Металдар тарауын қорытындылау

Сыныбы 9Күні 06.04.2014
Сабақтың тақырыбыМеталдар тарауын қорытындылау
Мақсаты

 

Металдар тарауы бойынша алған білімдерін жинақтау, пысықтау және химиялық реакция теңдеулерін жазғызып, тәжірибе жасату. Деңгейлік тапсырмалар орындатып, алған білімдерін өмірмен байланыстыруға үйрету т.б.
Күтілетін нәтижелер

 

А. Металдардың табиғатта таралуын, кен орындарын, оларды зерттеген ғалымдар туралы ақпаратты біледі;

В.Металдарды өндіру түрлерін, химиялық реакцияларын жаза алады, зертханалық тәжірибелерін жүргізе алады;

С.Химиялық реакциялар мен формулаларды есептер шығару кезінде қолданады, алған білімдерін практикамен байланыстырады т.б.

Керекті жабдықтар

 

Интербелсенді тақта, слайдшоу, химиялық элементтердің периодтық кестесі, ҚР пайдалы қазбалар  картасы, Қ.И.Сәтбаевтың суреті, оқулық, дидактикалық материалдар, деңгейлік тапсырмалар, тексттер, постер, маркерлер, карандаш, сызғыштар, есептегіш құралдар, жазбалар, үлестірме қағаздар, бағалау, рефлексия парағы, маршруттық карта, ғаламтор суреттері мен мәліметтері т.б.
Сабақтың әдістеріСөздік әдіс (диалог, баяндау, сұрақ-жауап, айтыс), көрнекілік әдіс, зертханалық әдіс, топтық және жұптық жұмыс, ойын элементтері, конференция әдісі, көшбасшылық, АКТ элементтері, СТО т.б.
Сабақтың түрі, типіҚорытындылау сабағы (панорамалық сабақ)
Пән аралық байланысБиология, физика, география, әдебиет, математика, тарих, технология, информатика т.б.
Пән ішілік байланысБейметалдармен салыстыру, металдардың периодтық жүйеде орналасуы, алынуы т.б.
Сабақ барысы:
Сабақ кезең деріМұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе

3 мин

 

Оқушылармен сәлемдесу, класс оқушыларын түгелдеу. Кластың, оқушылардың сабаққа даярлығын қадағалау. Оқушылар зейінін сабаққа аудару. Оқушыларды үш топқа бөлу.Мұғаліммен амандасу. Сабақта жоқ оқушылар туралы мәлімет беру. Оқулықтары мен құрал-жабдықтарын шығару. Бар зейіндерін сабаққа аудара отырып мұғалімді тыңдау. Парақшалар арқылы 3 топқа бөліну «Кальций», «Алюминий», «Темір» топтарына.  Өзара топ басшысын тағайындайды.
Тұсау кесер

2 мин

 

 

Сабақ мақсаты мен бөлімдерін таныстыру. Бағалау парақтары мен үлестірме қағаздарды тарату.

САБАҚ ЖОСПАРЫ

І бөлім. Кіріспе  3 минут

ØСәлемдесу;

ØТүгелдеу;

ØТоп жасақтау;

ІІ бөлім. Тұсау кесер 2 минут

ØМақсатымен таныстыру;

ØСабақ бөлімдерімен таныстыру;

ØБағалау парағымен таныстыру;

ØҚажетті құрал-жабдықтарды тарату;

ІІІ бөлім. Негізгі бөлім 35 минут

ØАудио тыңдалым жіберу;  1минут

ØПостер әзірлеу;                   5 минут

ØКонференция;                    10 минут

ØЗертханалық жұмыс;          6 минут

ØМеталдар айтысы;              4 минут

ØДеңгейлік тапсырмалар;   5 минут

ØЖеке жұмыс;                      4 минут

ІҮ бөлім. Қорытынды 5 минут

Ø Бағалау, бағалауға коментарий беру;

