Түбір мен қосымша.

Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымша. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға сөз түлғасы және түбір мен қосымша жайлы толық түрде түсінік беру.

ә) дамытушылық: ой — өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігі, тіл мәдениетін дамыту, сауаттылыққа баулу.


б) тәрбиелік: оқушыларды елін, жерін, Отанын қадірлей білуге, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, бекіту, сөздікпен жүмыс, бағалау, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, т.б. Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ркымымен жұмыс жүргізу. Сабақтың типтері: кіріспе, үііымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, қорытындылау. Сабақтың барысы: 1) ¥йымдастыру кезеңі. а) Оқушылармен сәлемдесу.



ә) Кезекші мәлімдемесі.

б) Журнал бойынша түгелдеу.

2) Үй тапсырмасын сүрау.

а)  Өткен сабақта өтілген ережелерді сүраймын.

ә) Жаттығу жү_мысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеремін.

б)  Сұрақ қою арқылы өткен такырыпты бекітемін.

в)  Дәптерлерін алмастырамын.
3)Жаңа сабақты түсіндіру,

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Түбір мен қосымша» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Сөздің бастапкы мағыналы бөлшегін түбір дейді. Мысалы: жолдастъщ, сауыншылар, мектептердің, көрінген деген сөздердің түбірлері — жол, сау, мектеп, көр. Себебі бүлар қосымшасыз тұрып та белгілі бір магынаны білдіреді: жол — із немесе сапар, сау — сүт алу, мектеп -оқитын орын, көр — көзбен байқау.

Осы түбірлерге жалғанган -дас, -тьщ(жолдастъщ деген сөзде), -ын, -щы (сауыншы деген сөзде), -тер, -дің (мектептердің деген сөзде), -ін, -ген(көрінген деген сөзде) бөлшектері қосымша деп аталады. Қосымша жеке түрганда ешбір мағына білдіре алмайды. Жоғарыдағы -дас, -тың, -ын, т. б. косымшаларда ешбір мағына жок. Кей косымша түбірге қосылғанда сөзге жаңа магына қосады. Мысалы, жол — із я сапар болса, жолдас — жолга бірге шығатын адам я серік дегенді білдіретін жаңа мәнге ие болған сөз; мектеп — оку окитын орын болса, -тер деген косымша сол мектептің біреу емес, көп екенін гана білдіреді.

Қосымша екі түрлі: журнақ және жалғау. Жүрнақ өзі жалғанған сөздің мағынасын өзгертеді, ол сөзді басқа сөзбен байланыстырмайды. Жүрнақтың өзі екі түрге бөлінеді: сөз тудырушы жүрнақтар және сөз түрлендіруші жүрнақтар. Түбірдің негізгі мағынасын өзгертіп, оган жаңа магына беретін жүрнақты сөз тудырушы жұрнақтар дейді. Мысалы: жол-дас-тьщ, сау-ын-шы деген сөздердегі -дас пен -тың, және -ын мен -шы жүрнактары жаңа сөз тудырып түр.

Жол деген із немесе сапар мағынасын береді. Оған -дас қосымшасы қосылса, жолдас — серік мәніндегі адам, оған -тық қосылса, жолдастық адамдар арасында болатын қарым-қатынас болып шығады. Сау деген сүт алу мәнін беретін, қимылды білдіретін сөз болса, оған -ын косылса, саууға байланысты жаңа мағынадағы заттық үгымды, оган —шы косылып саууды іске асыратын адамды (сондай мамандықтың иесін) білдіреді. Осындай жүрнақтар арқылы жасалған сөздер туынды түбір немесе туынды сөз деп аталады Сөйтіп, жол, сау деген сөздер — негізгі түбірлер де, жолдас, жолдастьщ, сауын, сауыншы деген сөздер — ту-ынды түбірлер.

Бір сөзге бірнеше жүрнақ жалғана береді. Бір түбірден жасалған әр түрлі сөздер түбірлес сөздер деп аталады. Мысалы, өнім, өндіріс, өніс, өнгіш сияқты сөздердің негізгі түбірі — өн.

