Тәрбие сағат тақырыбы: «Ұлы жеңіс – жасасын!»

 

Тәрбие  сағат  тақырыбы: «Ұлы  жеңіс – жасасын!»

Мақсаты: Балаларды  адамгершілікке, Отанын  сүюге  оны  қорғауға  баулу. Балаларды  Қлы  Отан  соғысымен  қаһармандардың  ерлік  істерімен  таныстырып, ой – өрісін  дамыту. Балаларды  үлкен  адамдарды  сыйлай  білуге, оларды  қадірлеуге  тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Ұлы   Отан  соғысы туралы  кітаптар, гүлдер, шарлар, батырлардың суреттері, слайд.

Өтілу  барысы: Топ  ішін  безендіру, ән  ойналып   тұрады. «Әнұран»

Тарих  кеші  үнемі  жаңаланып  отырады. Десе  де  ұмытылмайтын    ескерілмейтін  тарих  оқиғалары  болады. Соның  бәрі  әлемді  дүр  сілкіндірген  екінші  дүниежүзілік  соғыстың  қасіреті  мен  Ұлы Жеңістің  қасиетін  батыр  ағаларымыз  бен   апаларымыздың   ерлігі   ешкім   де  ұмытпақ емес. Әлемді  дүр  сілкіндірген  оқиға 1941 жылы  маусымның 22- де  болған  еді. Бірақ  сол  кездегі    Кеңес елінің  бірлігі  мен  достығының  арқасында  1945  жылы 9- мамырда  бұл  Ұлы  Жеңіспен  аяқталды. Міне, содан  бері 70  жыл  мерзім  уақыт  өтті. Биыл  Ұлы  Жеңістің  70 жылдығы.

Үнтаспадан  тыңдау.

Тәрбиеші: Соғыстың  алғашқы  күндерінен  бастап -ақ Кеңес  халқы  тәнімен  Отаннын  қорғады. Әрбір  ауыл  әрбір қала  үшін  кескілескен  ұрыс  болды. Қанішер  неміс  басқыншыларымен  Кеңес  азаматтары  аянбай  шайқасты.

Тұраш  Алдияр

Соғыс  жалмап, аға – іні  бауырды,


Зар  жылатты  тыныш  жатқан  ауылды.

Жалғызынан  айырыпты  ананы,

Әкесінен  айырыпты  баланы.

Ақсезім

Соғыс  отын  жақпаңдар,

Балаларды  бақытынан  қақпаңдар.

Жер  бетінде  тіршіліктің  тәңірі,

Жылғыз ғана  тыныштықты  сақтаңдыр.

Тәрбиеші: Осы  соғыста  Кеңес  одағының  басқа  республикалармен  бірге  біздің  Қазақтан  Республикасы да жан  аямай  шайқасты. Данқты  қарулы  күштердің  және  еңбек  армиясының  құрамында  1 млн  870 мың  қазақстандықтар  болған.Ат  Ауыздығымен  су  ішкен,ер  етегімен  су  кещкен  сұрапыл  соғыста ерлермен  қолдарына  қару  алып, Отанын  қорғауға  біздің  батыр  апаларымыз  Шығыс  жұлдыздары Әлия  Молдағулова  мен  Мәншүк  Мәметова  ерлік  көрсетіп, батырлықпен  қаза  тапты.

  • Ия, кеудесін оққа  төсеген  қазақтың  қарапайым  қызы  Мәншүк  қас  душпанынан  елін  қорғаған  еді.

Бауыржан  Момышұлы (1910-1982жж) екінші  дүниежүзілік  соғыстың  даңқты  жауынгері, халық  каһарманы, қазақтың  көрнекті  жазушысы.

Тәрбиеші: Батырлар  туралы  тақпақтарды  кім  біледі.

Рамазан:

Әлияны  бұл  күнде,

Барлық  бала  біледі.

Әлия  атты көңілде,

Әпкеміз  деп жүреді.

Аты  аңыз, жыр  қылып,

Елдің  батыр  түлегі.

