Диктант «Зейінді оқушы»

Сабақтың тақырыбы: Диктант «Зейінді оқушы»

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың диктант жазу арқылы өткен сабақтан алған білімдерін тиянақтау.


Дамытушылығы: Сауатты көркем жазуға дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: Оқушыларды белсенділікке, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  Пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап.

Қолданылатын стратегиялар:  СТО

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, ережелер, диктанттар жинағы т.б.

Сабақтың барысы:


  1. Қызығушылықты ояту.
  2. Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру.
  3. Зейінді дегенді қалай түсінесіңдер?

Топтастыру.

  1. Мағынаны тану.

Диктант

Зейінді оқушы

Шоқан он жасында әскери мектепке оқуға түсті. Мектепке келгенде орыс тілін білмейтін. Ол аз күнде орыс тілін үйренді. Шоқан өте зейінді оқушы болды. Ол саяхат туралы кітапты қызығып оқыды. Саяхатшы болуды арман етті. Шоқан суретті де жақсы салды. Ол мектепті алтын алқамен бітірді. (43 сөз)

 

 

III. Ой толғаныс.

Тапсырма:.

  1. Мәтіндегі сөйлем санын цифрмен жақша ішіне жаз.
  2. Кім? сұрағына жауап беретін сөздердің астын сыз.
  3. Саяхатшы сөзіне буындық, дыбыстық талдау жаса.

Саяхатшы – 4 буын, 2 дауысты, 5 дауыссыз дыбыс бар

С – дауыссыз, қатаң

А – дауысты, жуан

Я – дыбыстық белгі

Х – дауыссыз, қатаң

А – дауысты, жуан

Т – дауыссыз, қатаң

Ш – дауыссыз, қатаң

Ы – дауысты, жуан.

 

  1. Үй тапсырмасы.
  2. Өткен тақырыптарды қайталау.
  3. Бағалау

Бағалау критерийі:

«5» — 1- 4 толық қамтылса;

«4» — 1- 3 толық қамтылса;

«3» — 1- 2  толық қамтылса;

Топ басшылары бағалайды