Қазақтың ұлы хандары сабақ жоспары
Мақсаты : Егеменді елеміздің болашағы жас ұрпақтар . Осы болашағымызды жалғастырушы ұрпақтың бойына Отанға деген сүйіспеншіліктерін , туған жері мен елін сүйюге , оларды қорғай білуге тәрбиелеу. Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру . Отандылшыққа , бірлікке ,ынтымаққа тәрбиелеу.
Жүргізуші : Кең пейілді қонақжай елім бар сүйген
Туған жердей жер болмас, ойыма түйген
Көк аспанда қалықта, самға қыраным
Мақтанышым , айбарым Қазақстаным !
Қурметті қонақтар , балалар! Биыл қазақтың тарихы қайта жаңғырып, өткенге салауат айтып, болашаққа тағы бір қадам жасаған ерекше жыл .
Нақтырақ айтсаң , қазақ мемлекеттілігінің негізі болган – қазақ хандығының қурылғанына 550 жыл толып отыр . Бұл торқалы той , мерейлі мереке. Ұлы дала елінің мерекесі құтты болсын !
« Ән Ұран »
Зере: Ән Ұраным – жан ураным ,
Айтар әнім , сойлер сөзім
Туған жерім сағынарым
Мәңгі бақи шырқалады ,
Республика әнұраны.
Т.Ерлан: Тәуелсіздік жолында
Талай-талай тер тамған
Бүлегім өз қолымда
Еркіндігім ел таңбаи.
Бақдаулет: Отан туы желбіреп ,
Көз тартады құбыла
Біз қараймыз елжіреп
Туған жердің туына .
Жанель: Бойымда жігер тұрғанда сенім ,
Жалындап өтем жолында сенің
Елбасы басқарған аяулы отаным!
Қазақстан – Республикам менің!
Сұлтан : Қазақстан — туған жерім , мақтанышым
Өзің жайлы қанша жырды жаттадым
Ертеңдердеде шақырады еріксіз .
Әр күн күліп атқан ақ таңым .
Анелья: Отан – тарих , отан – тіл ,
Жасаған елін ер халқын
Отан – өлкең , отан – жыр ,
Көтерген көкке ел даңқын .
Ән : « Отан »
Жүргізуші : Қазақ халқының озара бытырап , бөлшектенуін жоюға , әрекет жасау , Жошы ұрпақтары Керей мен Жәнібектің үлесіне тиді .
Жансая: Рухы мен тілін жанындай сүйген
Ұлт ушін дәуір отына күйген
Аталар болды алаулы.
Армандай асқар ,
Жолдарға бастар ,
Ісіңнен ұрпақ от алар
Қалмайсын көштен
Шықпайсын естен ,
Тағдыры шыншыл аталар .
Көрініс : « Қазақ хандығын құру »
(Керей мен Жәнібек сұхбат құруда уйге Жиренше мен Елші кіреді)
-Ассалаумағалейкум , ағалар !
-Уағалейхумсалам , төрлетіңіздер .
Жиренше: Біз бір маңызды мәселемен келіп тұрмыз . Елден тыныштық , ауызбіршілік кетті . Халықтың арасында ойраттар көбейді . Бөлінетін кез келді ме екен ?
Жанібек : — Ия сөздерің рас , бұл бейберекетке қарапайым халықта ілігіп отыр . Өз алдымызға ел болатын күн келді.
Керей: Бар қазақты біріктіретін . Уақыт келгенін халықта түсінді , бізді қолдайды деп сенеміз .
Жиренше: Ия , дұрыс айтамыз бастаңыздар .Біз сіздермен біргеміз ! Кезінде аталарыңыз ел билеген.Атақты хандар болған.
Жәнібек : Уа халайық орда құрып , қазақ хандығының улттық
туын тігейік , елдің умітін ақтайық.Бұл біздің тағдырымыз ! Бұл біздің таңдауымыз ! Мәңгілік елімізде бейбітшілікпен береке болсын !
Елші : Біз ел жүрек қазақ халқымыз ! Сол қаһарман халықтың алға қойған ізгі мұраты бар . Ол ұлы дала төсінде мәңгілік ел жасау . Ендеше әркашан еліміз аман , бауырымыз бүтін болсын !
Ұлы максаттарға жетуге бізге бабалардың әруағы жар болсын ! Туымыз тұғырлы болсын !
( Туды ұсынады .Керей құранға қолын қойып , ант береді .)
Керей : Уа халайық қабыл ет менің антымды .
Бисмиллахи – раһмани рахим .
Жолымды алла қолдасын .
Ел журтым аман болсын
Қазақ халқы — мәңгілік ел болсын !
Ерді ел қолдаса — береке
Ханды ел қолдаса — мереке !
Әуенмин.
( осы кезде Абылайхан кіріп келеді )
Аблайхан : Халқымның өшкенін жандырып , өлгені тірілтті
Ұрпағымызға ұлан — ғайр жер , қоңыс қалдырайық .
Бірлік біздің барлық жеңістеріміздің алтын қайнары ,
Ел қорғағанда күш — куат берер асқақ айбары !
Керейхан мен Жанібекхан қазақ хандығының
шаңырағын көтереді . Уа халқым әруақ !
Балалар : Әруақ ! Әруак ! Әруақ !
Жүргізуші : Көнеден қалған елімізде үрдіс бар екен . Халық сайлаған ханды ақ киізге отырғызып үш рет көтерген екен .
