Күз бейнесі

Тақырыбы:    Күз бейнесі.

Мақсаты:

Білімділік:


  • Балаларды табиғатты бейнелеу жанрымен, пейзажбен таныстыру, күзгі табиғаттан өздері бақылағандарын суретте бейнелеп көрсете білу дағдыларын қалыптастыру, суретке мазмұн бере білуге және жіңішке қылқаламмен бүтін және жартылай сопақшадан тұратын бейне салуға, жағу, басу арқылы жалпақ, жуан із қалдыруға, көлденеңнен жағыс әдісін пайдалануға үйрету.

Дамытушылық:

Ұсақ қол-саусақ моторикасын, қағаз бетінде кеңістікті бағдарлай білуді, қылқаламмен батыл, ұқыпты жұмыс жасауды дамыту.

Тәрбиелік:

  • Отанды,табиғатты, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Техникалық қамтамасыз ету:

  • АТҚ арқылы слайд-шоу, күз мезгілінің, саңырауқұлақтың үлгі суреті, сурет дәптер, бояу, қылқалам, ыдыстағы су, сүлгі, бала санына суретті карточкалар.

Әдіс-тәсіл:

  • Саяхат,әңгімелеу, көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап,алдын ала жұмыс, жұмбақтар, сергіту сәті, дидактикалық ойын,М.Монтессори презентациясы, тақпақтар, сурет салу жолдарын үйрету,сөздік жұмыс, билингвалды компонент, мадақтау, қорытынды.

Сөздік жұмыс:

  • Күз, күз бейнесі, саңырауқұлақтар, орман.

Белингвалды компонент:


  • Осень, осенний пейзаж, грибы, лес.

Ұйымдастыру кезеңі: 

  • Ақбота атты бақшаның
  • Тәрбиелі баласы
  • Ең алдымен қонақтармен
  • Сәлемдесіп алады.

(балалар келген қонақтармен сәлемдеседі)

Шаттық шеңбері:  

  • Армысың шапағатты Алтын күн!
  • Армысың мейірімді Аспан ата!
  • Армысың қайырымды Жер ана!
  • Құт дарыт, бар әлемді жарылқа!

Тәрбиеші:

  • Балалар,бүгін біз күзгі орманға саяхатқа барамыз.

Алдын ала топтың ішінде күзгі орманның табиғатын бейнелейтін көрініс жасалған

Мақсаты: күзгі табиғатты өздері бақылап, оның көңіл-күймен сезініп, табиғатқа деген қызығушылығын, талғамын, көзқарасын, түсінігін дамыту.

Тәрбиеші:

  • Міне, балалар күзгі орманға да келдік! Қараңдаршы табиғат қандай тамаша, айнала сап-сары, сары алтындай жапырақтар. Ой, балалар мынаны қараңдар,тіпті саңырауқұлақта бар екен!
  • Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, жұмбақ шеше білеміз бе?

Жұмбақтар:

Жиын –терінболатын,

Ағайынды бәрі…

Шықса жасыл,

Түссе сары.(жапырақ)

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады.(Күн)

Көк аспанды жабады,

Көктен тырс-тырс тамады.(жаңбыр)

Тәрбиеші:

  • Ал, енді балалар,осы күзгі табиғат жайлы, күз мезгілі жайлы кім тақпақ айтып бергісі келеді.

Мөлдір

Қарашы күз келді, күз келді

Жапырақ жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен тізеді,

Қара бұлт қабағын түйеді.

Надира

Соңғы шуақ төгіліп

Салқындатып тұр аймақ

Ақ сәулеге шомылып,

Жапырақтар жүр ойнап.

Гүлсім

Қоңыр салқын тарады,

Қойнаулардан, сайлардан,

Қаздар қайтып барады

Қайтқан елдей жайлаудан.

Дамир

Жаңбыр-жаңбыр жауасың,

Жанымызға дауасың.

Біз ойнайтын ауланың

Тазартасың ауасын.

