Біз 1а ˗ сынып  оқушыларымен Білім патшалығынан

Әліппені іздеп келе жатырмыз.

Ханзада: Қош келіпсіздер, Мақал елі сіздерден мынаны білгісі келеді.

Мақал:

 

 

Абылай: ˗ Әліппеден балалар,

Не оқыдың, не білдің?

Қане, айтшы мақалдар

Біліміңді көрейін.

Жалғасын айту: Оқу ˗ білім бұлағы,

______     _______       (Қағазға  түрлі түстермен жазылған)

Оқу ˗ инемен,  _____

Мейірімді фея қыз: ˗ Міне, көрдіңіздер ме Ханзада мен Ханшайым алма ағашың

жеміс бере бастады.

Ханшайым: Балалар, жұмбақ елінің де тапсырмалары  бар.

Жұмбақ ˗ Расул: Біз жұмбақтар айтамыз,

Шешуін сіз тапсаңыз,

Жолынды біз ашамыз.

(Жұмбақ оқылады, балалар шешуін табады).

Қабат ˗ қабат қапталған,

Асыл сөзбен апталған.

Парағы бар бар сөйлейтін,

Ол қазына өлмейтін.

                                                                      (Кітап).

Осы сөзді буынға бөлгізіп, фонетикалық талдау жасату.

Кі ˗ тап.

Бар білімнің бастауы,

Бар ғылымның бастауы.

Жас балаға  нұр шашқан, Қандай кітап тіл ашқан? (Әліппе)

Шәкірт кездегі,

Білімнің безбені.

(Баға).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(Алма ағашына тағы бір алма ілінеді).

 

Ханшайым: Керемет!

Ағашымыз жемісін бере бастады.

Мейірімді фея: ˗ Қане, достар Әліппеден не үйрендік, не білдік.

Келіңіздер, ортаға салайық.

Айдана: Әліппе деген алтын жол,

Апарар сені алысқа

Жеңіл емес, ауыр жол

Тырысып бақ намысқа.

Батырхан: Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріпте,

Барлық білім ˗ ілімді

Үйреткен оны әліппе.

Аружан: Енді біз жаза білеміз,

Әріпті қосып әріпке

Риза боп саған жүреміз.

Сүйікті біздің Әліппе.

Дастан: Ең алғаш қолға алғанда Әліппені

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін сыры жұмбақты бұл кітаптың

Ұстазым кілтін маған алып берді.

Расул: Еркесі едім атамның,

Еркесі едім анамның

Толдым биыл алтыға

Мен оқушы атандым.

Хор: Ақ Әжем орындалады.

Дана: Бұл мереке сенің арқаң анашым

Бір мен үшін керектіні табасың

Балаң жақсы деген сөзді естісең,

Күлімсіреп, қуанып бір қаласың.

Ханзада: ˗  Жарайсыңдар, балалар,

Алма ағашының жемісі көбейді.

Ханшайым: Отан, Қазақстан туралы не білеміз, балалар?

Қайнарбек: Қазақстан сан ғасырлық тарихы бар,

Қазақстан ˗ бұл азат ел, танысыңдар

Көк байрағы, ел таңбасы, Әнұраны

Қазақ елі егеменді, сан жұрты бар.

Абылай: Отан ˗ менің өз елім

Отан ˗ туған өз жерім

Отан ˗ далам өзенім

Гүлдей жайнап өсемін.

Дастан: Отан ˗ біздің әніміз,

Отан ˗ біздің сәніміз

Ер жетеміз туған ел

Сені сүйіп бәріміз.

Дильназ: Тәуелсіздік ˗ бабалардың ұраны,

Бұл уақытта бойға таққан тұмары

Тәуелсіздік ˗ түлектерде тұншығып,

Ызғар ұрып жанбай қалған шырағы.

Тәуелсіздік (сөзіне презентация).

ʺТʺ˗ Тәуелсіз елде тұрағым,

Тәуелсіздік жыр әнім. (Батырхан.)

ʺӘʺ˗ Әспеттеп салт пен әділетті,

Боламыз бала ˗ әдепті. (Абылай.)

ʺУʺ˗ Уәдеге берік боламыз,

Биік ˗ биік үйлер саламыз. (Дулат.)

ʺЕʺ˗ Елім деп өлең жар салам,

Елімменен мақтанам.  (Ғанибет.)

ʺЛʺ˗ Лайым болсын ел аман,

Несібесі мол заман.       ( Расул.)

ʺСʺ˗ Сенімін елдің ақтаймыз,

Жақсы істер жасаймыз.  (Қайнарбек.)

ʺІʺ˗  Ізгілік нұрын шашатын,

Жасасын Қазақстаным.  ( Қасиет.)

ʺЗʺ˗ Зейінге бәрін тоқимыз,

Сабақты 5-ке оқимыз.   (Дильназ.)

ʺДʺ˗ Даламыздай кең пейілді,

Мақтан тұтам елімді.  ( Дастан.)

