Отбасы – тәрбиенің басты ошағы

Тәрбие балаға отбасынан беріледі,

Тәрбиеден бала не көрсе соны іледі. – демекші бала тәрбиесі отбасынан басталады. Тәрбиелі, өнегелі отбасынан жан- жақты дамыған тәрбиелі бала өсіп шықса керек. Әр отбасы өзіндік мәнді ерекшеліктерімен көрінеді.

Осы мақсатта, «Отбасы – тәрбиенің басты ошағы» тақырыбында ата- аналар арасында пікір- сайыс өтті. Аталған тақырып көлемінде ата- аналар өзара пікір алысып, әр түрлі жағдайлардан қалай шығу керектігі жайлы ойларын айтып, ортаға салды.


Әр отбасы өзіндік тәрбие ерекшеліктерін атап айтты. Бір отбасы үлкендердің салт- дәстүрін ескерсе, енді бірі- баланың айтқаның орындаймыз, қалағаның алып береміз, баланың ойын жүзеге асырамыз,- дейді. Келесі бір отбасы- өркениетті заман талабына сай етіп тәрбиелейміз ,- деп ойларын түйіндеді.

Бұл- әр отбасының тәрбиелік көрінісі.

«Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» демекші ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау — ата-ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала — әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік.!