Қарлығаш пен дәуіт сабақ жоспары

Білім саласы: қатынас
Ұйымдастырылған іс – әрекеті: көркем әдебиет
Сабақтың тақырыбы: «Қарлығаш пен дәуіт»
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділігі: Оқушыларға ертегілер жайлы толық мағлұмат беру,
ертегі түрлеріне тоқталу. «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісінің негізгі идеясын ашу;
2.Тәрбиелілігі: Оқушыларды адамгершілікке, бауырмалдылыққа,
еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
3.Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік
қорын молайту;

Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: өздік жұмыс, шығармашылық жұмыс.
Пәнаралық байланыс: сурет, еңбек.
Сабақтың көрнекілігі: таратпа материалдар, сызба кестелер, сюжетті суреттер.

Сабақтың барысы:


І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Шаттық шеңбері: Кәне, кәне, тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Тұрсақ енді шеңберге,
Алақанды ұрайық
Ұстаздарға бұрылып,
Амандасып алайық.
Сәлеметсіздерме ұстаздар!

1. Топқа бөлу: Қарлығаш, дәуіт, жылан, суреттерін тарату арқылы
3 топқа бөлу.

2. Жұмбақтар шешу:
Түсі қара мақпалдай,
Төсіне ақ сыр жаққандай.
Ұшса оқтай зырлайды,
Көктен жұлдыз аққандай. (Қарлығаш)

Бұдыр – бұдыр балшықты,
Жинады да талшықты
Ұқсаты қамытқа,
Ұя салды жабыққа. (Қарлығаш)
Үп – үшкір таяғы
Жыланның көзін ояды. (Дәуіт)

Қызығушылығын ояту: Қарлығаш, дәуіт, жылан туралы түсінік беру.

ІІІ. Жаңа сабақ
— Балалар, мен бүгін сендерді «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісімен таныстырамын.


IY. Сұрақ – жауап:
— Қарлығаштың ұясы қайда орналасқан ?
— Жылан не үшін келді ?
— Қарлығаш кімдерден көмек сұрады ?
— Олар көмек көрсетті ме ?
— Қарлығаш келе жатып жолдан кімді кездестірді?
— Дәуіт не деді?
— Дәуіт қандай іс жасады ?
— Дәуіттің ісі ерлікке жата ма ?

Y. Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық,
Қарлығаш болып ұшайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Жақсы сергіп қалайық.

Қарлығашқа ұқсайық,
Қанат жайып ұшайық.
Ұшып – ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.

— Балалар «Достық» дегеніміз не ?
— «Достық» туралы кім қандай мақал – мәтелдер біледі ?

• Күлме досыңа, келер басыңа.

• Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын.

• Дос басқа қарайды,
Дұшпан аяққа қарайды.

ҮІ. Әліппе дәптермен жұмыс.

YІI. Ойын: I топ. «Артық кейіпкерлерді » тап.

II топ. «Қарлығаш » құрастыр.

III топ. Мақал – мәтелдерді аяқта.

I топ – «қарлығашқа»

II топ. – «дәуітке»

III топ – «жыланға» мінездеме береді.
YIІI. Ырым – жорамалдар:

— Қарлығаш биік ұшса – күн ашық болады.

— Жер бауырлап ұшса – жаңбыр жауады.

— Қарлығаш жылы жақтан оралған кезде қораға қонса, қой егіз төлдейді, ақ мол болады. Ал, үй жақтауына немесе шатырына қонса, сол үйдің жан басы көбейеді.

— Түсіңде қарлығашты көрсең, бақытқа кенеледі екенсің.

IХ. Тапсырма: Қарлығаштың суретін бояу.

X. Қорытынды: