Қазақ даласындағы ән-күй өнері

 

Сабақтың  тақырыбы :  Қазақ  даласындағы  ән-күй  өнері .

Сабақтың   мақсаты :


Білімділік:    Қазақ халқының  ұлттық   музыкалық   мәдениетінің   ерекшелігін  аша  отырып, оқушыларға қазақтың  ұлттық  ән-күй  өнері  мен  оның   дамуы  туралы  нақты  мағлұмат  беру .

Дамытушылық :    Рухани  мәдениетке  деген көзқарастарын  қалыптастыру , өз  беттерінше мәдени құндылықтарды түсіне  білу  және  оларды   бағалай   білу   қабілеттерін   дамыту .

Тәрбиелік :     Рухани   құндылықты   құрметтеуге   үйрету, халқымыздын   ұлттық   мәдениетіне  деген      сүйіспеншілігін  ояту, адамгершілікке , парасаттылыққа    тәрбиелеу .

Сабақтың  түрі: аралас

Сабақтың  әдісі:  топпен жұмыс .

Пәнаралық  байланыс:  әдебиет .

Сабақтың көрнекілігі:  оқулық , кесте, лездік  сұрақтар, нақыл сөздер,тест .


Сабақтың  барысы:

Ұйымдастыру  кезеңі ( амандасу , сыныпты түгелдеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару )

Үй   тапсырмасын  сұрау :

1-ТОП :   1. Дәстүрлі  әдет-ғұрыптар  бойынша сипатта .

2.Әдет-ғұрыптар  қандай  тармақтарға  бөлінеді .

3.Халық  арасында   сәбидің  дүниеге  келгенінен  бастап   өтетін  мерекелерді ата .

 

2-ТОП : 1.Наурыз мейрамының   қазақша  мағынасы қалай ?

2.Наурыз мейрамы   қалай  тойланады  ?

3.Наурызға  қатысты   қандай   бата-тілектер білесіндер және     «Ұлыстың  ұлы күні» деп   қандай  күнді  айтамыз  ?

 

3-ТОП : 1.Қазақтын  қандай  дәстүрлі  ұлттық  ойындарын  білесіндер ?

2.Наурыз  мерекесін қазақ  халқы қай  кезден  бастап   тойлады ?

3.Наурыз көже  қанша  түрлі  тағамнан жасалады ?

Әр топтан бір-бір  оқушы : жарапазан , бата , салт-дастүрге байланысты слайд көрсетеді .

Жаңа  сабақтың  жоспары :

1.Дала  әуендері :

2.Ұлттық  музыка  аспаптары :

3.Ән –куй  өнеріндегі  белгілі  тұлғалар :

Оқушылар   сабақтың мақсаты мен таныстырылады.

Мұғалім сөзі  және қосымша мағұлмат .

Музыка өнері халқымыздың дамыған  ежелгі  рухани  мәдениеттерінің  бір  саласы болып  табылады .Халқымызда  ежелден  қалыптасқан   дәстүр  бойынша  адам  дүниеге келіп  (бесік  жыры ) о  дүниеге әнмен яғни

(жоқтау ) рәсімі  арқылы дүниеден  өтеді .

Музыка  өнері қазақ  халкымен бірге жасасып келеді .

Күй  өнері – орындау мәнері бойынша   төкпе  және шертпе күй болып 2-ге бөлдінеді .   Күй  өнерінің майталмандары :Құрманғазы , Тәттімбет , Дәулеткерей , Қазанқап , Сүгір ,  Ықылас , Дина Нурпейісова .

Қазақ халқының ән өнеріне  келетін  болсақ  , арғы замандағы ән өнері туралы дерек аз.

Біз соған байланысты тек 19 ғасырлардағы Біржан сал, Ақан сері ,Үкілі Ыбырай ,Жаяу Мұса, Майра ,Сара ,Естай сияқты ұлы  өнерпаздарды білеміз .

Әр  топтын  оқушыларына  мәтінмен жұмыс жасатамын :

1-ТОП :1.Төкпе  күйдің  майталманын  ата :

2.Қазақтын ән  өнерінің  аса  дамыған  орынын ата :

3.Күй  атасы – Қорқыт  туралы  не білесін ?

 

2-ТОП :1.Атақты  күйшілерді  ата :

2.Күйлер неше  түрге  бөлінеді  және қандай ?

3 .Құрманғазының  шәкірті кім ?

3-ТОП :1.Қазақтын музыкалық  аспаптарын  ата және домбыра ,қобыздын  құрылысын   суретте .

2.Аса  көрнекті  композитор  Дәулеткерей  Шығайұлының  нешеге жуық  күйлері сақталған және  халықтың  несін  бейнелей   жазған .

3.Тәттімбеттін  кандай  күйлері   бар ?

Жаңа  сабақты бекіту :   Әр  топқа  шағын тест .

1-ТОП :1.Қобыз  атасы   кім  ?

А)Құрманғазы             В) Майра                С)Қорқыт               Д)Тәттімбет

2.Ықылас       Дүкенұлы         қай        жылы            өмір         сурген  ?

А) 1843-1916жж    В)1806-1879жж        С)1815-1862жж     Д)1820-1887жж

3.Үкілі Ыбырай , Жаяу  Мұса , Майра қай  ғасырдың   өнерпаздары  ?

А) 20ғ                  В)19ғ                            С)18ғ                            Д)19ғ

2-ТОП:1.Қорқыт  ата  9-10ғ.ғ.  өмір сүрген, қандай    тайпадан  шықты  ?

А)Қимақ    В)Оғыз                С)сақ                   Д)Ғұн

2.Көбік шашқан , Қайран шешем ,Түрмеден  қашқан  күйлері   кімдікі  ?

А)Тәттімбеттің    В)Динаның    С)Құрманғазының        Д)Ықыластың

3.Шертпе  күйдің   тамаша  үлгісін  жасаған  кім  ?

А)Қазанқап                 В)Шора               С)Сүгір                    Д)Тәттімбет

3-ТОП:1.Ықылас       Дүкенұлының     күйін    тап :

А)Жез Киік                   В)Ақсақ  Киік     С)Сылқылдақ         Д)Саржайлау

2.Жаяу  Мұсаның  әндері   қандай  ?

А) Ақ сиса           В)Балқадиша      С)Гәкку      Д)Жиырма  бес

3.1871ж   қазіргі Алматы обылысының  Қапал –Ақсу  өңірінде  Біржан Қожағылұлы (сал )    кіммен    айтысты ?

А) Айнұрмен                В)Сара мен      С)Ринатпен         Д)Ақан Серімен

Өзін-өзі  бағалау :

Үйге  тапсырма:  1-тапсырма      21-парагрфты оқу

2-тапсырма ;Белгілі  әнші  мен  куйшілердің  шығармаларын  жазып  келу .