Үш жасар баланың танымдық іс-әрекетін қалай дамытуға болады

Ата-аналарға ұсыныс.

Дидактикалық ойыншықтармен ойын- сабағы әдеттегідей баланың ақыл-ойын дамытуда маңызды орын алуда.

2 жасар бала осы ойыншықтармен ойын дағдысын игеріп және онымен ойнауды өте жақсы көреді. Пирамида, мұнара т.б. ойыншықтарын қиын түрлерін жинай алады. Мұндай кезде ұсақ-түйекке және ұқыптылығына , дәл орындауына назар аудару керек, тек бір бөлігін екіншісіне қою емес, оның суреттерін дәлдеп орналастыру керек.


Бала заттарды салыстыруды, олардың заңдылықтарын таба алады және қасиеттерін талдай алады. Бұл икемділік дағды 3 жасар бала өмірінде аса күрделі есептерді таңдап шығаруға, топтастыруға, заттардың арақатынас нысанасымен екі қасиетін бір мезгілде түсін, пішінін ажырата алады. Олар бұл тапсырмаларды дағдыланған әрекет бойынша шығара отырып, салыстырмалы түрде жеңіл орындайды, тәжірибелік салыстыруға  аз жүгінеді, көрнекілікке аз сүйенеді.

Сондай-ақ  2 жастағыларда ойыншықтардың 5 түрі: тізбектеу үшін (әр түрлі пирамидалар), алып-салатын көлемді геометриялық пішіндер (шарлар, кубтар, конус, цилиндр), құрастыру және шашуға арналған матрешка, жұмыртқа т.б қолданылады.

Егер 2 жастағы бала үкендердің көмегімен бір ізбен кішірейетін 4-5 сақиналы пирамиданы жинаса, 3 жасында бұл тапсырманы өз бетімен орындай алады. Бұл мақсатта ең бірінші бір түсті 4-5 сақинадан тұратын пирамидаларды жинау, содан кейін екі сондай қызыл және көк немесе сары және көк т.с.с. сақиналарды жинатады, бір мезгілде үлкендігіне және түсін орналастыра білуін ұсынады.

2,5-нан бастап 3 жасқа дейін балалар пирамидаларды түсіне байланысты, көлемі мен түріне кезектесетін бөлшектер жолымен пирамидаларды жинай алады, яғни басында көрсету бойынша сосын нұсқау бойынша белгілі жүйе бойынша әрекет етеді.

Дидактикалық ойыншықтармен сабақтың әр түрлі болуы 3 жасар баланың жан-жақты дамуына: ақыл-ойын, физикалық және эстетикалық тәрбиелеуде, жұмысқа қабілеті жақсарады, оқуға ықыласы мен икемділігінің қалыптасуына себеп болады.

 

Өтініші бойынша үлкен және кіші заттарды көрсетуге үйрету.


  1. Үлкен және кішкентай бір түрлі заттардың нұсқаларының жинағын жинақтаңыз. Бір аптаның ішінде өзіңіз балаға үлкен және кіші заттарды көрсетіп және айтыңыз. Осыдан кейін баладан үлкен, кіші заттарды көрсетуін сұрауды бастаңыз.Баланың алдына үлкен және кіші қарындаш қойыңыз. Оған үлкен қарындашпен қағазға сызық жүргізуін сұраңыз. Жетістігі үшін мадақтаңыз, келесі затпен қайталаңыз.
  2. Балаға үйдің ішіндегі үлкен және кіші заттарды табуын сұраңыз.
  3. Сонымен қоса, үлкен және кіші қадам жасауын,үлкен немесе кішкенеден секіру, үлкен және кіші орындықтарға отыру т.с.с қозғалыстарды істетіңіз.

 

4-5 сақиналы пирамидаларды жинатқызып үйретіңіз.