Ø Рефлексия парағын толтыру;

Ø Үйге тапсырма беру;

Ø Сабақты аяқтау

 

Кезекші сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды таратады. Күннің жады мен сабақтың тақырыбын, бөлімдерін дәптерлеріне жазады. Сабақ жоспарымен бағалау парағымен танысып өткеннен соң топ басшысы бағалау парағынан топ мүшелерінің аты-жөнін тіркеп, сәкесінше бағалауға кіріседі. Топ мүшелерінің міндеттерін бөліп береді. Топтық ережені сақтай отырып, топ болып жұмыстануға, ауыз біршілік пен уақытты тиімді пайдалануға кіріседі.
Негізгі бөлім

35 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.«Металдардың маңызы» тақырыбында АУДИО ТЫҢДАЛЫМ жіберіліеді.

2.Ой қозғау: Әр топқа өз топ атауларына сәйкес тапсырмалар беріледі. Ассоциация құруға. «Кальций», «Алюминий», «Темір».

 

 

3.Конференция бөлімі: І топ ғалымдар (химик, биолог, физик, геогроф, тарихшы және технолог) , ІІ және ІІІ топ тілшілер болып жайғасады. Мұғалім оқушыларға нұсқау, бағыт беріп жүреді.

 

 

 

 

 

 

Ғалымдар мен тілшілерді тыңдай отырып, интерактивтік тақтадан сәйкесінше мәліметтер мен суреттерін жіберіп отырады. Конференция барысына басшылық жасай отырып, уақыттың жоспарға сәйкес жұмсалуын қадағалайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Конференция бөлімін аяқтап, оқушылардың өз орындарына жайғасуына нұсқау береді.

 

4.    Зертханалық жұмыс:

Әр топқа металдардың  химиялық қасиеттеріне байланысты тәжірибелер жүргізу тапсырылды:

І топ:  Металдардың суға әсері;

ІІ топ: Металдардың қышқылдарға әсері;

ІІІ топ: Металдардың тұздарға әсері;

Зертханалық жұмысқа қажетті  реактивтер мен құрал-жабдықтарды береді, жұмыс барысына назар аударады, қалған оқушыларды бақылап отырады.

 

 

 

Оқушылардың жұмысты орындау барыстарын тексеріп өтеді.

 

 

 

 

 

 

 

5.    Металдар айтысы: Алдын – ала дайындалып келген алты металл атаумен аталынған оқушылар ортаға шақырылып, өздерін өлең жолдарымен таныстыруға нұсқау берді. Интерактивтік тақтадан металдар таныстырылымдарын айтып жатқан кезде сәйкес металдардың биологиялық маңызы, қолданылуы т.б. маңызды суреттемелерді көрсетіліп тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6.    Мультимедиалық тыңдалым:

Интербелсенді тақтадан бейне көрініс жіберіледі. Мұқият тыңдауларына нұсқау береді.

7.    Деңгейлік тапсырмалар:

Әр топқа «А», «В» және «С» деңгейіндегі тапсырмалар үлестіріледі.

 

 

 

 

Оқушылардың орындау барыстарын қадағалай отырып, қателіктерін түзетіп өтеді. Кейбір оқушыларға бағыт-бағдар береді. Бағалауға нұсқау береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

8. Жеке немесе жұптық жұмыс: Деңгейлік тапсырмаларды аяқтаған оқушыларға жекелей, кейбір оқушыларға жұптасып орындайтын тапсырмалар беріледі. Оқушылардың орындау барыстарын қадағалай отырып, қателіктерін түзетіп өтеді. Кейбір оқушыларға бағыт-бағдар береді. Бағалауға нұсқау береді.

Аудио тыңдалымнан металдардың әртүрлі саладағы маңызы туралы ақпараттар алады, өзара ой түйеді.

