Әдеппен сөйлеп әдеттен сабақ жоспары

п Сабақтың тақырыбы: «Әдеппен сөйлеп әдеттен».
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету.
Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Түрлі – түсті суреттер, мақал – мәтелдер, тірек сызбалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу. (шаттық шеңбері)
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Кіріспе. «Әдеппен сөйлеп әдептен».
2. Көрініс. «Әдеп».
3. Бой сергіту сәті. Ойын «Тілек шоғы».
4. Суретпен жұмыс.
5. Мақал – мәтелдер. Дәптермен жұмыс.
6. Жалғастыр ойыны.
7. Қорытынды.
1. Кіріспе. «Әдеппен сөйлеп әдептен».
Балалар шаттық шеңберін құрып келген қонақтармен амандасады.
— Армысың қайырымды Аспан ата,
— Армысың мейірімді Жер – Ана,
— Армысың шұғылалы Нұрлы Күн,
— Армысың мектептегі сыныптас,
— Армсыздар, құрметті мұғалімдер.

Балалар, біз қазір неге амандастық деп ойлайсыңдар?
— Үлкендермен және барлық адамдермен амандасу керек.
Амандасу ненің белгісі?
Амандасу әдептіліктің белгісі.
Әдеп сақтау — адамгершілік белгісі. Әрбір адамның әдептілігі оның сөзінен, көзінен, өзінен байқалады.
Халық әдебі «сіз» деген сөзден басталады. Бұл сөз сыйласымды, құрметтеуді, ардақтауды білдіретін қасиетті сөз.
Қазақ халқында өзінен бірер жас үлкен болсын бейтаныс адамға «сіз» деп сөйлеу салтқа айналған. Өмірінде қателеспейтін адам жоқ. Аңғалдық жасап байқамай қалатындай кемшіліктер әркімде бар. Мұндай жағдайда «кешіріңіз», «ғафу етіңіз» деген ізгі сөзді айтып кемшілігін мойындаған адам әдептілік көрсетеді. Ол әдепті сөздерге «оқасы жоқ» деп жауап беру де әдептілік болып табылады.
«Әдепті бала — арлы бала, әдепсіз бала — сорлы бала» деген қазақта мақал бар, әдепті бала өзінің әдепті екендігін мектепте, қонаққа барғанда, тіпті үйде жүрген кезде көрсетеді. Мектепте таза киініп, әдемі таранып, үтіктелген формамен жүру керек. Сыныпқа уақытында кешікпей келу керек. Егерде кешігіп қалып, сыныпқа қоңыраудан кейін кіретін болсаң, мұғалімнен рұқсат сұраймыз.

Рұқсат па Сәлеметсіз бе


Рахмет Сыпайы сөздерге тоқталу. Кешіріңіз
Өтінемін Ғафу етіңіз
Ендеше әдепті, ақылды балалардың қандай болу керек екенін мына өлеңдерден тыңдайқ.
1. Ерғали. Сыйлап сәлем беремін,
Көршілерді көргенде,
Әдеппен бас иемін,
Үйге қонақ келгенде,
Әдепсіз деп сөкпесін,
Анама айтып өкпесін.

2. Адам. Кім үлкенді сыйласа,
Кім үлкенді тыңдаса
Үлкен болған кезіңде,
Сыйлы болмақ өзі де.

3. Ерік. Ата-ананың тілегі-адам болып өскенің,
Адамдықтың тірегі-адам болып өскенің.
Әдептілік дегенің-әрқашанда керегің,
Әсемпаздық дегенің-әуре сарсаң әлегің.

4. Ажар. Қалдыратын ұятқа,
Жалған сөзге төзбеймін.
Жеткізетін мұратқа,
Тек шындықты көздеймін.

5.Әли. Атам маған қашан да
Кішіпейіл бол деген.

2. Көрініс «Әдеп».
Бір жұрттың бас әкімі екінші бір байға жолығысып сөйлесіп тұрғанда, қасынан бір жарлы мұжық өтіп бара жатып иіліп, басұрып сәлем берді дейді. Оған қарсы әлгі үлкен әкім төре онан да төменірек басұрып сәлем алады. Қасындағы бай:
— Тақсыр сонша жұрттың үстінен қараған әкімсіз, осы бір мұжыққа неге сонша бас ұрасыз?-депті дейді. Сонда әкім:
— Ешбір ілім-білім үйренбеген мұжық сонша иіліп, әдептілігін көрсеткенде, мен одан әдепсіз болып қалайын ба?- дейді.

Мұғалім: Мінекей балалар! Қанша бай болса да сонша иіліп бас ұра сәлем берді. Бұл әдептіліктің белгісі. Егер сендер де қарт әжелерге, ата-аналарыңа жәрдем берер болсаңдар ол әдептілік белгісі.


3. Бойсергіту сәті. Ойын: «Тілек шоғы»
Ойынның шарты: Балалар дөңгелене отырады, әрқайсысының қолында гүл. Бірінші тәрбиеші бастап амандасып, тілек айтып жанындағы балаға гүл ұсынады. Бәрі осыны қайталайды. Бір шоқ гүл «Тілек шоғы» болып тәрбиешіге оралады. Бұдан шығатын қорытынды, өзгеге тілек тілеп, жақсылық істесең, ол өзіңе қайтып оралады.
Ойынның мақсаты: Балаларды достық қарым – қатынасқа, ұймшылдыққа тәрбиелеу. Сонымен бірге адамгершілікке, әдептілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
4. Суреттермен жұмыс.
Тақтаға ілінген суреттермен оқушыларды сұрақ-жауап арқылы сөйлету.
5. Мақал – мәтелдер. Дәптермен жұмыс.

1. Әдепті бала – арлы бала,
Әдепсіз бала – сорлы бала.

2. Әдептілік белгісі,
Иіліп сәлем бергені.
Тұрпайы мінез, тағы жат, Надандқтың белгісі.
6. Жалғастыр ойыны.
Жалғастыр ойынын таратпа арқылы тарату.
7. Қорытынды.

өтірікші

мақтаншақ Әдепсіз еріншек

мейірімсіз
кішіпейіл

еңбекқор әдепті ақылды

мейірімді