Баланың алдына сақиналарының үлкендігіне байланысты келетін пирамиданы қойыңыз.Оны шашуын ұсыныңыз.Бірінші қақпағын шешіп, содан кейін сақинасын шешуді үйретіңіз.Бала пирамиданы жинарда, «Үлкен сақинаны алып, оны таяқшаға кигіз» деп ауызша нұсқау беріңіз. Енді қалған сақинаның ішіндегі үлкенін тапқызып өзекке кигіздіріңіз. Осы түрде барлық пирамиданың сақиналарын жинатқызыңыз.

 

4 матрешкадан тұратын матрешкаларды жинап үйретіңіз.

Екі біркелкі ойыншықты алыңыз,сіз қалай матрешкаларды жинайтыныңызды сіздің қимылыңыздың түріне қарап бала қайталасын. Бала матрешкаларды жинай бастағанда : «екі кішкентай матрешканы ал. Жарайсың! Енді қалғандарының ішінен ең кішкентайын тап және үлкенін кішкентайдың қасына қой» деп ауызша нұсқау беріңіз.

Егер сіз 5 матрешкадан тұратын матрешкаларды пайдалансаңыз,балаға ең бірінші тек алғашқы 2 матрешканы беріңіз. Ол өзі келесі ойыншықтар көлемін тандасын. Саны аз заттардан табуға оған жеңіл болады. Өзіне қажетті матрешканы тапқаннан кейін, енді біреуін табуды ұсыныңыз.Тек матрешканы ғана пайдалану міндет емес: жұмыртқа, шелекшелер т.б ойыншықтарды алуға болады.

Суреттегі бейнесі бойынша геометриялық фигураларды таңдауды үйрету.

Ең бірінші балаға не істеу керектігінен бастаған жөн.Допты, сосын суреттегі допты көрсетіңіз, балаға да солай істеуін сұраңыз. Енді үшбұрыш, текше, дөңгелекті алыңыз. Бала пішінді өзі таңдасын. Балаға қосымша көмек қызметін атқаратын түсі көк түспен салынған текшені таңдаудан бастаңыз. Осыдан кейін бала боялған сурет пішіндерді таңдап үйренгеннен кейін боялмаған (контурмен сызылған) пішінге ауысыңыз. Сөйтіп жаттығу бірнеше рет қайталанады.

Сызықтарды салуды балаға үйретіңіз.

Фломастер, маркер, түсті қарындаш, жуан қарындаш және борды пайдаланыңыз. Қабырғаға қағазды жапсырыңыз. Бала сіздің жоғарыдан төмен қарай тігінен сызықты жүргізгеніңізді бақыласын. Балаға солай  істеуін өтініңіз.

Егер көмек қажет болса, көмектесіңіз. Бала сызықты төмен бағыттауға көмектесу үшін, картоннан трафарет жасаңыз. Осы үлгі бойынша балаға үшбұрыш, дөңгелек, текше, көлденең сызық салуды үйретіңіз.

Түс бойынша заттарды таңдауды үйрету.

Ақ және қызыл екі түстен бастаңыз: ақ, қызыл түстерден кубиктарды таңдаңыз. « Қызылдар- мында, ақтар-анда» дей отырып қызылдарды бір бөлек, ақтарды бір бөлек екі жаққа үйеміз. Балаға түстері бойынша өзіне бөлуді ұсыну керек. Егер қажет болғанда оның қолымен бағыттап, дұрыс бөлуге көмектесу керек.

Содан кейін өзіңіздің өтінішіңізді бойынша екі түсті кубиктерді көрсетуді үйретіңіз. Қоршаған басқа заттарды пайдаланыңыз.

Бала түстерді атауы бойынша айырып үйренгеннен кейін, бірінші өзіңіздің соңыңыздан қайталауды сұрап, содан кейін өзіне түстерді атауын сұрау керек.

Бала екі түсті меңгергеннен кейін, енді бір түсті, содан кейін тағы бір түсті қосып отырыңыз.

Өзіңіздің балаңызды жиі мақтай отыра, жетістіктеріне куана біліңіз!