 

Әр топ өз атауына сәйкес постер қағазына Металдардың маңызды ақпараттарынан Ассоциация құрып, әр топтан бір-бір оқушыдан тақтаға шығып қорғайды. Келесі топ мүшелері формативтік бағалау білдіреді. Топ басшылары бағалау критериларын ескере отырып топ мүшелерін бағалайды.

 

Алдын ала дайындалған дайындалған ғалымдарға арналған орындықтарға Металдар жөнінде жан-жақты мамандаған 6 ғалым маман жайғасады. Тілшілер ғалымдарға сұрақтар қояды:

Физикке:

·  Металдардың жалпы қасиеттері қандай және бейметалдардан қандай айырмашылықтары болады?

·  Металдардың кристалдық торларының пішіндері қандай болып келеді және оларға мысал келтіріңіз;

·  Металдар тығыздығына, балқу температурасына және қаттылығына байланысты қалай жіктеледі?

Физик металдардың физикалық қасиеттерін, ерекшеліктерін, кристалдық торлары типтерінің макеттерін мысалдар келтіре отырып баяндап өтеді.

Биологке:

·  Химиялық элементтер тірі ағзада кездесуіне байланысты қалай жіктеледі?

·  Металдардың ағзада жетіспеушіліктерінен немесе шамадан тыс артып кетуінен қандай аутқушылықтар байқалады?

·  Ағзаға қажетті металдарды қандай тағам түрлерінен немесе дәрі – дәрмектерден алуға болады?

Биолог металдардың тірі ағзадағы жіктелуін, маңызын, әсерін баяндап, қандай тағамдар құрамында болатындығын атап өтті.

Геогрофке:

·  Металдар ҚР  аумағының қай жерлерінде кездеседі?

·  ҚР металдар өндіретін қандай ірі кен орындар бар?

·  Қандай металдар өндіруден ҚР әлемде алдынғы орындарда болып келеді?

Геогроф металдардың таралуын, өндірілу мөлшерін, ірі кен орындары жөнінде баяндап, ҚР қазба байлықтары картасынан таралу аймақтарын көрсетіп өтті.

Тарихшыға:

·  Ата — бабаларымыз ертеде қандай металдарды пайдаланған және не үшін?

·  Ғалымдар металдарды қай кезден бастап ала бастады?

Тарихшы металдардың қолданылу кезеңдерін, көне атауларын, қолданылу салаларына тоқталып өтті.

Химикке:

·  Металдар қандай заттармен әрекеттеседі?

·  Беталдардың белсенділік қатарын кім жасады, заңдылығын түсіндіріңізші?

·  Металдардың алыну теңдеулерін жазып беріңізші?

Химик металдардың периодтық кестеде орналасуы, кернеу қатарын, химиялық қасиеттерін тоқталып, периодтық кестеден металдардың орнын көрсетіп өтті.

Технологке;

·  Металдарды алудың қандай әдістері бар?

·  Металдарды қай салаларда кеңінен қолданылады?

· Металдардың жемірілуі дегеніміз не және олармен күресудің қандай жолдары бар?

Технолог металдардың өндіру әдістерін, жемірілу және онымен күресу жолдарын, қолдану салаларына тоқталып өтті.

Әр кім өз-өз орындарына жайғасады.

Әр топтан бір-бір оқушыдан тәжірибе орындаса, екінші оқушы тәжірибе барысын түсіндіреді, ал топтың үшінші оқушысы реакция теңдеуін жазады. Қалған оқушылар зертханалық жұмысты дәптерлеріне орындайды.

