Қытай ашық сабақ

Сыныбы: 8 дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §8. Қытай.

Сабақтың мақсаты:


  • Қытайды маньчжурлардың жаулап алуына себеп болған жағдайларды ашып көрсету. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы Цин империясының мемлекеттік, саяси-әлеуметтік құрылысына сипаттама беріп, жүргізген соғыстарының басқыншылық сипатына оқушылардың назарын аудару. Қазақ-қытай қатынастарында екі жақтың көзеген мақсатын анықтап, сауда байланыстарының екі ел үшін де тиімді болғанын көрсету.
  • Қытай тарихын жан-жақты оқыта отырып, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту;
  • Өзге елдің тарихын қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілігі: «Орта ғасырлардағы Қытай мен Үндістан» картасы, «1779-1786 жылдарға дейінгі отарлық иеліктер».

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп, түгелдеу
  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Жапония еліне саяхат сабағынан алған әсерім» тақырыбында эссе


Терминдермен жұмыс

  1. Сегун – Жапония елінің әскери қолбасшысы
  2. Си-но-ко-се – Сегунаттың әлеуметтік құрылысының сословиелік жүйесі
  3. Си – самурайлар
  4. Но – шаруалар
  5. Ко – қолөнершілер
  6. Се – саудагерлер
  7. Синтоизм – жапондықтардың діни нанымдарына, табиғат күштеріне табыну сенімдеріне байланысты дін.

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Халықтың жағдайы.
  2. Қытайды маньчжурлардың жаулап алуы.
  3. Цин империясының мемлекеттік, саяси-әлеуметтік құрылысы.
  4. Цин империясының жүргізген басқыншылық соғыстары.
  5. Қазақ-қытай қатынастары.
  6. ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. Қытайдағы егіншілікпен сауданың дамуы.
  • Маңызды оқиғаларды дәптепге түсіру.
  • 1644 ж.- Маньчжурлар Пекинде өкімет билігін өз қолына алды.
  • 1644-1912 жж.-Қытайдың Цин империясы деп аталуы.
  • 1755-1757 жж. –Жоңғар хандығын бағындырды.
  • 1759 ж.-Цин империясы Шығыс Түркістанды өзіне бағындырды.
  • ХҮІІІ ғ. бірінші жартысы-Қытайдың қазақ хандықтарымен байланыс жасау кезеңі.
  • 1757 ж. Еуропалықтардың Қытайға келуіне тыйым салынды.

 

Қазақ – Қытай қатынастары

Миға шабуыл (Қазақстан тарихынан өткендерін еске түсіру)

  • Қытай хандығы қай кезден бастап қазақ хандығымен байланыс жасай бастады? (18 ғ І жартысы)
  • Қазақ- қытай қатынастарында маңызды орын алған мәселе? (Жер мәселесі)
  • Қытайлар қай хандыққа қарсы күресте қазақтарды өздерінің одақтастарымыз деп санады? (Жоңғария)

 

Қазақ – Қытай қатынастары

 

Одақтас
Қарсылас

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Қазақтар мен Қытайлар арасындағы жер дауын шешу мақсатындағы дипломатиялық келісім шарттар;
  2. Шыңжаңдағы ресми қазақ-қытай саудасы дамыды.

ІV. Сабақты бекіту.

 «Мұны әркім білуі тиіс» ойын

  • Қытайды маньчжурлардың басып алуына қандай жағдайлар себеп болды?
  • Цин империясының мемлекеттік құрылысы қандай болды?
  • Қандай себептерге байланысты қытайды басып алған маньчжур билеушілері соғыстар жүргізді?
  • Қай уақытта және қандай оқиғалардан соң қазақ-қытай байланыстары дами бастады?
  • Қытай экономикасының қандай салалары жақсы дамыды?
  • ХҮІІІ ғасырда Қытай неліктен оқшаулану саясатын ұстанды?
  • Ірі сауда орталықтары болған қалаларды атаңдар.

Сәйкестендіру

(Болған оқуғаларды уақытымен сәйкестендір)

Ли Цзычэн Пекинді басып алды                  1755 жылы

Шун-чжи билік еткен жылдар                     1755-1757

Жоңғар мемлекетін бағындырған жыл       1736-1796

Цяньлун император болған жылдар            1644-1661

Қазақ хандығына алғашқы қытай делегациясы    1644

  1. Бағалау. Сабаққа белсене араласқан оқушыларды бағалау

VІ. Үйге тапсырма: §8. Қытай