Көлік түрлерін таңдаймыз

Коммуналды  мемлекеттік  қазыналық  кәсіпорын.
№8 «Ақбота»  шипа-жай  типті  бөбекжай —  балабақшасы, Атырау қаласы.
Жоғары санатты тәрбиеші  Дюсемалиева Гульсим Жексеновна

Ұйымдастырылған  оқу қызметінің  технологиялық  картасы
Білім беру  саласы:        Таным.
Оқу қызметінің  түрі : Қоршаған ортамен танысу

Тақырыбы:     Көлік  түрлерін  таңдаймыз.


Мақсаты:Білімділік :Балаларды көлік түрлерімен таныстыру; жүргізуші  мамандығы  және жол қауіпсіздігі ережесі туралы білімдерін бекіту. Көліктерді түрлеріне қарай топтастыру дағдыларына жаттықтыру; балалардың сөздік қорларын көлік түрлерінің  және көліктерді басқаратын мамандық түрлерінің  атауларымен толықтыру.

Дамытушылық: балалардың  қызығушылығын, ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Жүргізушінің  еңбегіне сыйластықпен қарауға, жол тәртібі ережесін сақтай білуге тәрбиелеу.

Билингвизм: жүргізуші – шофер, көлік түрлері – виды транспорта;
Технологиялық қамтамасыз ету:  көлік түрлері , жолдар,теңіз , темір жол, аэродром немесе бұлтты аспан  бейнеленген суреттер; көліктердің дыбыстары жазылған аудиожазба; бағдаршамның түстеріне сәйкес 3 дөңгелек, доптар;  тыныс алу жаттығуларына сүрткіш – желкендер.

Алдын – ала жүргізілетін  жұмыстар:
-Көліктерді бақылау;
-«Көліктер» тақырыбына арналған заттық  және  мазмұнды суреттерді қарау;
-Көліктердің дайын  суреттерін бояту;
-Жол тәртібі ережесіне сай д\ ойын өткізу немесе әңгімелесу.
Жүру барысы: Балалармен амандасу.
Өлең  жолдарын  айту.
Өрнектейтін өмірді,
Өнердің бәрі көңілді!
Қолы алтын шебердің,
Бәрі жақсы өнердің.
Педагог:
-Адам алуан  түрлі  қызықты мамандықтарды  ойлап тапты.Сендердің әрқайсыларың  өскенде немен шұғылданатындарыңды және қандай мамандықты қалайтындарыңды таңдайсыңдар. Ал бүгін біздерді  бір жерден екінші жерге жеткізетін, міндеттері адамдар мен жүктерді  әртүрлі қашықтыққа  тасымалдау болып табылатын адамдар туралы болмақ.

Жұмбақты тыңдаңыздар:
«Бұл тұлпар су ішпейді.жем жемейді,
Ескеріп ешбір адам емдемейді,
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Киіп ап төрт  дөңгелек дөңгелейді». (көлік)
-Көлікті  басқарып отыратын адамды кім дейді?
Балалардың жауабы:
-Жүргізуші немесе шофер.
-Дұрыс айтасыңдар, бұл – көлік жүргізуші.
-Қалай ойлайсыңдар , жақсы жүргізуші қандай болуы  керек? Ол нені біліп, нені істей алуы керек?
Балалардың жауабы:  ( зерделі, жауапкершілігі мол,мейірімді, тәртіпті, жұмысына адал,  еңбексүйгіш т.с.с.)
-Соның ішінде ең бастысы ол – жол тәртібі ережесін жақсы білуі тиіс, өйткені  жолаушылар мен  жаяу  жүргіншілердің  қауіпсіздігі оған тікелей байланысты. Жол тәртібі ережесін тек қана жүргізуші ғана емес, жаяу жүргіншілер де біліп, және оның талаптарын үнемі  орындаулары тиіс. Бұл өте маңызды!
Дидактикалық ойын:  «Барлық мамандық маңызды».

Шарты: Педагог балаларға көлік түрлерінің суреттерін ұсынып, қай көлікті кім басқаратынын еске түсіруді тапсырады. Балалардың жауабын кеңірек түрде алу ұсынылады.( мысалы: ұшақты – ержүрек  ұшқыш, кемені –батыл капитан) т.с.с. Мына көліктер ұсынылады: жеңіл автомобиль, ұшақ,  ғарыш кемесі, тікұшақ, велосипед, мотоцикл, поезд.
Педагог барлық  қаралған барлық суреттерді балаларға көрсетіп:
-Мына суретте бейнеленгендерді  бір сөзбен қалай атауға болады?
Балалардың жауабы.
-Дұрыс айтасыңдар: көліктер деп аталады. Көліктің түрлері өте көп, біреулері – аспанда ұшса, енді біреулері – жолда жүреді,  үшіншілері теңіздер мен мұхиттарда жүзеді.Бұлардан басқа жердің астымен жүретін көліктер бар ,ол – метро деп аталады. Олай болса көліктердің қандай түрлері болады?
Балалардың жауабы ( суда , құрылықта, аспанда және жердің астында жүретін көліктер).


-Өте жақсы, жақсылап ойланып жауап бердіңіздер , көлік адамдарға не үшін қажет? Балалардың жауабы.