Не істелдіНе байқалдыҚорытынды
1   
2   
3   

І топ оқушылары металдық натрийдің кесегін пышақпен кезіп алып табақшадағы суға салған кезде натрий отшаша отырып, жүгіріп жүріп шабытты әрекеттесті. Нәтижесінде сутегі газы бөлініп, су сілтіге айналды. Оны индикатор қағазымен тексергенде көк түске айналды. Реакция барысын түсіндіріп, химиялық теңдеуін жазып көрсетті. 2Na+2H2O=2NaOH+H2

ІІ топ оқушылары сынауықтарға магний, мырыш және мыс кесектерін салып, қышқыл құйды. Магний және мырыш салынған сынауықтарда реакция шабытты жүріп, сутегі газы бөлінді, ал мыс сымы салынған сынауықта реакция байқалмады. Бұны кернеу қатары заңдылықтарымен түсіндіріп теңдеулерін жазып көрсетті. Mg+HCl=MgCl2+H2, Zn+HCl=ZnCl2+H2

ІІІ топ оқушылары сынауыққа мыс сульфаты ерітіндісін құйып оған мырыш пластинкасын батырғанда, пластинканың сыртын мыс қаптады. Керсінше жасаған кезде реакция байқалмады. Реакция барысын кернеу қатары заңдылықтарымен түсіндіріп теңдеулерін жазып көрсетті. CuSO4+Fe=FeSO4+Cu

 

Натрий – Na

Мен – натрий сілтілік жеңіл металмын,   Өзім жайлы баяндауға бет алдым

Алуан түрлі қасиетім бар бойымда,     Қосылысым сабынның да бойында

Бу түрінде сары түске енемін,        Суды да айналдырам сілтіге

Су бетінде еріп жүре беремін,        Мен ауаға сутекті де бөлемін

Тұздарыммен астың дәмін кіргізем,    Сол арқылы зор пайдамды тигізем

Қосылыста да сары түсті буыммен,   Зымыранды көз алдыңда жүргізем

Мыс – Cu

Жеңілтектік бар екен бір өзіңде,  Салмағың да сай екен мінезіңе.

Бізге кезек мақтанбай бер, натрий,   Қажет металл өмірге бір өзің бе?

Мен созылғыш, жұмсақ металл мыс деген,   Өмір бақи қолданыстан түспеген

Адамзатқа қажеттігім соншалық,    Мені өндіріп алады ғой күшпенен.

Табиғаттың орын алған төрінен,     Ең әдемі қызғылт түспен көрінем.

Екі түрлі валенттілік көрсетіп,     Басқалардан ерекше боп бөлінем.

Күміс – Ag

Мен күміспін, асылмын бара бармын,   Ақша болып қоғамда дараландым

Бұйым жасап зергерлік мына менен,    Ерекше боп мәртебем бағаланды.

Менің емдік қасиетім тағы бар,      Мүмкін болса күміс қасық тауып ал,

Сол қасықпен иондарым бөлінген ,    Ішкі ағзаңа шипагер боп табылар.

Әрбір айтқан сөзімді ақтай алам,      Бұзылудан суыңды сақтай алам.

тұрмыста да, өмірде де мен өзімді,    Қай жағынан алсаң да мақтай алам.

Мырыш – Zn

Күмісжан, жараспайды безілдеуің,   Ерекше мақтадың ғой өзіңді-өзің

Басқада бар қасиет менде де бар,   Келді енді сөйлей тұғын менің кезім.

Жарайды, өзіңді-өзің  мақтап-ақ қой,   Мақтау сірә, сізге жаққан-ақ қой

Цинктің латыншасы цинкум дейді,   Қазақша мағынасы “ақ қабат” қой

Металл көп жөнді-жөнсіз мақтанатын.   Көбінде бар кемшілік тоттанатын.

Соларды тоттанудан сақтап жүр ғой,   Сыртынан мына менің “ақ қабатым”

ТЕМІР – Fe

Жер әлемге кең тараған темірмін,   Өндірістің тұлғасы боп көріндім

Қара металл патшасы боп танылдым,    Иесімін өте үлкен сенімнің.

Карапайым үйде де тұрмыстарда,   Дамып жатқан ең алып құрылыстарда,

Мені білмес адам баласы жоқ,    Мен қатыспас техника саласы жоқ.

