Мәтін және сөздің мағынасы

Сабақтың тақырыбы: Мәтін және сөздің мағынасы. Сабақтың мақсаты:

а)  білімділік: оқушыларға мәтін және сөздің мағынасы жайлы толық мәлімет
бере отырып олардың ой-пікірін қалыптастыру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту.

б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: калыпты сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сүрақ-жауап, сөздікпен жү_мыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып үжымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: үйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сүрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

а) Үйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
  3. Журнал бойынша түгелдеу.
  4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.                      »

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сүрау.


  1. Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
  2. Дәптерлерін алмастыру.
  3. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Мәтін және сөздің мағынасы» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Жаңа сабакты түсіндіріп болған соң жаттығу жүмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 18-жаттығу жүмысының шарты:Мәтіннен жалпылама қолданылатын қарапайым сөздер мен термин сөздерді ажыратыңдар. Терминдерді теріп жазып, ғылымның қай саласына катысты екенін айтыңдар. Осы мәтінге ат қойыңдар. Сол тақырып пен мәтін мазмүнынының байланысына назар аударыңдар. Терминдердің жазылуына мән беріңдер.

Келесі орындалатын тапсырма: 19-жаттығу жұмысының шарты: Мәтіндегі көп нүктенің орнына төменде берілген қажетті терминдердің тиістісін қойып жазыңдар.

Келесі орындалатын тапсырма: 20-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Мәтін мазмүнын түсініп оқыңдар. Оған ат қойыңдар.

.Келесі орындалатын тапсырма: 21-жаттығу жүмысының шарты: Мәтіннен басқа тілден енген сөздерді теріп жазыңдар. Мәтіндегі тірек сөздерді анықтаңдар. Олардың мәтін мазмүнына қатысын айтыңдар.

Келесі орындалатын тапсырма: 22-жаттығу жұмысының шарты: Орыс тілінен енген кейбір сөздердің қазақ тілі заңдылығына икемделіп өзгергеніне назар аударыңдар. Өздерің білетін осындай сөздерді естеріңе түсіріп дәптерлеріңе жазыңдар.

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сүрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  3. Үйге тапсырма: 23-жаттығу жүмысының шарты: Мәтіндегі көп нүктенің орнына
    қандай терминді қолданар едіңдер? Неге? Өздерің тұратын аймақта ғана қолданылатын
    қандай ерекше сөздер бар? Оларды әдеби түрімен салыстырып айтыңдар.