Достық, бірлік, татулық

Тақырыбы: Достық, бірлік, татулық.

Сабақтың мақсаты:

  • «Достық» ұғымын, оның құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру, құрмет пен сүйіспеншілік сезімдеріне тәрбиелеу.
  • «Кешірім», «өзара түсіністік» адамгершілік қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту, өзара татулық сезімдерін дамыту.
  • Табиғат пен денсаулықтың өзара үйлесімділігі туралы түсініктерін кеңейту.
  1. Шаттық шеңбері.
  • Балалар, бізге бүгін қонаққа апайлар келіпті. Қане, барлығымыз апайларға күле қарап амандасайықшы.
  • Жақсы, балалар біздің бүгінгі сабағымыз достық тақырыбында болады. Бүгінгі сабақта өздеріңді жақсы көрсетсеңдер, сендерге арнаған сыйлығымды ұсынамын. Ал сендер достық дегенді қалай түсінесіңдер? (Балалардың жауаптары). Балалар шеңбер құрып, қол ұстасып тұрады, тәрбиешімен бірге мына өлең жолдарын қайталайды.

Достарды біз қолдаймыз.


Қиын шақта қорғаймыз,

Біздің топта ұл-қыздар,

Тату-тәтті ойнаймыз!

  1. Тренингтік жаттығу- «Достық неден басталады, достыққа не жарасады?».

Тәрбиеші төмендегі сөздерді айтады, балалар оған келісіп, «Иә» деп жауап беріп, колдарын шапалақтайды.

 

Достық танысудан бастала ма?

Достыққа қамқорлық жараса ма?


Достық төбелестен бастала ма?

Достыққа адалдық жараса ма?

Достық ренжісуден бастала ма?

Достық күлімдеуден бастала ма?

Достық мазақтаудан бастала ма?

Достыққа татулық жараса ма?

Достық ұйымшылдықтан бастала ма?

Достыққа ауызбірлік жараса ма?

Достық бірліктен бастала ма?

Достыққа сүйіспеншілік жараса ма?

 

3.Тренингтік жаттығу- «Нағыз дос болайық».

Балалар шеңбер бойымен тұрып, өлең жолында жақсы қасиеттер аталғанда, алға бір қадам жасайды, қуанышын білдіріп қол соғады. Достықтың жараспайтын сөздерді атағанда, балалар керісінше артқа қарай бір қадам жылжиды, «бізде ондай бала жоқ» деп айтады.

Қосыл, қосыл шеңберге,

Нағыз адал дос болып,

Қосыл, қосыл шеңберге,

Ең зиянды дос болып.

Қосыл, қосыл шеңберге,

Ең сенімді дос болып.

Қосыл, қосыл шеңберге

Ең мейірбан дос болып.

Қосыл, қосыл шеңберге,

Нағыз сараң дос болып.

Қосыл, қосыл шеңберге,

Нағыз жақсы дос болып,

т. с. с. қайырымды, қамқор, ұйымшыл, тату, шын, нағыз……

4.Тренингтік жаттығу- «Мен теңізші, сен теңізші».

Балалар бірінің соңынан бірі қатарға тұрады. Тәрбиеші әр баланың қасына еденге қағаз беттерін орналастырады. Бұл қағаз беттерін қайық ретінде қолданады. Тәрбиешінің белгісі бойынша балалар қайыққа отырады. (аяқтарымен қағазды басады). Музыка әуені қосылғанда екі қолдарымен қайықтың ескегін ескендей болады. Белгі бойынша қайықтан түседі. Тәрбиеші балалар қайықтан түскен сайын 1-2 қағазды кемітіп отырады. Ойын солай жалғаса береді. Балалар қайықтың көлемінің кішірейгендігіне байланысты қайыққа сыйуға әрекет жасайды.

5.Тренингтік жаттығу- «Не болар еді?».

Балалар шеңберге тұрып, тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап беріп, сөйлемді аяқтайды.

  • Күн жоқ болса, не болар еді….
  • Ауа жоқ болса, не болар еді…
  • Су жоқ болса, не болар еді….(балалардың жауаптары).
  • Иә, дұрыс айтасыңдар, балалар. Біз табиғатсыз тіршілік ете алмайды екенбіз. Табиғат бізге күн сияқты мейірімді, ауа сияқты таза, су сияқты сезімдеріміз мөлдір болуды үйретеді. Күн, ауа, су- біздің достарымыз. Табиғат біздің деніміздің сау, денсаулықтарымыздың мықты болуына көмектеседі.

Балалар тәрбиешімен бәрге төмендегі өлең жолдарын бірге қайталайды.

 

Барлығымыз табиғатты сүйеміз,

Үлкендердің сөзін ойға түйеміз.

Денсаулықты әрқашанда сақтаймыз,

Бейбіт өмір баршамызға тілейміз!

 

  1. Рефлексия- «Достық торы».

Балалар шеңбер болып отырады. Тәрбиеші төмендегі сұрақтарды қоя отырып, бүгінгі сабақты қорытындылайды.

  • Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз қандай тақырыпта болды?
  • Достық дегеніміз не екен?
  • Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?

Балалар, бүгін сендер сабаққа өте белсенді қатыстыңдар. Өте ақылды, зерек бала екендеріңді дәлелдедіңдер. Маған сендердің барлықтарың өте ұнадыңдар. Маған Арманның сабаққа қатысуы өте ұнады. Сондықтан мен жіптің үшын Арманға бергңм келіп тұр. Арман саған қай баланың сабаққа қатысқаны ұнады, сол балаға жіпті бере қой. Қалғандарымыз дәл осылай жалғастырамыз.

  • Балалар, қараңдаршы, бізге тор сияқты біздің достығымыз, татулығымыз, ұйымшылдығымыз берік болсын деген тілек айтқым келеді.

 

  1. Бақыт тамшысы:

Тәрбиеші балаларға алдын ала әзірленген шарларды ұсынып, мадақтайды.