Данияр

Зе вес а фолиң

Уан бай уан

Самас овер

Скулс бегин.

Тәрбиеші:

  • Өте жақсы балалар!
  • Ал енді мынаны білгендерің де жөн болар.

Билингвалды компонент:

  • Күз орыс тілінде осень, ағылшын тілінде отэм.
  • Күз бейнесі – осенний пейзаж – отэм ландскейп
  • Саңырауқұлақтар – грибы – машрумс

Сөздік жұмыс: күз, күз бейнесі,саңырауқұлақтар.

  • Енді балалар тобымызға оралайық, біздің әлі орындайтын тапсырмамыз бар. Бүгін күзгі орманнан алған әсерімізді, көргенімізді қағаз бетіне бейнелейік.
  • Алдымен бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті:

Мынау сары бояу – мұнымен күнді бояймын,

Мынау қоңыр бояу – мұнымен құмды бояймын,

Мынау қара бояу – мұнымен түнді бояймын

Мынау көк бояу – мұнымен туды бояймын

Мынау жасыл бояу – мұнымен шөпті бояймын

Мынау қызыл бояу – мұнымен гүлді бояймын

Сиқырлы екен бояулар,қала салсақ, жол салсақ.

Өнерлі екен он саусақ,

Балалар орындарына отырады, тәрбиеші балалардың назарын экранға аударып, АТҚ арқылы слайд-шоу көрсетеді.

  • Балалар бұл күзгі табиғат көрінісі. Белгілі бір жердің, мекеннің көрінісін бейнелейтін бейнелеу өнерінің жанрын «пейзаж» дейміз. «Пейзаж» француз тілінен аударғанда «пейс» — мекен,өлке дегенді білдіреді. Пейзажда суретшінің сезімі, көңіл күйі, түсінігі, табиғатқа деген эстетикалық, этикалық көзқарасы аңғарылады.
  • Енді бәріміз тақтаға назар аударайық.

Балалар күзгі орманда біз ненің өсіп тұрғанын байқадық?(саңырауқұлақтың суретін көрсетеді)

  • Саңырауқұлақ қандай геометриялық пішінге ұқсайды.(сопақшаға)

Тақтаға бір баланы шығарып,қағаз қиындысынан саңырауқұлақты құрастырады.(бүтін,жартылай сопақша)

Сонан соң сурет салудың, қылқаламмен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілін түсіндіреді.

Бірінші түзу сызық сызып алып, оның екі ұшын сопақша дөңгелек етіп жасай отырып қосамыз, бұл саңырауқұлақ қалпағы болады.

Саңырауқұлақтың сабағын салу үшін қалпағының астынан белгіленген екі нүкте белгілеп алып, оны түзу сызық сыза отырып дөңгелектеп, екінші жақ бөлігіндегі нүктеге жеткізе сызамыз.

Қылқаламды үш саусақпен ұстап, жоғарыдан төмен жылжыта отырып, орта белінен ұстаймыз. Қылқаламның ұшын суға сәл батырып, сорықтырып, бояуға маламыз, еркін ұстап батыл жүргіземіз. Қылқаламды әр түске салған сайын тазартып отырамыз.

Суретті күн, бұлт, ағаш салу арқылы толықтыруға болады.

Тәрбиеші балалардың жұмысын бақылап, қадағалайды, мадақтайды.

М.Монтессори педагогикасының  үш сатылы әдісі бойынша презентация «Жыл мезгілдері»

Мақсаты:Жыл мезгілдерін ажыратып көрсету.

Қорытынды:

Сұрақ-жауап:

  • Балалар біз бүгін қайда бардық?
  • Суретте нені бейнеледік?
  • Саңырауқұлақтың пішіні қандай болады?
  • Табиғат көрінісін бейнелеу жанрын не дейміз?

Балалар сендер бүгін жақсы суретші болдыңдар, жұмыстарың өте тамаша шығыпты.

Тәрбиеші балалардың суретіне талдау жасап жақсы салынған суреттерді балаларға көрсетеді.