Тарихымның тарихы терең жатыр,   Египет пен Индиядан келе жатыр.

Шойын, болат, прокат құймаларым,  Замананың дамуын демеп жатыр

Никель – Ni

Несіне темір батыр мақтанасың?   Шыдамай коррозияға таттанасың?

Болсаңда қанша мықты кең тараған ,  Тотықсаң шіріп сен де жоқ боласың

Кәдімгі мен боламын никель деген,   Адамдар қажетіне икемдеген

Өзіндік әр металда қасиет бар ,   Соларды, тындаушым, білсең деп ем

Қажетті зат бекер жерде жатпайды,    Меніменде метал бетін қаптайды

Тотықпайтын қасиетім арқылы ,     Темірді де жемірілуден сақтайын

 

Жіберілген тыңдалымды мұқият тыңдап, жазылған тапсырмаларды оқи отырып, қандай металдардан жасалғандығын бақылай отырып, баяндайды, қолданылу салаларын айтады. Дәптерлеріне жазады.

Таратылған деңгейлік тапсырмаларды бірден әркім өз әліне байланысты немесе барлығында орындауларына болады.  Топ басшылары тексеріп сәйкесінше бағалау парақтарына ұпай сандарын қойып отырады.

І топ

А.Мына металдарды металдық қасиеті өсуі бойынша орналастыр: Калий, Цезий, Алюминий, магний;

В.Мына қосылыстағы кальцийдің массалық үлесін анықта: Са3(РО4)2;

С.Массасы 5,4 алюминийді еріту үшін қанша грамм тұз қышқылы қажет;

ІІ топ

А. Төмендегі элементтердің арасынан металдарды тауып, периодтық жүйедегі орнын көрсетіңіздер: Темір, хлор, иод, натрий;

В.Мына қосылыстағы темірдің массалық үлесін анықтаңыз: Ғе(ОН)3;

С.Массасы 180г темір (ІІІ)  сульфатынан қанша грамм темір (ІІІ) гидроксидін алуға болады;

ІІІ топ

А.Темірдің ІІІ валентті оксидінің, гидроксидінің және сульфатының формулаларын жазыңыз;

В.Мына қосылыстағы алюминийдің массалық үлесін анықтаңыз: Al2(SO4)3;

С.Массасы 10,6 г натрий карбонаты тұз қышқылымен әрекеттескенде (қ.ж.) қанша литр көмірқышқыл газы түзіледі;

Қайсысы артық:

А)Натрий, Кальций, Марганец, Ә)Мыс, Күміс, Магний, б)Натрий, Алюминий, Варий

Кестені толтырыңыз:

Мына айналымдарды жүзеге асыратын химиялық теңдеулерін жазыңыздар:

a)      Na→Na2O→NaOH →Na2CO3→CO2

b)      Fe→FeCl3→Fe(OH)3↓→Fe2O3→Fe2(SO4)3

c)      Cu→CuO→CuSO4→ZnSO4→Zn(OH)2

Қоры-тынды

5 мин

 

 

Сабақ барысын толық бағалауға нұсқау беру. Оқушылар бағаларын саралай отырып журналға түсіреді. Рефлексия парағын тарату. Үйге тапсырма беру. Сабақты аяқтау, оқушылармен қоштасу.Топ басшылары топ мүшелерінің бүкіл сабақ бойынша белсенділігіне қарай сәйкесінше ұпайларымен бағалап, оны бағаға алмастырады. Бағалау нәтижесіне коментарий береді. Рефлексия парақшаларына сабақтан алған әсерлерін жазып тапсырады. Үй тапсырмасын жазып алып, мұғаліммен қоштасады.
Сабақтың өзіндік талдауы: Оқушылармен сәлемдесіп, класс оқушыларын түгелдеп, сыныпты үш топқа қағаз қиындылары арқылы бөлдім. Қорытындылау сабағы болғандықтан ой қозғау мақсатында  «Металдардың маңызы» тақырыбында аудио тыңдалым жіберілді. Содан соң үш топқа өз атауларына сәйкес «Кальций», «Алюминий» және «Темір» тақырыптарына постер әзірлеу жұмысы берілді. Оқушылар топтасып жұмысты аяқтап, бір – бір оқушыдан шығып тақтада қорғады. Келесі топ мүшелері жұмыс барысына «Екі жұлдыз, бір тілек» білдірді.