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң, жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 69-жаттығудың шарты мынадай: 1. Оқып шығып, мәтіндегі негізгі ойды анықтаңдар. 2. Мөтінде кандай елдік дәстүр көрініс тапкан? Өздерің білетін окигалармен байланыстырып әңгімелеңдер.

Сөйлемдердегі қарамен жазылған сөздердің түрін (жұрнақ па, жалғау ма) ажыратыңдар.

Келесі орындалатын тапсырма: 70-жаттығу жұмысының шарты: Берілген сөздерден жүрнақ аркылы туынды түбір жасап, дәптерлеріңе жазыңдар.

Келесі тапсырма:71-жаттығудың шарты: Сөздердің түбірі мен қосымшаларын дефис арқьшы ажыратып жазыңдар.

Тапсырма: Қарамен жазылган сөздерді катыстырып шағын мәтін қүраңдар.

Келесі тапсырма: 72-жаттыгудың шарты: Төмендегі сөздерге қосымшалар жалғап, сөйлем құрап жазыңдар.

Келесі тапсырма: 73-жаттыгудың шарты: Төмендегі сөздерді үлгіде көрсетілгендей етіп үш бағанға бөліп жазыңдар.


Келесі орынбалатын тапсырма: 74-жаттығу. Бес макал-мөтел тауып жазып, ондагы түбірге қосылған қосымшалардың түрлерін ажыратыңдар.

Қазіргі цазац тілі — көне түркі тілдік цүбылыстардыц, заңдыльщтардың дені сол көпе тілден бастау алады. Бүдан былап мен сендерге көне туркі тілініц айнасы — Орхон-Енисей ескерткіштеріндегі грамматикалъщ заңдылыцтармен де таныстырып отырамын.

Орхон-Енисей ескерткіштеріндегі сөздерді де түлғасына қарай түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, біріккен сөз, күрделі сөздер деп бес топқа бөлуге болады.

  1. Түбір сөздер. Ескерткіштерде жалаң түбірден түратын сөздер темендегідей болып келеді:
  • жалғыз ғана дауысты дыбыстан түратын сөздер, мысалы, ы — бүта (өсімдік): Ы бар бас
    асдымыз (Бүтасы бар шыңнан астық);
  • дауысты+дауыссыз дыбыстан түратын сөздер: аз (аз), еб (үй), іч (іш);
  • дауыссыз +дауысты дыбыстан түратын сөздер: бу (бүл), те (де, айт), ку (дыбыс), т. б.;

4)     дауысты және дауыссыз дыбыстар араласып келген сөздер:  апа(апа),  йурт(жүрт),
кіші(кісі), інгек(сиыр), будун (халық), қаған(каған, хан), т. б.

Туынды сөздер. Ескерткіштерде жұрнақ. жалғану арқылы жасалған жаңа сөздер де бар. Мысалы: айгучы (кеңесші), атлыг (атты), йерчі (жершіл), күчліг (күшті).

Міне,   осылайша   жаттығу   жүмыстарын   орындап,   Орхон—Енисей   ескерткіштері жайлы түсінік беріп болған соң қосымша сүрақтар мен тапсырмалар беремін. Пысықтауға арналған сұрақтар.

  1. Сөздердің жасалуы мен сөздік күрамының арасында қандай байланыс бар?
  2. Түбірге қосымша қосылу аркылы кандай сөздер жасалады?
  3. Түбірдің негізгі белгісі кандай?
  4. Түбір мен косымшаның айырмашылыгы қандай?
  5. Қосымшаның қандай түрлері бар? Олардың бір-бірінен айырмашылыгы неде?
  6. Туынды түбір деген не?
  7. Туынды түбір мен негізгі түбірдің айырмашылыгы қандай?
    8. Түбірлес сөздер деген не?

Сабақтың қорытындысы.

а)  Сүрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
ә) Оқушылардың білімін бағалаймын.

б)   Үйге тапсырма: 74-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін:    Бес
макал-мөтел тауып жазып, ондагы түбірге қосылған қосымшалардың түрлерін ажыратыңдар.