Әр  жүректе  тұр  күліп,

Әлия  атты  батыр  қыз.

Ділдә

Мәншүк  апай  батыр  қыз,

Ардақтаймыз  атын  біз.

Ұқсап  Мәншүк апайға.

Өсіп  келе  жатырмыз.

Алина

Қайтпаған  жауынан,

Қаһарман  Бауыржан.

Қан  ішер  фашисті,

Қырды  ол  мыңдаған.

Ерлігі  әрқашан,

Есімде  сақталады.

Ұрпағы  ұмытпайды,

Өмірінен  үлгі  алады.

Ұлы  отан  соғысына  қатысқан: Бауыржан  Момышұлы, Мәншүк  Мәметова, Әлия  Молдағулова, Мәлік  Ғабдуллин,Талған  Бегилдинов  өз  жерлестеріміз: Сағынтай  атамыз  бар. Ол  кісілерге  құрметпен  бас иеміз.Ал осы  бейбіт  өмірге  жете алмаған, ерлікпен  қаза  тапқан  ағаларымыз  бен   апаларымыздың  рухына  бас  иіп, еске  алайық. 1 минут   еске  алу.

Ән «Әрқашан  күн  сөнбесін»

  • Ия, сұрапыл соғыс  ешкімді  аямады. Ана  жарынан  айрылды, бала  әкесінен  айрылды. Бирақ  үміт  оты  еш  өшкен  жоқ. Бала  әкесін  күте  берді, күте  берді.

Осы кезде бір  бала  топқа  кіреді:

Алақай,алақай,

Сүйінші, сүйінші.

Жеңіс  келді  далама,

Қуан, шаттан,

Құтты  болсын  бұл  мейрам.

Барлық  балалар  бірге – Алақай! Жеңіс  келді! – деп  айтады.

Тәрбиеші:

Жеңіс  күні!

Көптен  күткен  күн!

Барлық  халық  бірігіп, жауды  жеңіп  отан  үшін  ерліктерімен  мерт  болған  қаһарман  батырларымыз 1945 жылы 9-мамыр  күні  адамзатқа  жеңіс  күнін  сыйлады. Жеңіс  күні  құтты  болсын!

Бекасыл:

Жеңіс  келді  далама,

Жеңіс  келді  қалама.

Жеңіс  келді  әке  боп,

Елдегі  көо  балаға.

Тамирис:

Жеңіс  келді  ән  болып,

Келді  ауылға  сән  көрік.

Жеңіс  келді алақай,

Ұмытылмас  мәңгілік.

Мирас:

Жүйрік  озар  әйгілі,

Күні  бүтін  бәйгенің.

Ура, ура балалар,

9-май бүгін.

Айсана:

Жеңіс,алақай,жеңіс!

Жасасын  жеңіс.

Болмасын  соғыс,

Болмасын  соғыс!

Болмасын!

Ұлы  отан  соғысы!!!

Тәрбиеші: Балалар  ардагерлер  ерліктері  арқасында  біз  осы  к.нге  жеттік.Біздің  өз  қалауымызбен  еркін  өмір  сүріп, балабақшада  алаңсыз, шаттана  күлгеніміз, жайраңдап  жүргеніміз -бәрі де  сол  Ұлы  Отан  соғысының  Жеңісінің  жемісі. Әрине  соғыс  болмасын. Біздер де  соғысқа қатысып  батыр  болмайық. Біз  бейбіт  күннің  батырлары  болуға  тырысайық. Ел  үшін  аянбай  еңбек  етіп, білім  алып, өз жеріміздің  патриоттары  болуға  мүмкіндіткер  бар.

Балалар  біздің  шекараны  кім  қорғайды. (Солдаттар)

Рауан:

Шекарада  солдат  тұр,

Ел  бақытын  қорғап  тұр.

Көңілденсін ағалар,

Амандық  хат  жолдап  тұр.

Бекасыл:

Шекарада күзетте,

Қас  қақпайды  ағалар.

Балбырамыз  төсекте,

Біз  алаңсыз  балалар.