Қарым-қатынас жасай білеміз бе сабақ жоспары

Тақырыбы: Қарым-қатынас жасай білеміз бе?     

Сынып: 8 «Б»

Уақыты: 10.12.2009


Мақсаты: Оқушылардың достық қарым-қатынас туралы пікіралмасу. Жақсы қарым-қатынас орнату жолдарымен таныстыру.

Формасы: дөңгелек үстел

Көрнекіліктер, құрал-жабдықтар: плакат.

Жүру барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Оқушылармен қарым-қатынас туралы пікір алмасу, әрбіреуінің ойларын, көзқарастарын тыңдау.

Қарым-қатынасқа түсу деңгейін дамыту жолдары төңірегінде ой-талқы:


  1. Көп қарым-қатынасқа түсу.

Алуан түрлі адамдармен ешбір түпкі ой, түпкі мақсатсыз сөйлесуге үйрену керек, қызбен де, жігітпен де жаспен де, қартпен де. Бірдеңе сұрау керек болса, сұраңыз. Жымиятын жағдай болса, жымиыңыз. Ең болмаса әңгімеге қызу араласыңыз.

  1. Әзіл-қалжың сезімін дамыту.

Әр жағдайдан көңілді нәтиже көздеуге тырысыңыз. Күлдіргі бір нәрсе айтып, басқалардың да, өзіңіздің де көңіліңізді көтеріңіз. Ал анекдот айта білу де нағыз өнер. Ол өнер біреулерге табиғаттан берілсе, біреулер жаттығып жетеді. Әңгімешінін ең басты сыры әңгіменің орнын тауып айту.

  1. Көмек беруге, көмекке келуге дағдылану.

Көмекке келуге, көмек сұрауға дайын тұратын адам қарым-қатынас жасауға еш қиындықсыз шығады. Бөтен адам келе ме – қолыңызды беріңіз. Қалай қарай жүруді білмей тұрсыз, уақытты білмейсіз – сұраңыз. Білмегендерге өзіңіз айтып жіберіңіз.

  1.   Бет-пішіні. Ең негізгісі, сіздің бет-пішініңіз. Бет пішініңіз сабырлы, жылы күлуге дайын тұруы керек, тіпте күлмеген күннің өзінде күлкі нұры тұруға тиіс. Ал күлкі ұшқын айқын кезде Сіз бен Менің және мына дүниенің бары қандай жақсы дегенді білдіруі керек.

 

ІІІ. Өз театрың. Әртүрлі ситуациялардан шыға алулары керек.

  1. Бейтаныс адамдардан жол сұрау керек.
  2. Ашулы құрбыңнан түсінбеген сұрағыңды сұрау.
  3. Көшеде немесе транспортта және т.б. жерлерде танысу.

 

ІҮ. Тренингтер өткізу.

  1. «Сыйлық» тренингі. Ең жақын досыңа, құрбыңа сыйлықты сыйлау және қабылдау керек. Сыйлықты алған адам қандай сыйлық екенін табу керек.
  2. «Досым» тренингі. Бір-біріне жылы сөздер айтулары керек. «Сен менің ең жақын досымсың, өйткені…» деп, сол адамның бойындағы жақсы қасиеттерін айтады.
  3. «Достар». Релаксация.

Өз-өзіңізді жеңіл сезініңіз, бос ұстаңыздар. Сізге өте жайлы, ыңғайлы, көңіл-күйіңіз жақсы. Сіз өз достарыңыздың арасындасыз. Олармен қол ұстасып отырсыз. Бұл ең жақын достарыңыздың алақаны. Ол адам өмірдегі ең мейірімді, ашық, сүйкімді адамдардың бірі. Біз бір-бірімізбен өте жақын достармыз, көмекке әрдайым дайынбыз. Біз бір-бірімізді сыйлаймыз, қадірлейміз.

Мен ең жақын достарымның ортасындамын. Олар барда мен ештеңеден де қорықпаймын. Мен оларға сенемін, өйткені олар менің достарым.

Біз осылай әрқашан дос болуға сөз береміз жәңе сол сөзімізге берік боламыз.

Көздеріңізді ашыңыздар.

Ү. Алған әсерлермен бөлісу.

Тәрбие сағатын қорытындылау.