Балалармен дос бола отырып, тәрбиелеу

Тақырыбы: «Балалармен дос бола отырып, тәрбиелеу».

 Мақсаты:Ата — анамен баланың арасындағы түсіністікті нығайту.

 Аудиториясы : 5 сынып


 Түрі:  Ата- аналар жиналысы

 Көрнекілігі: интерактивті тақта, түрлі ұлағатты сөздер мен мақал – мәтелдер, үнтаспа

 

Ұраны: « Достықта өмір сүрейік, балалар!»

(Жиналыс балалардың қатысуымен жүргізіледі)

Эпиграф

«Баланың болашақта қатарынан қалмай жақсы азамат болуы- әр ата- ананың ізгі арманы»                                                                                                                                                                                   Қ. Толыбаев


Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылар хормен:

О, ата- анам,

Таянышым, тірегім

Бар бақытты бір басыңа тіледім

Бізді жақсы болса екен деп қашанда

Лүпілдейді сенің жайсаң жүрегің

Сынып жетекші:

  • Қайырлы күн, оқушылар, ата- аналар! Мен бүгін сыныбымыздың ата- аналар жиналысын бастағалы отырмын. Құрметті ата- аналар жиналысқа қош келдіңіздер! Бүгінгі жиналысымызда мынадай сұрақтар қарастырылады.Қалай ойлайсыздар, неліктен ата- аналар балаларымен жиі ренжіседі, мүмкін бір- бірін түсінбейтін шығар. Балалары ата- анасының жұмыстан шаршап келгендігін түсінбесе,ата- аналарының өз балаларының қызығушылықтары туралы түсінуге де уақыты болмайды.Көптеген ата- аналар баладан талап етіп тәрбиелеуге бейім тұрады.Балаларға мұндай тапсырма нұсқаулар тыңдай беру ауыр тиеді.Осыдан келіп екі жақта түсініспеушілік пайда болады.

Қалай ойлайсыздар, одан да бірігіп  келісімге келіп достықта өмір сүрген жақсы емес пе?

Мен бүгін сондықтан жиналысты тренинг  түрінде өткізбекпін.

Жиналыс  бағдарламасы:

I «Сөйлемді аяқтау»

Ата аналар мен балалар екі топқа бөлінеді. Аналар бір жақта, балалар бір жақта болады.

 

  1. Жанұя бұл -……………..
  2. Менің ата — анам бұл ……………
  3. Менің баламның үрейі………..
  4. Отбасының тірегі ………………
  5. Үйдегі қорқыныш……………..
  6. Жанұядағы дәстүрдің бірі-…….
  7. Менің баламның ең асыл арманы……
  8. Жанұядағы мереке………….

II « Мен туралы қандай пікірде?»

Баланың  бойындағы барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, дұрыс білім алуына жағдай жасау- ата- ананың басты парызы. Бала – әр отбасының бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік.

(мектеп психологінің көмегімен)

Ата- аналары балаларының, балалары ата- аналарының сапалық қасиетін жазады. Балалар ата-ананың, ата- анасы баласының сапалық қасиетін айтып мақтану.

III «Сөзсіз түсінемін»

Ата- аналар балаларға  понтомимо арқылы жұмбақ жасырады. (жасырған понтомимосын  шешуі арқылы бала мен ата- ананың арасындағы қарым- қарынасты байқау)

IY  «Тосын сұрақ »

Ата – аналарға сұрақ қойылады.

Балаңыздың бойынан нені ұнатасыз, нені ұнатпайсыз?

Балаларға сұрақ қойылады.

Ата- анаң сен туралы не ойлайды?

Ү   «Тауып көр»

(Көңілді әуен ойнап тұрады)

Содан соң әр баланың көзі байланады ата- аналардың орны ауыстырылады, әр бала өз ата – анасын адаспай тауып биге шақыруы керек.

Үнтаспадан  «Парыз» хадисін  тыңдау.

Қабылданған шешім:

  1. Баламен көзбе- көз сөйлесіп, әр- түрлі жағдайда кеңес беру;
  2. Бір- біріне көбірек уақыт бөліп, бос уақытты қызықты өткізу;

ҮІ Қорытынды:

Балаларға

Сіздердің өмірлеріңізге жауапты  күн мен айларыңыздың амандығын тілеп, ешқашан көңілдеріне кірбің түсірмей, тәртіпті бола білсеңдер болғаны. Ата- ананы сыйлай біліңіздер!

Ата- аналарға

«Бұтағымен ағаш қымбат, ұрпағымен адам қымбат» дегендей өмірлеріңіздің жалғасы, көздеріңіздің нұры, тілегін тілеп отырған бауыр еттеріңіздің болашақтары сіздердің қолдарыңызда. Еліміздің жанашыр да,  адал,  парасатты ұрпағын сіз бен біз болып бірге тәрбиелейік.

 

 

Жиналыс соңында үлгілі оқушылар мен белсенді ата- аналарды марапаттау

«Оң қанатымыз әкеміз, сол қанатымыз анамыз, бауырларымыз аман болсын.Өйткені олар- біздің өткеніміз, бүгініміз, келешегіміз» деп жиналысты жабық деп жариялаймын! Қатысқандарыңызға көп- көп рахмет.