Теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелері
Сабақтың тақырыбы : Теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелері.
Сабақтың мақсаты:
1.Теориялық білімін практикада қолдана білу,және білім-білік дағдыларын қалыптастыру.
2.Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыта отырып, ой-өрістерін кеңейтуге, шығармашылық жүмыс істеуге мүмкіндік жасау.
3.Шапшандыққа, өз бетімен жұмыс жасай білуге, үйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабағы.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, тапсырмалар, слайд.
Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Сынып оқушылары 2 топқа бөлінеді.
( Алғырлар тобы және Тапқырлар тобы.)
Топ басшылары сайланады. Бағалау парағы топ басшыларына тапсырылады.
2. Үй тапсырманы тексеру. «Біліктілік» -бөлімі. Сұрақтарға жауап бер —
деген,сыртында алатын ұпай жазылған ұяшық сұрақтарына әр топтан оқушылар жауап береді.
1.Теңсіздіктерді дәлелдеу дегеніміз не? 3 ұпай.
2.Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулердің анықтамасы. Мысалдар.
3 ұпай.
3.Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулердің анықтамасы.
Мысалдар.4 ұпай
4.Бір айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесінің
анықтамасы.4ұпай
5.Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесінің анықтамасы.
4 ұпай.
6.Екі айнымалысы бар теңсіздіктердің анықтамасы. 3 ұпай.
7.Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесінің шешу
әдістері. 5 ұпай.
8. Алмастыру әдісінің орындау алгоритмі. 5 ұпай.
9. Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесінің
анықтамасы. 5 ұпай.
«Тапқырлық» бөлімі. Екі топтың оқушылары ұпайы көрсетілген есептерді таңдап шығарады. (Топ басшылары қиындығы жоғары есептерді шығарады)
Алғырлар.
1 .Теңдеулер жүйесін шешіңдер :
а) { █(ײ+у²=74 @х-у= 2 )┤ 3 ұпай
Б){█(х+у=4@x^2-4y=5 )┤ 5 ұпай
В){█(у≤-2х²@у+5≥0)┤ 10ұпай
2. Бір айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесін шешіңдер :
{█(2x²-5x≥7@x≥3)┤ 5.
3. {█((х+2)^2<(2х-3)^2-8(х-5)@х²-х-42≤0)┤ 10 ұпай.
Тапқырлар.
1.Теңдеулер жүйесін шешіңдер:
а){█(х²+у²=20@х-у=6)┤ 3 ұпай.
Б) {█(х²-3у=22@х+у=2)┤ 5 ұпай.
В){█(у≤-2х²@у+5≥0)┤ 10 ұпай.
2. Бір айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесін шешіңдер:
{█(2х²+9х≤-7@х≤-2,5)┤ 5.
3. {█((х+2)^2<(2х-3)^2-8(х-5)@х²-х-42≤0)┤ 10 ұпай
III.Шығармашылық бөлімі: Оқушылар шығармашылық жүмыстарын қорғайды.
1.Арифметикалық, геометриялық, квадраттық, гармониялық орталардың ара қатынасын қолдану әдісі.
2.Жаңа айнымалы еңгізу әдісі.
3.Математикалық индукция тәсілін қолдану.
IV.Сабақтың қорытындысы.
V.Үйге тапсырма: Реферат дайындау. Тест тапсырмаларын құрастырү.
VI.Бағалау. Әр топтың топ басшылары бағалау парағы бойынша топ мүшелерінің бағаларын айтады. Содан кейін мұғалім жүйелеп оқушыларды нақты бағалайды, жеңімпаз топты анықтайды.