Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық борышың» сабақ жоспары

Бекітемін:
Оқу ісінің меңгерушісі:Л.Ғылымбаева
ШҚО Абай ауданы М.Әуезов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сағыбаева Айтолқын
Сабақ Пәні: Қазақ әдебиеті
Сынып: 6 Күні:21.10.2016 ж Барлық оқушы саны:21
Қатысқан оқушы:
Сілтеме Күнтізбелік жоспар, оқулық.Қазақ тілі- 5.Дидактикалық материалдар
Түрі: онлайн сабақ Типі:жаңа білімді меңгерту
Тақырып: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық борышың»
Жалпы
мақсаты 1.Оқушылардың Шәкәрім шығармашылығы бойынша білімдерін кеңейту. «Борыш» ұғымына талдау арқылы жете түсінік беру. Өлеңнің негізгі тақырыбы мен идеясын ашу.Өлең мазмұны мен құрылысына талдау.
2.Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, әдемі жазуға, ұқыптылыққа және адамның жақсы қасиеттеріне жақын болып жаман қасиеттерінен аулақ болуға баулу
3.Тақырып бойынша алған білімдерін практикада пайдалана білу дағдысын қалыптастыру, жаттығу жұмыстарын орындата отырып есте сақтау,ойлау қабілеттерін,сөздік қорларын дамыту
Ресурстары: Оқулық.6-сынып. Дидактикалық материалдар.Әдістеме 6-сынып Білімланд сайтының ресурстары
Әдіс-тәсілдері: Тәсілі жекелей,жұптық,топтық Әдістер:сұрақ-жауап, сыни тұрғыдан ойлау, өзін-өзі бағалау, «Топтатыру» әдісі, «Сұхбат алу» әдісі, «Ортадағы қаламсап» әдісі
Оқыту нәтижелері: • Жазушы өмірі мен шығармашылығынан хабардар болады.
• Сұраққа нақты жауап береді.Тапсырмаларды орындай алады
• Өлеңнің негізгі тақырыбы мен идеясын аша біледі.
• «Борыш» ұғымына жете түсініктерін қалыптастырады.
Түйінді
идеялар: Оқушыларды өз беттерімен ізденуге, оқулықтардағы мәтінді оқып ой қорытуға, өз беттерімен жаңа тақырыпты меңгеруге дағдыландыру.
Дереккөздер:
Керекті жабдықтар: Түрлі-түсті қаламдар, ақ қағаз,оқулық, АКТ, түсті жапырақтар
Сабақтың
барысы: Мұғалімнің іс- әрекеті Оқушының іс –әрекеті Бағалау Модульдар
І.Ұйымдастыру
Кезеңі
Оқушыларға жылы, мейірімді ықпал жасау.
Топқа бөлу 1.Сәлемдесу,түгендеу
2.Оқушының көңіл-күйін сабаққа аудару
Сергіту сәтін ұйымдастыру.
Бір-біріне тілек айту.
Түрлі-түсті жапырақтар бойынша топқа бөліну Ортаға шығып дөңгеленіп тұрады.Ішкі шеңбер сыртқы шеңберге өз тілектерін айтады. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
ІІ.Үй тапсырмасы: Үй тапсырмасын тексеру талдату
Абайдың отыз бірінші қара сөзі
Естілген сөзді ұмытпаудың төрт түрлі себебін ата
Егер ой кеселдері кез болса не істеу керек?
Ой кеселдерін ата
Күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселерді ата Оқушылар Абайдың отыз бірінші қара сөзі бойынша берілген сұраққа жауап беріп жіпке іледі. Бағдаршам арқылы бағалау
Үй тапсырмасы бойынша бәрі түсінікті болса жасыл түс. Сұрақтары бар болса сары түс. Ұқпаса қызыл түстерді көтереді.
Білімді
өзектендіру:
Жаңа сабақ:
1. «Топтастыру» әдісі
Ш.Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығынан хабардар болады.(бейнетаспа)
2. «Борыш» сөзіне түсінік беру.(бейнетаспа)
3.Шәкәрімнің «Адамдық борышың» өлеңі. Өлең мағынасын ашу.
Мәнерлеп оқу.(видео) «Ортадағы қаламсап» әдісі бойынша оқыту.
Өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу үшін «Топтастыру әдісін» қолдану.
Адамдық борышымыз не екен?
Өлеңнің негізгі тақырыбы- адамзат міндеті. Идеясы-артына үлгі аларлықтай іс қалдыру.
4. Жаңа сөздермен танысу.
Мансап-атақ
Нәпсі- жаман іс
Тұл-ешнәрсесі жоқ
Ғибрат-үлгі
Қауым-халық, ел

Борыш сөзін дәптерге жазу

Оқушылар өлеңнің мазмұнын тыңдап, оқып болғаннан соң,топтастыру әдісі бойынша адамның адамдық борышы туралы ойларын қорытып айтады.
Өлеңнің негізгі тақырыбы мен идеясын ашып айтады.


Сөздік дәптерлеріне жазады.

Смайликтер арқылы
Шығармашылық тапсырма Адамның жақсы және жаман қасиеттері.
І топ:Адамның жақсы қасиеттері: білімді, арлы,еңбекқор, сыпайы, шыншыл, өнерлі,жомарт,ата-анасын сыйлайды.
Өлеңнің құрылысына талдау жасау
ІІ топ:Жаман қасиеттері: мақтаншақ, білімсіз, мансапқор,айлакер, жалқау, өсекші, өтірікші.
Абай мен Шәкәрім салыстыру Венн диаграммасы.
ІІІ топ: «Бақыт» «Бақытты адам» «Сұхбат алу»әдісі
1.Бақыт дегеніміз не?
2.Қандай адам Бақытты адам деп ойлайсың?
3.Шын бақыт не?
4.Мәңгілік өлмейсің дегенді қалай түсінесің?
5.Өзің келешек ұрпаққа қандай жол көрсетіп жүрсің?

Постер қорғау
топпен жұмыс
Өлеңнің құрылысын талдайды
Венн диаграммасын толтыру

Дайындаған сұрақтары бойынша сұхбат алу Смайликтер арқылы
Сергіту сәті: Шаттық шеңбері
Сабақты
қорытындылау. Өлең мазмұны бойынша алған білімдерін жинақтау.
«Ақылдың алты қалпағы» әдісі

Ақ қалпақ-қажетті ақпарат. Бізге білім не үшін керек?

Сары қалпақ-жағымды жақты зерделеу

Жасыл қалпақ- жаңа идея.сыныптастарыңа қандай жағымды идея айтар едің?


Қызыл қалпақ-сезім, болжам, ішкі түйсік.

Қара қалпақ- «әзәзілдің қорғаушысы» кейбір тетіктер дұрыс емес

Көк қалпақ-бақылаушы
Үш топтан 6 оқушы шығып қалпақтарды киіп тапсырмаларды орындайды. Смайликтер арқылы
Бағалау Оқушыларды топ басшыларына бағалату
Рефлекция Бүгінгі сабақтағы көңіл-күйлерің қалай?
Үйге тапсырма «Менің борышым» ой толғау жазып келу

Естілген сөзді ұмытпаудың төрт түрлі себебін ата
Егер ой кеселдері кез болса не істеу керек?
Ой кеселдерін ата
Күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселерді ата