Біз және біздің болашағымыз

Тақырыбы: «Біз және біздің болашағымыз»

Мақсаты: баланың болашақ өмірге деген көзқарасына үлес қосу. Өзіне деген сенімділігін арттыру.

Түрі: тренинг сабақ


Көрнекіліктер: плакатқа салынған күн суреті.

Кіріспе сөз:

Сәлеметсіздер ме оқушылар. Бүгінгі «Біз және біздің болашағымыз» атты тренинг сабағына қош келдіңіздер. Сабақты бастамас бұрын тренинг ережелерімен танысайық

І.Тренинг ережелерін айту.

ІІ.Топқа бөлу.

Жүрекше және гүл бейнеленген қиындылар таратылады. Оқушылар қиындыларды құрастырып, екі топқа бөлінеді.

Бүгінгі сабақтың ашылуын шаттық шеңберінен бастайық.


ІІІ. Шаттық шеңбері.

  1. Танысу, сәлемдесу тренигі.

Нұсқау: Балалар бәріміз ортаға шығып, жылылық шеңберін құрайық. Қазір барлығымыз өз есіміміздің бас әрпінен басталатын жылы, жақсы сөздерді есімімізге қоса айтып танысамыз.

  1. Бүгінгі күніміз көңілді әрі жарасымды аяқталуы үшін өзімізге жақсылық және көтеріңкі көңіл тілейік.

ІҮ. «Әрқашан күн сөнбесін» жаттығуы

Нұсқау: Тақтада бұлт басқан күннің суреті ілінген. Әр топқа үш оқушыдан шығады, орындық қажет. Әр бұлтқа тапсырмалар берілген соларды орындау барысында күннің көзі ашылады.

1-бұлт:

«Сиқырлы жұмыртқа». Суретті жалғастыру ойыны. Берілген жұмыртқа түріндегі формаларға жаңа зат пайда болатындай етіп аяқтап сурет салу керек.

 

 

 

 

 

2- бұлт:

Жұмбақты шеш:

4 аяғы бар, 8 тұяғы бар, иегінде сақалы бар?(ешкі)

3-бұлт: Мына фигуралардан тағы қандай сурет салар едің?

 

 

 

 

4-бұлт:

Қай жерде қалалар үйсіз, өзендер сусыз,

Ормандар ағашсыз көрсетілген (карта)

Жаттығу соңы.

-Балалар әрқашан күннің көзіндей шуағымызды төгіп, күлімдеп жүрейік.

Релаксация.Қорытындылау.