Қазақ тілінің қоғамдық рөлі

Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілінің қоғамдық рөлі. Сабақтың мақсаты:

а)  білімділік: оқушыларға қазақ тілінің қоғамдық рөлі жайлы толық мәлімет
бере отырып олардың ой-пікірін қалыптастыру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту.


б)  тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жүмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жү_мыс жүргізу.


Сабақтың типтері: үйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сүрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

а)  Үйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
  3. Журнал бойынша түгелдеу.
  4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сүрау.

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сүрау.
  2. Жаттығу жүмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
  3. Дәптерлерін алмастыру.
  4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Қазақ тілінің қоғамдық рөлі» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Адам баласы ес білген кезінен бастап айналадағы жаңа үғымдарды ана тілі арқылы қабылдап, олардың мәнін түсіне бастайды. Қоғамдық, әлеуметтік, мәдени, рухани байлықтарды адам ана сүтімен бірге қабылдап, туған тілі арқылы игеріп, игілігіне жаратады. Ана тілі аркылы адамдар бір-бірімен сөйлесіп, ойын жеткізеді, пікір алысады. Ана тілінде халқымыздың өрісін көрсететін әдеби, мәдени туындылар жасалады.

Ана тілі -халқымыздың өмір сүріп, қоғамды жаң-жақты дамытып отыруынын әрі көрінісі, әрі кепілі. Өйткені, біріншіден, ана тілі халқымыздың (қазақ халқының) дүниеге


келіп, өмір сүруіне тікелей байланысты, екіншіден, ана тілін ұмытып, ана тілінде сөйлемеген, ана тілінде тәлім-тәрбие ала алмаған халықтың келешегі жоқ. Себебі ол халық біртіндеп тарих сахнасынан шығып қалады.

Өз ана тілін білмеген, қадірлемеген адам өзін дүниеге әкелген, мәпелеп өсірген анасын да, ел-жұртын да, Отанын да сүйе алмайды.

Тіл, ең алдымен, адамдар арасындағы қатынас қүралы болғандықтан, ол белгілі бір адамдар арасында, қоғамда өмір сүреді де, сол ортада қоғамдық қызмет атқарады. Тілдің адамдар арасындағы қатынас қүралы болуы деген сөз — адамның бір-біріне ойын жеткізіп, түсініп алуы, сөйтіп, бір-бірімен қатынас жасауы, сөйлесуі. Мысалы, мұғалімнің сабақ түсіндіруі, одан оқушының жаңа үғымдар арқылы білім алуы, түсінбегенін мүғалімнен сүрауы немесе оқушының сабақ айтуы, білгенін түсіндіруі, мұғлімнің сүрақ қоюы, оқушының оған жауап беруі — осының бәрі тілдің қатынас қүралы болуы арқылы іске асады.

Қазақ тілінің қоғамдьщ ызметі үй ішінде отбасы мүшелерінің арасындабір-бірімен түсінісіп, сөйлесу үстінде, оқу орындарында білім алу, тәрбие беру істерінде, жұмыс орнында, үжымда адамдардың бір-бірімен қатынас жасауы кезінде жүзеге асады. Осыған байланысты қазақ тілі оқу-ағарту, білім-тәрбие саласында, мәдени өмірде (мысалы, театр, концерт, ойын-сауық кештері және т. б.), қоғамдық-саяси емірде (әр түрлі ресми жиындар, қүрылтай, жиналыстар), ғылым саласында, іс-қағаздар ісінде, т. б. өз міндетін атқарып, халқына қызмет істеп келеді.

Жастайынан қиялыңды қияға өрлеткен ғажайып ертегілер, шыншыл да сыршыл аңыз-әңгімелер, ерлікті, елдікті дәріптеген батырлар жырлары, шынайы махаббатты мүрат еткен әсем де әсерлі ғашықтық, лиро-әпостық жырлар, береке-бірлікті мақсат еткен өткір де өміршең шешендік сөздер, халық даналығы — мақал-мәтелдер ана тілінде дүниеге келіп, әрбір адамға сол ана тілінде жетіп отырады. Ана тілінде тараған осындай халык мұраларынан ғибрат аласың, оларды өміріңе өнеге етесің. Одан жақсы, жаманды танып әсерленесің, білуге, білім алуға деген қүштарлығың артады. Абайдың даналығына, Махамбеттің батылдығына, Бүқардың ақылгөйлігі мен халкына деген жанашырлығына, Абылайдың данышпандығына, Бөгенбай мен Қабанбайдың ерліктеріне сүйсініп, рухани өміріңе азық етесің. Сондықтан ана тілінің қиын тағдыры үшін күйінуге де, өсіп-өркендесе шаттануға да тиіс боласың.

Ана тіліңнің күші мен қүдіретін туған халқымыз әуелден-ақ бағдарлап, сөз өнерін бар өнердің басы деп санады. Мысалы, «Өнер алды — қызыл тіл», «Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады», «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы -Майқы би», «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар», «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі», «Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітірген», т. б. сөздер халқымыздың орынды сөзге қандай мән бергенін көрсетеді. Ата-бабаларымыз өзінің асыл мүрасы — тіл өнерін келер ұрпағына жеткізіп, оны аялап, қастерлеуді тапсырып отырған.

Оқушылар, сендер осы ата мүрасының бүгінгі иесісіңдер. Сондықтан ана тілінде дүрыс сөйлеп, дүрыс жаза білу әр адамның азаматтық парызы болып саналады.

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соц жаттығу жүмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 1-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін: Ана тілі, сөз өнері туралы төмендегі мақал-мәтелдердің мәнін айтып беріңдер. Тіл жайында басқа тағы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

Келесі орындалатын тапсырма: 2-жаттығу жүмысының шарты: Тіл туралы айтқан ақын ойларын түсіндіріңдер. Толғауы тоқсан қызыл тіл тіркесінің мәнін таратьш айтыңдар. Абай өлеңдеріндегі ауыспалы мағынада колданылып түрған сөздерді теріп жазыңдар.

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сүрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  3. Үйге тапсырма: өзіндік жүмыс: тіл туралы мақал-мәтелдер, ақындардың айтқан
    нақыл сөздерін жазып келіңдер.