Кешірімділік сабақ жоспары
Жамбыл облысы,
Байзақ ауданы
Мырзатай ауылы
«Алтын ұя» балабақшасының
тәрбиешісі Барлыбаева А
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы
Тақырыбы: «Кешірімділік»
Мақсаты: Балалардың достық құндылығы және татулық, кешірімділік адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.
Іс -әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Бағыт бағдар беру
Ұйымдасқан ізденушілік
Ойын-жаттығу
Таңғажайып сәт
Сергіту сәті
Шаттық шеңбері:
Кешірімді боламыз,
Жұлдыздай болып жанамыз,
Кішіпейіл боламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Психолог:
— Балалар, казір жылдың қай мезгілі?
— Далада күн қандай?
— Ашық па, бұлытты ма?
Апаң сенің базардан,
Алма сатып әкелді.
Ең үлкен жақсысын,
Саған таңдап әперді.
Не деп барып жеу керек?
Балалар жүр көшеде,
Естілді шу айқай,
Сен де шықтың көршіңді,
Қағып кеттің байқамай,
Мұндай да не деу керек?
Психолог:
— Дұрыс. Кешіріңіз.
— Жарайсыңдар балалар, міне бүгінгі біздің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы «Кешірімділік»
— Балалар біз бір-бірімізбен ренжіскен кезде ойыншықтармен ойнап отырып қрысып қалған доысмыздан кешірім сұраймыз.Үйде әжемізді, анамызды ренжіткен кезде не сұраймыз?
— Әрине кешіріңіз деп кещірім сұрауымыз керек.
Адамдарға кешіріммен қарайтын,
Жан жылуы жылулық боп тарайтын.
Кішіпейіл бала болғым келеді,
Айналасын нұрлы күнге балайтын.
— «Күннің көзі бұлттан арылту.»
Ойынның шарты: Тақтада алдын ала дайындаған бетті бұлтпен толық жабылған күннің маркеті тұрады. Балалар кезегімен шығып, күннің бетін бұлттан тазартады. Бұлттардың арғы бетінде сұрақтар жазылған. Балалар сұрақтарға жауап беріп біткенде күннің көзі бұлттан арылып, сәулесін шашады.
— Жарайсыңдар балалар, біреу жылай ма? Есиіп отырсыңдарма? Асылай сен көріп келе қойшы.
— Келе ғой кішкентай қозы.
Қозы: — мені достарым тастап кетті. Мен жалғызбын, не істерімді білмеймін.
— Балалар қандай аянышты, аялы сөздермен жұбатайық қозыны.
Күйші домбыра тартады,
Биші биін білейді.
Біз шапалақ соғамыз,
Орнымызды табамыз.
— Міне көрдің бе, кішкене қозы. Сен кешірімді,мейрімді достарға тап болдың да жалғызсырап жатқан шығар.
— Қозы: Балалар сендерге көп көп рахмет. Мен қуаныштымын. Балалар қосылып айтады.
Қыс мезгілі
Суық,бирақ күн ашық
Қос тіл:
Рахмет – спасибо
Кешіріңіз – извените
Асылай:Бұл кішкентай қозы ғой жылап тұрған.
-Қозы сен жыламашы
-Қозы сен жалғыз емессің
-Қозы біз сенмен доспыз
-Қозы біз сені жақсы көреміз.
Балалар іс-қимылмен жасап көрсетеді
Қорытынды -Балалар,сендер өте мейрімді іс жасадыңдар. Жылаған қозыны жұбата алдыңдар. Мен қуанып, сендерге риза болып отырмын.
-Балалар сендер түсіндіңдер ме?
Балаларды мақтап, мадақтау. Кешірім жасау — татуласуға бірішнші қадам жасау.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Жылаған достарын жұбата біледі
Игереді: Балалар достық адами қасиеттерін игереді.
Түсінеді: Мейрімді, кешірімді болуды түсінеді.