( Керейханды көтере бастайды үш рет )
Балалар : Керейхан ! деп үш рет айтады .
Жүргізуші : Құрметті қонақтар ! Ұлы дала елінің 550 жыл тойына біздің бүлдіршіндеріміздің , тартуын тамашалаңыздар ! Олай болса балалар өткен сүрлеуі мол соқпақты жолды жадымызда току – әрбір қазақтың парызы .
Тақырыптар:
Аяулым : Елімнің атын айтсам — Қазақстан
Жерімнің атын айтсам — Қазақстан
Қазақстан отаным мақтанышым
Мен сені жырлаймын мақтан үшін !
Ақжігіт : Бақытты боп жургенім
Сенің арқаң ұлы отан
Елім менің тірегім
Құжағыңа гүл атам
Эльдана : Ел бірлігі – жай сөз емес ,
Ел бірлігі – мәңгілік
Ел бірлігі – бақытты ел
Ел бірлігі – балалық шақ бақытты .
Сафир : Отан – менің ата – анам
Отан – досым , бауырым
Отан – өлкем астанам
Отан – аудан ауылым .
Назерке : Гүл жайнаған астана
Қазақстан отаным
Бірін – бірі сыйлаған
Туысқандар отаны .
Ясмина : Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды , кенеле бер
Мерейің құтты болсын , Қазақстан !
Ғасырлар тойы болшы келеберер .
Жүргізуші : Кіндігіне тамсанам сайын даламның
Самал желмен жарысқан мына балаларың ,
Отаным бар мен бармын , қазағым барда
Ынтымақты ту еткен қазағым алға !
« Ритмика »
Жүргізуші : Қылышы өткір болса
Батырлар талмайды
Отаным берік болса
Жауың алмайды .
« Батырлар биі »
Фатима : Әрбір қазақ біледі , Оңтүстік елін
Қазығұрт пен Түркістан киелі қала
Мақта берген мақтарал жеміс пен егін
Барлығының журегі сенсің шымқала
Асылжан : Ата – баба дәстүрін , дінін сақтаған
Қонақ келсе құшағын жаяды әр кез
Сенде туып өскеніме менде мақтанам
О Шымқала сұлусың не деген хербез !
Ән : « Шымқала »
Жургізуші : Қазақ елі – қашаннанда жыр елі
Тарихында тұлғалар көп киелі ,
Қазақстан аясында , бұрыннан
Бірнеше ұлт бірге өмір сүреді .
Соның бірі Рессей елінің биін ,
Біздің қыздар ұқсата билейді .
« Орыс халық биі »
Айқын : Гүлдене бер отаным
Көтерген туын Нұр ағам
Көбейткен достың қатары
Мардан : Еліне арналатын тілегі шын ,
Ұрпақтарым — Отанымның тілегісін !
Іргесін туған елдің тіреп тұрған
Қадірін ата заңның білемісің !
Лаура : Асқар тауым – Қазақстан
Әсем әнім — Қазақстан
Қазақстан – Отаным деп ,
Әрқашанда мақтана өлем .
Раяна : Дөңгелене турамыз
Керегені құраңыз
Уық болып шіліп
Шаңыраққа келіп
Ойынды да ойнаймыз
Ойын : « Шаңырақ »
Жүргізуші : Бір – бірімен тату – тәтті тұрады
Бәрі де Қазақстанның турағы
Туған жерге тебіренген сәттерді .
Ағылады өлең – бидің бұлағы .
« Дон – Казактардың » биі
Жүргізуші : Балалар осы атаулы іс – шарамыз жылдың , қой мезгілінде тойлап жатырымыз ?
Балалар : Күзде.
Жургізуші : Олай болса кездің ең шырын – дәмді Жидектеріміз, құлпынайлар , сахнада қарсы олайық
« Құлпынайлар биі »
Әділет : Қарашы күз келді , куз келді
Жапырақ жауыпты іздерді
Құс біткен керуен түзеді
Қара бұлт қабағын түйеді .
Жансара : Тілегім аман болсын ел іргесі
Алтын күз қайта келді берекесі
Молшылықтың жоршысы бола , білдей
Алтын күз — орыс , береке , бірлік ала келді .
Нұрарман : Қоңыр салқын тарады
Қойнаулар мен сайлардан ,
Қаздар қайтып барады
Қайтқан елдей жайлаудан .
Жансель : Соңғы шуаң төгіліп
Жалуынданып тұр аймақ
Аз саулеге шонылып
Жапырақтар жүр ойнап
Жасулан : Көктен көзін бір алмай
Қызғылт тартты кәрі қуз
Жер қызығын қия алмай
Маужырап тур сары күз .
Айбек : Бұлттар төніп , жерге төгіп ,
Дымқыл туман басады
Шөп сарғайып , өңі тайып
Дала суры қашады .
Қасиет : Қыстың жаңын қолғанын
Жапырақтар білгендей
Желмен ұшып барады .
Жерге қонып үлгермей .
Жүргізуші : Ырғақтана би билеп
Шығамыз біз ортаға
Бүгінгі той тамаша
Билейікші таласа .
« Көңілді би
Жургізуші : Елімнің атын айтсам – Қазақстан
Жерімнің атын айтсам — Қазақстан
Қазақстан туған елім ұлы өлкем ,
Абыройыңды асқақтатар балалар
Ән — тілегімен
Ән : « Бала тілегі »
Мерекеміз өз мәресіне жетті ,
көріп тамашалағандарыңызға рахмет