«Ел тұғыры – Ата заң»

Мақсаты:  Балалардың өзінің туған жері, отаны –Қазақстан Республикасы жайлы түсініктерін кеңейте отырып, балаларға Ата заңымыз, адам құқықтары туралы түсінік беру.

Білімділік:  Балаларға  Қазақстан Республикасы жалауы, елтаңбасы, әнұраны, Ата заңы, азаматтығы, өз міндеттері мен құқықтарын білуге үйрету.

Дамытушылық: өзіндік шешім қабылдау әрекеттерін дамыту.


Тәрбиелік: Отанына, халқына патриоттық-азаматтық сезімін арттыру, достыққа,сүйіспеншілікке, мейірімділікке, құқықтық сауаттылыққа отан сүйетін ұлтжанды ұрпақ  тәрбиелеу.

Әдіс-тәсіл:  Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, көркем сөз, ойын, сергіту, мақал-мәтел, қорытынды.

Техникалық қамтамасыз ету: Атқ, ойын құралдары, бейнеролик.

Сөздік жұмыс: Отан, Ата заң, құқық, міндет.

Билингвалды компонент: Родина, Конституция, права.

  • Жүру барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері:

Кел, балалар, күлейік!


Күлкіменен түлейік!

Күлкімізді күн қылып,

Гүл өссін деп тілейік.

Тәрбиеші балаларға көркем сөз оқиды.

Айдын шалқар көлім бар,

Ну орманды елім бар.

Күннен күнге көркейген,

Менің байтақ елім бар.

 

  • Балалар, өлеңде не туралы айтылған?
  • Біз қай қалада тұрамыз?
  • Біздің туып-өскен жеріміз, отанымыз қалай аталады?

Балалардың жауабы, тақпақтары тыңдалады.

Рүстем                Отан, отан

Бәрінен биік екен,

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем…

Бек                      Жап-жасыл ағашы,

Қып-қызыл алмасы.

Ақ басты тауы бар –

Алматы қаласы.

Рақымжан

Асқақтай бер, Астанам,

Берекеге бастаған!

Болашақтың есігін

Өз қолыңмен аш маған!

Бейнеролик көрсетілімі.(Астана,Атырау)

  • Өте жақсы балалар! Дұрыс айтасыңдар, біздің туып-өскен жеріміз, Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Ол көне заманнан басталатын ұзақ тарихы бар, бай ел. Бүгінгі күнде ҚР-да ынтымағы жарасқан көптеген ұлт өкілдері тұрады. Әр ұлттың өз ана тілі, салт-дәстүрі, ата заңы бар.
  • Тәрбиеші балаларға көркем сөз оқиды.

Еліне арналатын тілегі шын,

Ей, ұлым – Отанымның түлегісің.

Іргесін туған елдің тіреп тұрған

Қадірін Ата заңның білемісің?! – деп ақын жырлағандай ертең біздің еліміздің Ата заңының мерекесі.

  • Ертең, яғни 30-тамыз Ата заңымыз қабылданған күн.
  • Заң дегеніміз – қоғамдағы өмірді реттейтін ережелер, яғни адамның, қоғамның, елдің құқығын қорғауға арналған, әрбір Қазақстан азаматы тегін білім алуға, демалуына, денсаулығын сақтауға құқылы. Әрбір елдің өз Ата заңдары болады. Заң болмаса адам құқығы қорғалмайды, дүниеге келген бірінші күннен бастап сендер мемлекеттің қамқорлығындасыңдар. Сондықтан біз өзіміздің Ата заңымызды қастерлеп, мақтан тұтып, әрқашан құқығымыз бен міндетімізді біліп жүруіміз керек.
  • Ал балалар Ата заңымыз туралы кім тақпақ айтып береді?

Жасмин:

Шалдықпадым талмадым

Арманды алға жалғадым

Ата заңым қорғаным

Атасы ол бар заңның.

 

Дария:

Ғұрпымыз бар ел сенген

Дәстүрлері ең ізгі

Әділдікпен өлшенген

Заңымыз бар негізгі.

Раяна:

Бас иетін бар адам

Әрбір сөзі салмақты

Қорғар бәле-жаладан

Ата заң – бұл ардақты.

  • Ал енді орнымыздан тұрып, сергіп алайық.
    • Қуанамын мен де,
    • Қуанасың сен де.
    • Қуанайық бәріміз,

Қуанышты күнге!

  • Ал енді балалар еліміздің рәміздері туралы не білесіңдер?

Рәміздер туралы баладың тақпақтары:

Жасмин              Елтаңбасы  елімнің,

Неткен әйбат, әдемі.

Тұнығындай көгілдір,

Ортада аспан әлемі.

 

Медина              Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды.

Дидактикалық ойын: «Менімен бірге қайтала»

Ойын шарты: айтылған сөздерді екі тілде меңгерту.(Отан, Ата заң, құқық)

Қорытынды:

  • Сонымен балалар, бүгін не туралы әңгімеледік?
  • Бүгін қандай мереке?
  • Ата заң дегеніміз не, ол не үшін керек?

Өте жақсы балалар, бүгінгі шараға белсенділікпен қатыстыңдар.

Біз жасұлан Отан ана өркені

Үміт артқан болашағы, ертеңі

Еліміздің даңқын көкке өрлетіп,

Гүлге бөлеп, жайнатамыз өлкені. – еліміздің, жеріміздің жарқын болашақ жұлдыздары сендерсіңдер, балалар!

  • Ендеше бүгінгі мерекеде бір-бірімізге, Отанымызға арнап жылы тілектер айтайық.
  • Аспанымыз ашық болсын!
  • Жеріміз гүлге толсын!
  • Заманымыз тыныш болсын!
  • Елбасымыз аман болсын! Т.с.с.