Көңілді сайықмазақтар (сауықтыру шарасы)

Көңілді сайықмазақтар (сауықтыру шарасы)

Мақсаты: Балаларды    шапшаңдыққа,  епттілікке баулу.
Денсаулықтарының шымыр да мықты болуына ықпал ету, салауатты өмір салтына, әдемілікке тәрбиелеу. Спортқа  деген қызығушылығын арттыру.
Міндеті: Әртүрлі спорттық ойын түрлерімен танысып, тәсілдерін меңгеру.
Балалардың  икемділігі мен ептіліктерін, шапшандылық қабілеттерін дамыту.
Көрнекілігі:  қолшатырлар, голоштер, шалшық сулар, кубиктер, секіртпелер, үңгірлер, шеңберлер, велосипедтер, кедергілер, тақтарал, ақ парақшалар, түсті бояулар, т.б.
Жүргізуші: Құрметті  бүлдіршіндер, апайлар,  барша спорт сүйер қауым!
Бүгінгі   мектепке  даярлық  тобының  «Көңілді сайқымазақтар» атты эстафеталық сайысына қош келдіңіздер!
Шынықсаң шымыр боларсың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма?
Арман болған талайға.
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
Сайысымызды  бастамас бұрын  жарысымыздың төреші болатын әділқазылар алқасын сайлап алайық. Спорттық  сайысымыз 5-ке дейінгі  балмен  бағаланады.

Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым!
Жарысқа қатысушы балаларымызды  ду қолшапалақтап ортаға шақырамыз.
Бүгінгі ойынымыздың кезеңдері:
1-кезең. Таныстыру. Әр команда өздерін таныстырады  және ұранын айтады.
2-кезең. «Шалшық судан қашып өт». Әр ойыншы аяқтарына  баклашкадан дайындалған  голошты киіп, колдарына қолшатыр ұстап  жердегі  шалшық сулардан  аттап  немесе айналып   өтіп белгілі  межеден  айналып  келесі  балаға  голошымен   қолшатырын  ұсыну  керек.
3-кезең. «Кім білгір». Жердегі жатырған құрсаулардан қос аяқтап секіріп өтіп, белгілі межедегі  кубиктерден  1санынан 10 санына дейін  орналастырып шығуы керек.   .
4-кезең. «Кім епті». Әр  ойыншы  үңгірден  өтіп  қолдарындағы  шеңберді  дәлдеп лақтырып, ұяшығына  кигізіп  мергендік  таныту  керек.
5-кезең. «Кім шапшаң».  Велосипедпен  кедергілер  арасымен өтіп  белгілі межеден айналып келу керек.
6-кезең. «Суретшілер».  Әр команда мүшелері  межедегі  тақтаға  жайлауды бейнелеп  ұжымдық сурет салулары керек.


Әділқазылар  әділ бағасын  беріп, балаларды марапаттайды. «Көңілді сайқымазақтар» атты сауықтыру  кеші аяқталады.