Фонетикадан өткенді қайталау

Сабақтың тақырыбы: Фонетикадан өткенді қайталау. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушылардың жыл басынан бері алған білімдерін, фонетика тарауы бойынша алған білімдерін бекіту.

ә) дамытушылық: ой — өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шебер-лігі, тіл мәдениетін дамыту.


б) тәрбиелік: оқушыларды елін, жерін, Отанын қадірлей білуге, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: калыпты сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, бекіту. Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, т.б. Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып үжымымен жұмыс жүргізу. Сабақтың типтері: кіріспе, ұйымдастыру кезеңі, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың барысы:

  • ¥йымдастыру кезеңі.
    а)Оқушылармен сәлемдесу.
    ә)Кезекші мәлімдемесі.
    б)Журнал бойынша түгелдеу.
  • Үй тапсырмасын сүрау.

а)  Өткен сабақта өтілген ережелерді сүраймын.


ә) Жаттығу жүмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеремін.

б)  Сүрақ қою арқылы өткен тақырыпты бекітемін.

в)  Дәптерлерін алмастырамын.
3)Жаңа сабақты түсіндіру.

а) Бүгінгі жаңа сабақта фонетика тарауын қайталау мақсатында жаттығу жүмыстарын жүргіземін, пысықтау сұрақтар мен тапсырмалар беремін.

Алғашқы орындалатын тапсырма: 35-жаттығу. Бүл жаттығу жұмысының орындалу шарты мынадай: Суреттегі заттардың аттарын анықтаңдар. Алпамыс, Қобыланды, Ер Таргын, Ер Төстік сияқты батырлардың бірін кейіпкер етіп алып, оның согысып жүрген сәтін көздеріңе елестете отырып мөтін күраңдар. Мәтінге суреттегі заттардың атауларын кірістіріңдер. «Ер қаруы — бес кару» деген сөзге мән беріңдер.

Келесі тапсырма: 36-жаттығудың шарты төмендегідей: Берілген сөздерді орфографиялык сөздікпен салыстырып қарап, дәптерлеріңе жазыңдар.

Келесі тапсырма: 37-жаттығудың шарты: Орфографиялық сөздіктен түбір түлгалары өзгеріп барып біріккен түрде жазылатын екі түбірден қүралган бірнеше кісі атын теріп жазыңдар.

Келесі тапсырма: 38-жаттығудың шарты: Мәтінді түсініп оқыңдар. Қазақ тілінің халықтық ерекшелігін қай заңдылық танытатын еді, естеріңе түсіріңдер.

Сөздер қалай жазылса, солай оқыла және айтыла бермейді. Олар қалыптасқан
орфоәпиялық нормаға сәйкес оқылады. Орфоәпиялық сөздік орфографиялық сөздіктің
негізінде қүрастырылып, сөздердің дұрыс айтылу ерекшеліктерін танытады. Бұл сөздіктегі
сөздер де, тәжірибеде колданылып жүрген баска сөздер сиякты, алфавит тәртібімен беріледі.
Сөздікке жазылуы мен айтылуы арасында айырмашылығы бар түбір сөздер, туынды сөздер
мен күрделі сөздер, сөз тіркестері, қосымша жалганғанда өзгеріске үшырайтын кейбір
түлгалар енгізіледі. Сөздікке енген сөздер екі баған етіп беріледі. Бірінші бағанда сөздердің
емлесі бойынша жазылуы, екіншісінде калай айтылатындыгы көрсетіледі. Мысалы:
Жазылуы:                       Айтылуы:

еркін күш                       еркің гүш

жирен көк                      жирең гөк


қырын кету                   кырың гету

құлан қүрык.                   кұлаң ғүрыц

жасырын хат                жасырың гат

жирен касқа                   жирең гаскд

Иманбек                          Имамбек

Сөздерді орфоәпиялык норма бойынша айтуда дыбыстардың үндесу заңдылығы ерекше орын алады. Сөйлеу кезінде сөз бен сөздің, дыбыс пен дыбыстың, түбір мев.қосымшаның аралығында болатын мүндай құбылыс орфоәпияльық сөздікке аркау болады. Осы заңдылыкты толық меңгерген адам сөзді дүрыс айтып, тілдің үнділік, көркемдік қасиетін сақтай алады

Келесі тапсырма: 39-жаттығу жүмысының шарты: Берілген сөздер мен тіркестерді оқып, жазылуы мен айтылуын салыстырыңдар, дыбыстық өзгерістердің себебін айтыңдар.

Жазылуы:                          Айтылуы:

жүмысшы                      жүмышшы

сөзсіз                              сөссіз

газ жолы                        гаж жолы

көз жазбау                     көж жазбау

боз жорга                       бож жорға

салт басты                    салт пасты

күш-жігер                      күш-шігер

қыс бойы                         қыс пойы

қақ бөлу                          кақ пөлу

мүзжаргыш                   мүжжарғыш

ақ гүл                             ақкүл

ширек ғасыр                   ширек касыр

жас ғүмыр                     жас күмыр

Келесі орындалатын тапсырма: 40-жаттығудың шарты: Төмендегі сөздерді орфографиялык норма бойынша жазыңдар.

Келесі тапсырма: 41-жаттығудың шарты: Берілген сөздердің мағыналарын анықтап, түсіндірме сөздіктің улгісімен жазыңдар.

Жаттығу жұмыстарын орындап болған соң оқушыларға қосымша сүрақтар мен тапсырмалар беремін.

Қайталауга арналған сұрақтар мен тапсырмалар.

1 .Жалпылама қолданылатын сөздердің ерекшелігін еске түсіріп, түсініктеріңді мысалдармен дөлелдеп айтыңдар.

2.Диалектизм дегеніміз не? Оларға мысалдар келтіріп, диалектілік ерекшеліктерді дәлелдеңдер.

З.Көнерген сөздердің ерекшеліктері қандай? Олардың түрлеріне мысалдар келтіріңдер. 4.Термин сөздердің ерекшелігі мен қызметін еске түсіріңдер. Қандай терминдерді білесіңдер және олар ғылымның кандай салаларына қатысты? Ғылымның әр түрлі саласына қатысты терминдерге мысал келтіріңдер.

5.Түрақты тіркес пен сөз тіркесінің айырмашылыгын жөне олардың өзіне тән ерекшелігін мысалдар арқылы салыстырып айтыңдар. б.Сөздіктердің мақсаты мен міндетін, сөздікте сөздердің берілу тәртібін еске түсіріңдер.

Келесі орындалатын тапсырма: 42-жаттығу жүмысы ның шарты: Оқып шығып, аударма мәтін екеніне назар аударыңдар. Мазмұнын әңгімелеп айтып беріңдер. Мәтінге ат қойыңдар. Орыс тілінен енген сөздерді теріп жазыңдар.

Сабақтың қорытындысы.

а)  Сүрақ қою арқылы жаңа сабақты корытындылаймын.
ә) Оқушылардың білімін бағалаймын.

б)  Үйге тапсырма: 43-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін: Әңгімені
өз беттеріңмен 1-2 рет оқып шығып,  
III жақтан баяндап, мазмүндама етіп жазыңдар.