Конференция бөлімінде тілшілер арнаулы маманданған ғалымдарға сұрақтар қойды. Геогроф «Қазақстан Республикасы қазба байлықтар картасынан» металдардың таралу аймақтары мен кен орындарын көрсете кетсе, химик «Химиялық элементтердің периодтық кестесінен» металдардың орынын көрсетті. Басқа ғалымдар өз салалары бойынша ауызша баяндап берді. Интерактивтік тақтадан сәйкесінше әр салада мәліметтер мен кестелер, суреттер жіберіп отырдым. Кейбір терминдерді айтуда қателіктер жіберілді. Уақыт тиімді жұмсалынды.

Зертханалық бөлімде әр топқа жеке – жеке тапсырмалар берілді. Топтан бір – бір оқушыдан тәжірибе жүргізсе, екінші оқушы тәжірибе барысын түсіндіріп отырды. Қалған оқушылар тәжірибе барысын, не байқалғандығын және қорытындысы мен химиялық теңдеуін арнайы парақшаларға жазып, тақтаға ілінген «Не істелді, не байқалды, қорытынды» кестесінің  сәйкес орындарына жапсырды. Оқушылар кестені орындарынан дәптерлеріне жазып отырды.

Металдар айтысы бөлімінде алдын ала дайындалған 6 металл ортаға шығып жаттауларын рет-ретімен баяндап шықты. Интербелсенді тақтадан слайд арқылы әр металға сәйкес мәліметтер жіберіліп отырды. Бұл бөлімнен кейін «Металдар үлгілері» тақырыбында мультимедиалық көрсетілім жіберілді. Бұнда қандай металдар және олардың құймалары көрсетілгенін анықтау керек болды. Оқушылар темір, алюминий, мырыш, мыс, алтын, күміс тағы басқа металдарды және олардың құймаларын көргендігін айтып шықты.

Деңгейлік тапсырмалар бөлімінде А, В және С деңгейіндегі тапсырмалар берілді, әр оқушы өз деңгейіндегі тапсырмаларды орындады. С деңгейінің тапсырмаларын Айжан, Гүлнұр, Әсет, Нұралы, Асыланбек орындаса, В деңгейін біраз оқушы орындады, А деңгейін Әсел, Әсемгүл, Әсемгүл орындап, сәйкес ұпайларын алды. Тапсырманы ерте аяқтаған оқушыларға жеке және жұптық жұмыстар берілді. Бұл тапсырмаларда 3 түрлі деңгейде әзірленді: айналымдарды орындау, семантикалық карта толтыру, артығын табу тағы басқа. Сабақ мақсатына жетті, жоспарланған тапсырмалар орындалды, тәжірбе нәтижелі жасалынды. Бағалау кезінде бірінші және екінші топ өздерін сәл төмендеу бағаласа, үшінші топтың кейбір оқушылары өздерін тым жоғары бағаланған.  Сабақ жоспарлары уақытқа сәйкес орындалды, уақыт дәл келді. Үйге тапсырма беріліп, сабақ аяқталынды.

 Сабақ бойынша өзгертулерСлайд фоны нашарлау болды, анықтау фон салу керек, бағалауды жүйелеу керек. Терминдермен нақтырақ жұмыстану, сөздік қорларын тиянақтау. Есеп шығару шеберліктерін жетілдіру, В және С деңгейлі оқушылар санын артыру, тапсырмаларды әлі де күрделендіре түсу. Дәптермен жұмысты күшейту.