Форма және түс

Форма және түс

Мақсаты: Баланың сенімін тұрақтандыру. Өзін қоршаған ортаға деген көзқарасын, ой-өрісін, есте сақтау дағдысын қалыптастыру. Заттар, құбылыстар жөніндегі ұғымын тиянақтап, тіл байлығын жетілдіру.

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, геометриялық пішіндер, суретті кестелер, ойыншықтар


  1. Психолог: Бүгін біз форма және түстер туралы қарастырамыз. Ол үшін бір сәт өз айналамызға қарайық: үйлер, парта, тақта, күн бейнесі, аң, құстар, үй жануарлары, теледидар, кесе, табақ, шелек, тағы сол сияқты заттардың әрқайсысының пішіндері әр түрлі екенін байқаймыз. Сол сияқты, олардың түстері де әртүрлі болып келеді.
  • Мына алдымызда тұрған үстелдің беті туралы айтып көрші!
  • Төртбұрышты, ақ бояумен боялған.
  • Дөңгелек, көк түспен боялған.
  • Ал мына сәбізді мұқият қарашы, пішіні неге ұқсайды?
  • Үшбұрышқа ұқсайды, түсі қызғылт.
  • Тағы қандай пішіндерді білесің?
  • Дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш, сопақ.
  1. Салыстыру, ажырату бағытындағы ұғымын тиянақтау.

Кестеде дөңгелектер біркелкі орналастырылған, олар түрлі-түсті болып боялған.

  • Мұнда қандай форма бейнеленген?
  • Олардың қандай айырмашылығы бар?
  • Дөңгелектер, бәрі де бірдей, тек түстері әр түрлі: қызыл, жасыл, көк, қоңыр, ақ т.с.с
  1. Оң, сол, асты, үсті, жоғары, төмен, алдында, артында – бағыттау ұғымдары қарастырылады.
  • Бірінші қатарда, үшінші боп қандай дөңгелек тұр?
  • Көк дөңгелектің оң жағында қандай дөңгелек тұр?
  • Көктің астында қандай түсті дөңгелек?
  • Көктің алдында қандай түсті дөңгелек тұр?
  • Ал ақ дөңгелектің астында қандай дөңгелек тұр?
  • Қоңырдан төмен қарай қандай дөңгелек орналасқан?
  • Қызылдан жоғары қарай қай дөңгелек орналасқан?
  • Сонымен біз қандай фигура-формамен жұмыс жасадық?
  • Дөңгелектерден басқа қандай фигураларды білесің?
  1. Геометриялық пішіндер ұғымын жете меңгерту. Түрлі-түсті қағаздардан қиылған формаларды үлесіп ала отырып, тағы бір атап алайық:
  • Байқағыштығын бақылау, көз жеткізу.
  • Олар неге бұлай аталады?
  • Өйткені олардың бұрыштары, қабырғалары бар.
  • Мен сендерді кішкене толықтыра түсейін, егер төртбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары бірдей болса, шаршы деп те атауға болады. Ал дөңгелекті шеңбер деп атауға болады. Жалпы бұларды формалар дегеннен гөрі геометриялық пішін деп атаған жөн.
  • Ал мына форманы қарашы, пішіні қандай? Дөңгелек немесе шеңбер деуге бола ма? Неге ұқсайды?

 

  • Ол сопақ, жұмыртқа тәрізді, қияр тәрізді.
  • Өте жақсы, атап, ұқсата білдіңдер.
  1. Суретті терапия

Оқушы өзі пайдаланған формалар бойынша салған суретін түсіндіріп әңгімелейді.

 

  1. «Ойнайық та, ойлайық!» ойыны

Оқушылардың сөздік қорын зерттеу

А) мыналардың дәмі қандай?

Қант –


Тұз –

Лимон –

Пияз –

Ә) мына азықтардың түсі қандай?

Алма –

Қияр –

Қызанақ –

Қарбыз –

Б) мына жануаолардың мінез-қырлары қандай?

Қасқар –

Қоян –

Түлкі –

Ит –

  1. Рефлексия
  • Бүгінгі сабағымыз сендерге ұнады ма?
  • Мендер сабақ бойы өте көп жұмыс жасадыңдар, белсенділік көрсеттіңдер. Рақмет!