ʺІʺ˗ Ізгілік гүлін себетін, жасасын туған елім!

ʺКʺ˗Келешекке нық басқан,

Біз бақытты балдырған!

Мұғалім: Қандай мағыналы сөз шықты?

˗ Тәуелсіздік.

˗ Біздің Отанымыз биыл тәуелсіздіктің неше жылдығын тойлады?

˗ 21 жылдық тәуелсіздігін тойладық?

˗ Қазақстан Республикасының президенті кім?

(Қазақстан жері туралы слайд жіберіледі.)

Ханшайым: Тамаша, балалар, көп нәрсені біледі екенсіңдер.

˗ Оқи берсең ғылымды,

Артық болмас бармасы

Математика  ˗ өмірде,

Бар ғылымның патшасы.

Ал математика пәнінен не үйренгенімізді ортаға салайық.

Ғанибет: Санамақ оқылады. (Шыққан өрнектерді рарядтық қосылғыштарға жіктейміз.)

Ханзада: Достар алма ағагы түгел дерлік жемісін берді.

Ән сабағынан не үйрендік, қане ортаға салайық.

(Ән сабағынан үйренгендерін оқушылар ортаға салады.)

Ханзада: Мейірімді фея балаларды білім шахарына алып барыңыз.

Білім патшасы: Мен сендердің келетіндеріңді білгенмін. Барлық кедергілерден өз білімдеріңнің   арқасында өттіңіздер. Сендердің қайтпас қайсарлықтарыңызға тәнті болдым. Әліппелеріңізді қолдарыңызға ала қойыңыздар!

Әліппе  балалардың қасына келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе: ˗ Рақмет, балалар! Әріптердің бәрін таныпсыңдар! Енді сауатты жаздырып, мәнерлеп   оқытатын Ана тілін оқитын боласыңдар! Ал, қош болыңдар! Әрдайым биіктерден  көрініңдер.

Балалар хормен: Таныстырған 42 әріппені

                                Қош бол, менің сүйікті Әліппем!

Әліппе: Құрметті оқушылар, мен сендердің білімді, ынталы, ақылды екендеріңе көзім жетті.

Сендерге де рахмет, балалар!

Оқуда зейінді болыңдар.

Ақ жол болсын, қарақтарым.

Айдай болсын қабақтарың

Күнделіктерің беске толсын Қош бол менің балаларым!

Балалар хормен: Қош сүйікті Әліппе!

Бізде саған ақ жол тілейміз.

Шимұрын: Балалар, Әліппеден алған білімдеріңді жалғастырып, өздерің жемісінің гүлденуіне  көмек берген алма ағашының жемісін ары қарай көбейтуге атсалысасыздар. Менің айтқаныма келісесіздер ме?

Хормен:  Иә!

Шимұрын: Ана тілің  ˗ арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге  тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

˗ Ендеше мен сендерге сиқырлы сондықтан

ʺАна тіліʺ оқулығымен білімнің  алтын кілтін тапсырамын.

(Оқушылардың біреуіне кілт пен ана тілін тапсырады.)

 

 

 

 

Ана тілі: Мен Ана тілі оқулығымын. Балалар, сендердің өнерлеріңді көріп қуанып тұрмын. Менің сіздерге дайындаған сұрақтарым бар?

(Сұрақ қойылады.) Ы.Алтынсарин. Абай Құнанбаев.

˗ Рахмет, балалар!

Ана тілі: ˗ Балаларды ортаға алып, шаттық шеңберіне тұрғызып, өлеңдерін айтқызады.  ˗ Осы балалар сіздер қандайсыңдар?

Бибінұр: Талабы биік таудаймыз.

Назерке: Жанып тұрған шырақпыз.

Расул:  Біз шеберміз

Диана: Мың бұралған бишіміз.

Дана:  Өнерлімізі, білімдіміз.

Бірге: Әкелер мен Аналарға бас иетін

Елтаңбасымен еңселі

Туымен тұғырлы

Ән ұранымен айбатты

Біз қазақ елінің ˗ болашағымыз.

Хормен: Ана тілі, біз дана тіліміздің мәртебесін жоғары көтереміз деп уәде береміз. Енді сіз бізбен бірге болыңыз.

 

 

Мұғалім: Құрметті ата-аналар, оқушылар! Елдігіміз ескеріліп, еңсеміз көтеріліп, тәуелсіз мемлекет болғанымыз да 23 жылдай уақыт өтті. XXI ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Сондықтан жас ұрпақ білімді, сауатты болуы үшін ата-аналарға да жүктелер міндеттер аз емес. Күні кешегі ойын баласы болған сіздердің балаларыңыз, бүгінде бойларынаа үлкен міндет, жауапкершілік арқалап отыр. Сауат ашу мақсатында қолға алғаш ұстаған кітабы-Әліппе  оқулығымен қоштасып, Ана тілі оқулығымен достасып, білім еліне қадам басты. Қадамдары құтты болсын!