Сөз тұлғасы

Сабақтың тақырыбы: Сөз түлғасы. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға сөз тұлғасы жайлы толық түрде түсінік беру.,.
ә) дамытушылық: ой — өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігі, тіл мәдениетін дамыту, сауаттылыққа баулу.

б) тәрбиелік: оқушыларды елін, жерін, Отанын қадірлей білуге, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қалыпты жаңа сабақ


Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, бекіту, сөздікпен жұмыс, бағалау, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дидактикалык материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, т.б. Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу. Сабақтың типтері: кіріспе, ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, қорытындылау
. Сабақтың барысы:

1)             Ұйымдастыру кезеңі.

а)             Оқушылармен сәлемдесу.
ә) Кезекші мәлімдемесі.

б)             Журнал бойынша түгелдеу.


2)            Үй тапсырмасын сұрау.

а) Өткен сабақта өтілген ережелерді сұраймын.

ә) Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеремін

 

Сұрақ қою арқылы өткен тақырыпты бекітемін.

в)             Дәптерлерін алмастырамын.

3)Жана сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Сөз тұлғасы» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Сөз түрлі бөлшектерден тұрады. Сөз бөлшектерінің өзіне тән белгілі бір мағынасы және қызметі болады. Мысалы, жолдастьщца деген сөз мынадай төрт бөлшектен тұрады: жол-дас-тыц-ца. Бірінші жол бөлшегі «салған із» немесе «сапар» деген мағынаны білдірсе, оған -дас қосымшасы қосылған жолдас сөзі «серік» деген мағынаны беріп тү_р. Бүл сөзге -тыц қосымшасы жалғанып, адамдар арасындагы қатынас мағынасын білдіретін сөз жасалган. Соңғы -қа бөлшегі бүл сөзге жаңа мағына үстеп тұрған жоқ, басқа сөзбен байланыстыру қызметін атқарып түр.

Сөйтіп, сөздің түлғасы деген ұғымга түбір және қосымша деп аталатын бөлшектер кіреді. Сөз жалғыз бір түбірден де (мысалы, үй, әке, бала, т. б.), қосымшалы түбірден де (мысалы, маңдай-ша, өнер-паз, біл-ім, т. б.), екі түбірден де (мысалы, некен-саяц, жацсы-жаман, аццу, Марцакөл, т. б.) қүралады.

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жатығу жүмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 66-жаттығу. Бұл жаттығу жұмысының шарты мынадай: Сөздерді оқып, олардың құрамын ажыратыңдар да, ауыз-па талдаңдар.

Келесі орындалатын тапсырма: 67-жаттыгу жүмысының шарты:. Жапырагы сарғайган агашқа қарап, күз көрінісін бейнелеп жазыңдар. Сөздерге қосылған қосымшалардың астын сызыңдар. Жазған мөтіндеріңдегі туынды сөздердің жасалу жолын түсіндіріңдер.

Сабақтың корытындысы.

а)             Сүрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
ә) Оқушылардың білімін бағалаймын.

б)             Үйге тапсырма:  68-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін:  Мақал-
мөтелдердегі қосымшалардың түрлерін ажыратыңдар