Дидактикалық ойын:  «Жүреді,жүзеді, ұщады».
Шарты: Балалар үстелдің  үстінде жатқан  суреттерден  кез –келген бір көліктің түрін алып, осы көлік түрінің  қозғалатын жері бейнеленген суреттің қасына апарып қояды. ( жол, теңіз айлағы, темір жол, аэродром,бұлтты аспан).
Дидактикалық ойын:  «Көліктің түрін есту бойынша тап».
Шарты: Педагог кезекпе -кезек көлік түрлерінің шығаратын дыбыстарын  қосады- тежегіштің ( тормоз) сықыры, поездың гудогі, пароходтың  гудогі, ұшақтың дүрілі, вагонның дөңгелегінің жүріп келе жатқан дыбысы,жұмыс жасап тұрған автомобильдің моторының дыбысы. Дыбыстарды тыңдап болғаннан кейін балалар қай көлік түрінің  дыбысы екенін ажыратуы тиіс.
Қимылды ойын: «Жүк тиеген поезд».
Балалар шеңберге тұрады.Белгі берілген кезде олар допты бір – біріне  кезекпе – кезек береді( вагон тиеп жатыр). «Жүк тиеу аяқталды» деген белгі берілген кезде  балалар шеңбер бойымен дыбыс шығарып, поездің жүрісін салып 1 минуттай жүреді.Содан соң поезд тоқтаған кезде  балалар «ш-ш-ш-ш»,- деп  тыныс шығарады.Мұрын арқылы терең тыныс алып, күш жинап болып, «жүкті түсіруге кіріседі» -допты шеңбер бойымен кері бағытта бір – біріне беріп шығады.

Педагогтың әңгімесі:
-Балалар енді көліктердің  түрлері қандай жүйелілікпен пайда болғанына  тоқталып өтейік. Алғашында адамдар өз бетінше жүріп, жүктерді өздері арқалап  тасыған. Қалай ойлайсыңдар,  осыншама ауыр жүкті  арқалап  тасу оңай болды ма? Иә, бұл өте ауыр болды.Осы кезде адамдарға көмекші табыла бастады… Олар —  үй жануарлары еді. Олар :жылқы, есек, ал ыссы аймақтарда пілдер болды. Адамдарға  саяхатқа  шығуға және аздаған  жүктерді тасымалдауға жағдай туды.Содан кейін адамдар қайық пен желкенді ойлап тапты, ағаштан кемелер жасап, желдің  күшімен желкенді үріп,өзендер мен теңіздерде, кейіннен мұхиттарға жүзуге мүмкіндік алды. Мұның барлығы адамдарға алыс және  жұмбақ жерлерді  ашты.
Тыныс алу жаттығуы «Жел желкенді  үреді».
Балалар қолдарына сүрткіш – салфетканы алып үреді -жел желкенді үреді. Желкенді үруге желдің әртүрлі күштерін қолдануды ұсынылады – тыныс алу.
Ұзақ  жылдар бойына үй жануарлары мен жел адамға  қызмет етіп келді.Бірақ адамдардың сұранысы жыл өткен сайын өсе берді, енді  адамдардың ауыр жүктерін алысқа  ешқандай жылқы да тасымалдай алмайтын болды. Осы кезден бастап адамдар басқа көлік құралдары  керек екені туралы ойлана бастады. Осылайша көліктің басқа түрі пайда болды, ,оның ең алғашқысы  -ауа шары болатын. Ауа шары адамды не пайдалы жүкті көтеріп, алыс жерлерге  тасымалдай алатын еді, бірақ ауа шарын басқару адамға қиынға соқты –ол жел қайда айдаса, сонда баратын еді. Сондықтан адамдар әрі қарай ойлана берді. Бірнеше уақыт өткеннен кейін адам двигательді –қозғалтқышты ойлап тапты, ол әрбір көліктің жүрегі еді.Алғашқы қозғалтқыштар көмір мен  ағашпен жүретін ,ол бықсып жанатын, күйе болатын, бірақ бұл өнертапқыштарға  алғашқы  поезд –паровозды ойлап табуға септігін тигізді. Паровоз ең ауыр жүктерді және адамдарды өте үлкен қашықтыққа тасымалдайтын   болды. Бірақ поездар жүретін  рельстерді кез – келген жерге салуға болмайтын болды. Не істеу керек? Осы мезгілде өнертапқыштар  паровозды дөңгелектің үстіне қояды, осылайша  алғашқы автомобиль  пайда  болды. Осы кезден бастап көлік түрлері бірте – бірте жетілдіріліп отырды. Бензинмен жүретінт қозғалтқышы бар көліктер қуатты әрі жылдам қозғалатын болды.Мұндай қозғалтқыштарды адамдар  планерге салып, ұшақты ойлап шығарды. Осылардан кейін ғана тікұшақтар, су астында жүзетін қайықтар (подводные лодки), метро т.б. пайда болды.

Сергіту сәті: «Бағдаршам»: Педагог: «Моторды қыздырамыз».- дегенде балалар бірінің артынан бірі р-р-р-р  деп  орындарынан қозғалып жүре бастайды, ал тәрбиеші  кезекпен сары, қызыл, жасыл  дөңгелектерді көтере отырып, қозғалысты  басқарады.
-Балалар , сонымен бүгін біздер көлік түрлерімен таныстық.Жеңіл автомобильдермен, поезбен ,кемемен сендер бұрыннан таныссыңыздар. Сендер өмір бойы естеріңде мынаны ұстауларың керек: кез – келген жолда, кез – келген көлікте  келе жатқанда жол тәртібі ережесін қатаң сақтауларың керек. Сендер қайда жүрсеңдер  де аман болуларыңа тілектеспін.  Соңында  педагог балаларға  сұрақтар беріп, оқу іс –әрекетін қорытындылайды. Балаларды мадақталады.