Сын жұмысы. Ана тілі.

Сабақтьщ тақырыбы: Сын жүмысы.

Ана тілі. Сабактың мақсаты:

а)  білімділік: оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін тексеру әрі
сауттылыққа баулу мақсатында сын жұмысын жургізу.


ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу.

б)  тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сын сабағы.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау. Сабақтың көрнекілігі: диктанттар жинағы.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу. Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, Сабақтың барысы:


а) Үйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
    З.Журнал бойынша түгелдеу.
    Жаңа сабаққа дайындық.

ә)Жаңа сабақты тусіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін тексеру мақсатында сын жүмысын жүргіземін.

Оқушыларға сын жұмысына арналған дәптерлерін таратып шығамын да, сын жұмысының тақырыбымен таныстырамын. Бүгінгі күнді, мәтін тақырыбын тақтаға жазып шығамын да мәтін мазмүнын мәнерлеп оқып шығамын. Мәтін 109 сөзден тұрады. Содан кейін мәтіннің әрбір сөйлемін жеке оқып мәтінді жаздыруға кірісемін. Ана тілі.

Ана тілі — бүл атаңның, анаңның тілі, туған халкыңның тілі. Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке-шешемізге, әжеміз бен атамызға, басқа ересектерге еліктеп жүріп біле бастаймыз. Ананың ақ сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңіреміз. Өзіміз өсіп, ержеткен сайын халықтан, мектептен, кітаптан, газет-журналдан, радио-теледидардан, кино-театрдан үйреніп, ана тілін тереңірек біле береміз. Ол — біздің өмір бойы өзгелермен ұғынысатын негізгі қатынас қүралымыз.

Әр халықтың жер бетінде жасағаннан бергі басынан кешкен өмірі, ерлік істері, аңыз-ертегілері, өлең-жырлары, кітаптары, табиғат пен қоғам құбылыстары атаулары, жалпы дүние жайындағы үғымдары, ойы, сезімі—бәрі-бәрі де ана тілінде сақталады. Ана тілі арқылы атадан балаға ауысып отырады.

Ана тілін жақсы білмейтін адамды шын мәніндегі мәдениетті адам деуге болмайды, («Ол кім? Бұл не?», 109 сөз)

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сүрақ қою арқылы жаңа сабақты корытындылаймын.
  2. Сын жүмысына арналған дәптерлерін жинап аламын.
  3. Үйге тапсырма: «Асылымызды ардақтайық» тақырыбында шығарма жазып келу.