М.Қашқари өмірі, шығармашылығы

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы
Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Хайрушева Мира Шайхуллақызы

Пәні Қазақ әдебиеті Сыныбы: 8 «а»
Тақырыбы: М.Қашқари өмірі, шығармашылығы
Мақсаты: Дүниежүзілік мәдениетке айтарлықтай үлес қосқан, Қарахан әдебиетінің негізін салушылардың бірі,ірі филолог ғалым, әдебиет жинаушы Махмұд Қашқари еңбектерінің негізгі идеясын, мазмұнын түсіндіру.
Күтілетін нәтиже: • оқушылардың сөздік қорын молаяды
• ойлау қабілетін дамытып, өз ойын жүйелі түрде жеткізе білуге дағдыланады;
• жуан және жіңішке сұрақтарды қоя біледі
• М.Қашқаридің «Түркі сөздерінің жинағы» еңбегінің мазмұнын меңгереді.
• Мақал-мәтелдердің мағынасын аша отырып, ойын еркін айта алады.
Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Ұйымдастыру
Амандасу, Түгендеу, Топқа бөлу
Оқушыларды топқа бөлі әдісі стикерлерді суыру арқылы жүзеге асады Амандасады
Кезекші сұхбатқа тұседі
Топқа бөлінеді
Ой қозғау
«Миға шабуыл» әдісі. Фото-дерек. (тақтада ежелгі дәуір әдебиетінің өкілдерінің портреттері)
— Әл-Фарабидің туған жері және өмір сүрген жылдары. (870-950 ж.ж. Отырарда туған.)
— Ахмет Йасауи (ХІІ ғ. Сайрамда туған)
— Жүсіп Баласағұни (1015-1016 ж.ж. Баласағұн қаласында туған.)
— Махмұт Қащқари (1029-1030 ж.ж. Барысханда туған.)
«Ой қозғау». Әр топтың алдына сөздіктер және А-4 қағазын тарату. Оқушылар сөздік деген үғымды ашқаннан кейін,жаңа сабаққа көшу Оқушылар ойланады, сөйлем талдайды, сұрақтарға байланысты баяндайды
Мағынаны тану

Топтық тапсырма:
1-топ: М.Қашқари туралы жалпы мәліметпен таныстырады (презентация)
2-топ: Шығармашылық жолы туралы ақпарат береді
3-топ: Диуани лұғат ат түрік еңбегі, зерттелуі туралы мәлімет (презентация)
4-топ: Еңбектің негізгі идеясы, мазмұны туралы мәлімет береді


Дайын болған таныстырылымын топ атынан оқушылар қорғайды. Қорғаушы оқушыны стикер тастау арқылы анықтау

Топтық жұмыс.

1,3-топ: М. Қашқаридың «Жаз бен қыстың айтысы» өлеңін оқытып талдау.

2,4- топ: «Қордайдың аққу-қазы қаңқылдайды»өлеңін сатылай кешенді талдау.

1.Авторы : Махмуд Қашқари
2.Тақырыбы: Түркі халқы өлеңіндегі табиғат суреті
3.Жанры: Поэзия,өлең (аударма)
4. Идеясы : Жаз мезгілінің әдемілігін таныту
5.Тармақ: 10 тармақты
6.Бунақ: 2 – 3 бунақты
7.Буын: 11 – 12 буынды
8.Ұйқастүрі: аралас ұйқас (а-а-б-б-в-г)
9. Әдеби теориялық ұғымдар:
9.1.Алмастыру — төске алып тау самалын, нұр шашылды,
сұлулық көзді тартты, жердің қаймағы
10.Тәрбиелік мәні: Жас ұрпақты сұлулықтың мәнін түсінуге, табиғаттың әдемілігін
сезіне білуге тәрбиелейді.

Жұптық жұмыс: Толықтыруды қажет ететін тест.
1-топ:Диуани лұғат – ат түрік еңбегінің негізгі идеясы ………….
М.Қашқари — ………
2-топ: М.Қашқари …………аралығында өмір сүрген
Махмұд Қашқари – түркінің тұңғыш …………………………………………………………….өркенін өсірген ғұлама.
3-топ: Махмұдтың әкесі белгілі қолбасшы, Барысханның әмірі болған.
Өз заманының аса білімдар ………………………………… ретінде танылады.
4-топ: Қашқари сөздігінің әдебиетіміз үшін аса бір құндылығы — ………………………………………….
Оның әкесі ………………….. болған.

Жұптық жұмыс. Сәйкестендіру тест жұмысы


 «Ғалымдар » Еңбектері

 1. М. Қашқари «Диуани лұғмат ат-түрік»
 2. Ж. Баласаұни «Құдатғу білік»
 3. Қ. А. Яссауи «Даналық»
 4. Әл-Фараби «Өлең кітабы»
 5. А. Иүгінеки «Ақиқат сыйы»

Ғалымдар Ғұмыр кешкен мерзімі

1. М.Қашқари
2. Ж.Баласағұни
3. Қ.А.Яссауи
4. Әл-Фараби
5. А.Иүгінеки
Оқушылар таныстырылым дайындайды
Берілген топтық, жұптық тапсырмаларды орындап отырады
Ой толғаныс Топтық жұмыс:

Оқушылар топпен бірлесе отырып, өз пікірлерін білдіреді.
Бағалау
Марапаттау, ынталандыру, 2 жұлдыз, 1 ұсыныс, кері байланыс, «Сұхбат алу» әдісі Әр топ мүшелері басқа топтарға 2 жұлдыз, 1 ұсыныс береді. Бағалау қорытындылары бойынша кері байланысқа түседі.
Үй тапсырмасы
Жаттау, реферат