Ер еңбекте сыналады. Ж. Жұмаханов.

17.02.2016ж   Әдебиеттік  оқу.  3 «а» сынып

Тақырыбы: Ер еңбекте  сыналады. Ж. Жұмаханов.

Сабақтың мақсаты: Ер еңбекте сыналады тақырыбын оқи  отырып білімімен, біліктілігін бақылауға , сөздік қорын жетілдіруге; жан-жақты ойлауға үйренеді


Тақырыпты  түсініп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру.

Қолдатын  әдіс-тәсілдер: Сыни ойлау элементтері, АКТ.

Қажетті құрал- жабдықтар: Интербелесті  тақта, суреттер.

Сабақтың  барысы:

 І. Ұйымдастыру.Оқушылардың зейінін  сабаққа аудару.

ІІ. Психологиялық дайындық:

Шаттық шеңберге тұру арқылы топқа бөліну.


Оқушылар бір- бірінің  қолдарынан  ұстап, бір-біріне  жылу  береді.

Сабағыңа жөндеп,
Әзірленсең – еңбек

қиындықтың бәрін,
Еңбек қана жеңбек.

-Тақпақ не жайында  болды?

Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
Білім алуға, маман иесі болуға. Еңбек етсең, қарның тоқ болады, киімің болады.

— Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?
Жалқау емес, өз ісіне  тиянақты.
— Өздерің қандай еңбекпен айналысқанды ұнатасыңдар?

Қар күрегенді, су тасығанды  т.б.
Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға баулиды, жігерлендіреді, шынықтырады. Ия, балалар, еңбек етсең, ерінбесең барлық мақсат – мұраттарға жетесіңдер.

  • Енді тақтадағы суреттерге  назар аударып, ұнаған суреттеріңізді алып, өз топтарыңызға барамыз.
  • №1 Егіншілер №2 Отыншылар     №3 Құрылысшылар    №4  Малшылар
  • Үйге қандай тапсырма берілді?    (Әр топтан бір оқушы сөйлейді)
  • Сонымен балалар бүгінгі үй тапсырмасындғы мәтінде  қандай еңбек  болды?

Ал енді №1 топта   кімдер  отыр?- жауап   Егіншілер —  Қандай  жұмыс жасайды?

№2 топта   кімдер  отыр?- жауап  Отыншылар  -Қандай  жұмыс  жасайды?

№3 топта  кімдер  отыр? – жауап Құрылысшылар – Қандай  жұмыс  жасайды?

№4 топта  кімдер  отыр? – жауап Малшылар- Қандай  жұмыс  істейді? Екен.

Мағынаны ашу

.Сонымен  қазір алдарыңыздағы  парақшаларды  оқи отырып  қандай еңбек  туралы  екенін  білейік.( Мәтін  бөліктерге  бөлініп Жигсо әдісі  бойынша  алдарына қойылған)

  • Балалар уақытты пайдалана отырып  5 минут  беріледі, мәтінді дұрыс түсініп, мазмұнын игеріп  алыңыздар.

Тақтадан кран мен  жүк машинасы  көрсетіліп  тұрады. Әр  топтан  оқушы  сөйлейді.

-сұрақ- жауап.

— Балалар  бүгінгі  мәтіннің  авторы  кім екен?  Жекен  Жұмаханов.

Олай  болса автор  туралы  бейнежазбадан  тыңдау.

Ой қозғау: «Ротация»

№1 «Егіншілер» тобына,  №2»Отыншылар» тобына –кран  суреті беріледі.

-Балалар  кран  жайлы не  білдік? Тағы да қандай  қырларын  білеміз? Бұл техника  қандай  еңбекке  қажет екен? Өз  ойларыңызды  қағазға  түсіріңіздер.

№3 «Құрылысшылар»  тобына,  №4 «Малшылар»  тобына-  Жұк машина суреті  беріледі.

-Балалар  жүк машинасы   жайлы не  білдік? Тағы да қандай  қырларын  білеміз? Бұл техника  қандай  еңбекке  қажет екен? Өз  ойларыңызды  қағазға  түсіріңіздер.

( Әр топ  өздерінің  жұмысын  қорғайды , толықтырады)

 

Ой түйін: «Ассоциация»      мінездеме  беру.

Кран        Жүк машина —

 

 

 

 

Балалар өмірде  осындай  машиналар  болама? (жоқ , машиналар сөйлемейді)

Ал өмірде  осындай  адамдар  болама? (болады)

Осындай  болған  жақсы ма?  (жақсы  емес)

 

Бекіту:  «Ия» , «Жоқ»   әдісі бойынша.

  1. Авторы Жекен Жұмаханов па? (ия)
  2. Мәтінде адам  қатысты ма? (жоқ)
  3. Кран мақтаншақ па? (жоқ)
  4. Жүк машинасы мақтаншақ па? (ия)

Сабақ  ұнады ма?  (Басбармақ арқылы)

Үйге тапсырма:  Мәтінді  оқу. Мазмұндау. «Ер еңбекте сыналады»  — эссе  жазу.

 

Бағалау: Топты  бағалау  кран, жүк машина суреті  арқылы. Балалар кранға,  жүк машинасына  қандай  баға  бересіңдер?

«Бағдаршам» арқылы  жеке  бағалау.  (Оқушылар    өте  жақсы -жасыл

Жақсы – сары

Орташа –қызыл)  көрсетеді.

Сабақ  аяқталды. Сау болыңыздар!