Тақырыптық-күнтізбелік жоспар Геометрия (жаратылыстану-математикалық бағыт) 11 сынып

Тақырыптық-күнтізбелік жоспар

  • Пәні: Геометрия (жаратылыстану-математикалық бағыт)
  • Сынып: 11 сынып
  • Сағат саны: аптасына 2 сағат, барлығы 68 сағат
  • Жоспар бойынша бақылау жұмыстары 7
  • Жоспар бойынша тест жұмыстары 4
  • Оқулық 11 сынып, Геометрия .В.Гусев.Ж.Қайдасов.Ә.Қағазбаева.Алматы. «Мектеп» 2015
  • 2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқыту Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Əділет  министрлігінде 2013 жылы 10  сəуірде № 8424 тіркелген.

 

«Геометрия» пәнінен оқу бағдарламасы


(жаратылыстану-математикалық бағыт

Түсінік ха

  1. Оқу бағдарламасы Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 2012  жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы  орта  білім  беру) мемлекеттік жалпыға міндетті  стандартына  сәйкес әзірленген.
  2. Геометрия – бізді қоршаған  әлемдегі  кеңістіктік формаларды моделдеп қана  қоймай,  олардың  қасиеттерінің  арасындағы  логикалық  байланыстарды орнататын математиканың бөлімі.
  3. Геометрияны оқыту көптеген  мамандықтарды  меңгеруге  қажетті математикалық  және  практикалық  іс-әрекеттер  дағдыларын  дамытуға  мүмкіндік береді.
  4. Жалпы білім беретін  мектептің  жаратылыстану-математикалық бағытындағы сыныптарда геометрия курсын оқу пәні ретінде оқытудың мақсаты – барлық оқушыларды одан әрі математика облыстарында білім алуын жалғастыруы мен  өздігінен  әрекет  етуі үшін,  сонымен  қатар  болашақ  кәсіби  қызметі  үшін геометрия  аймағындағы  математикалық  дайындықтың  қажетті  деңгейімен қамтамасыз ету.
  5. Геометрия курсын оқып  білу  интеллектуалды  дамыған  тұлғаны тәрбиелеуде келесі мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған:

1)  логикалық ойлауды одан әрі дамыту;

2)  тұрақты кеңістіктік түсініктерді және кеңістіктік елестерді дамыту;

3)  кеңістіктік фигураларды кескіндеу дағдыларын дамыту;


4)  геометриялық  білім  негізінде  практикалық  және  математикалық  іс-әрекеттер дағдыларын дамыту;

5)  бейнелік ойлауды және функционалдық сауаттылықты дамыту;

6)  графикалық сауаттылықты, эстетикалық талғамды дамыту;

7)  геометрия  тарихы  және  оның  ғылыми-техникалық  прогрестің  дамуына әсерімен таныстыру арқылы тұлғаның мәдениетін тәрбиелеу.

  1. 6. Көрсетілген мақсаттарға сәйкес  оқытудың  келесі  міндеттері  шешілуі тиіс:

1)  кеңістіктік фигуралардың қасиеттері туралы білім жүйесін қалыптастыру;

2)  кеңістіктік  фигуралардың  қасиеттерін  оқу  барысында  формалды-логикалық ойлау дағдыларын дамыту;

3)  кеңістіктік  фигуралардың  кескіндерін  және  осы  кескіндерде  қосымша салуларды салу біліктігі мен дағдыларын дамыту;

4)  сызбалардағы  кескіндері  бойынша жазық және  кеңістіктік  геометриялық

фигураларды танып білу біліктігі мен дағдыларын дамыту;

5)  кеңістіктік  фигуралардың  симметриялары  туралы  тұрақты  түсініктерін қалыптастыру;

6)  геометриялық шамаларды өлшеу туралы білім жүйесін қалыптастыру;

7)  есептеуге  және  дәлелдеуге  арналған  геометриялық  есептерді  шешу біліктігі мен дағдыларын дамыту;

8)  геометриялық  есептерді  шешуде  алгебраны  және  тригонометрияны қолдану біліктігі мен дағдыларын дамыту;

9) нақтылы  объектіні  бір  немесе  бірнеше  геометриялық  фигуралар  түрінде

бере білу біліктігін дамыту;

10)  практикалық  мазмұнды  есептерді  шешуде  геометриялық  әдістерді қолдану біліктігі мен дағдыларын қалыптастыру.

  1. 7. Жалпы білім беретін  мектептің  жаратылыстану-математикалық бағыттағы геометрия курсының негізгі мазмұндық-әдістемелік бағыттары:

1) геометриялық фигуралар және олардың қасиеттерінің бағыты;

2) векторлық-координаталық бағыт;

3) шамаларды өлшеу бағыты;

4) функционалдық бағыт.

  1. 7. 10-11 сынып геометрия  курсында  оқушылар  кеңістіктік  геометриялық фигуралармен (екіжақты бұрыш, жартыкеңістік, көпжақтар, айналу денелері) және олардың қасиеттерімен танысады.
  2. 8. Оқушылар оқып біледі:

1) кеңістіктегі геометриялық фигуралардың өзара орналасуын;

2) кеңістіктік фигуралардың теңдігін;

3) дөңес фигураларды;

4) геометриялық  шамаларды (екіжақты  бұрыштарды,  беттің  ауданын, геометриялық дененің көлемін) өлшеуді;

5) көпжақтардың,  айналу  денелерінің  және  олардың  жазықтықпен қималарының кескіндерін салуды;

6) кеңістіктегі нүктелердің және векторлардың координаталарын;

7) кеңістіктік  геометриялық  фигуралардың  теңдеулермен  және теңсіздіктермен берілуін;

8) геометриялық  фигураның  симметрияларын (центрлік  симметрияны, түзуге және жазықтыққа қатысты симметриялард

9)  Жаратылыстану-математикалық  бағытағы «Геометрия» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі 11- сыныпта аптасына 2 сағ, барлығы 68 сағ. 

11 – сынып. Геометрия

(жаратылыстану-математикалық бағыт)

Аптасына 2 – сағ (68 сағат)

 

Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны

  1. 10-сынып геометрия курсын қайталау (2 сағ.).
  2. Көпжақтар (21 сағ.):

1) көпжақты бұрыш туралы түсінік, үшжақты бұрыш;

2) геометриялық дене туралы түсінік;

3) көпжақтар;

4) призма, оның элементтері;

5) тік және дұрыс призмалар, параллелепипед: , куб;

6) параллелепипедтің қасиеттері;

7) призманың жазбасы;

8) призманың бетінің ауданы;

9) пирамида жне оның элементтері;

10) дұрыс пирамида, қиық пирамида;

11) пирамиданың жазбасы;

12) пирамиданың және қиық пирамиданың бетінің ауданы;

13) кеңістіктегі  қозғалыстар  туралы  түсінік:  нүктеге,  түзуге,  жазықтыққа

қатысты симметриялар;

14) кубтың,  параллелепипедтің,  призманың  және  пирамиданың симметриялары;

15) көпжақтардың жазықтықпен қималары (өлшеу есептері);

16) дұрыс көпжақтар;

17) бізді қоршаған әлемдегі көпжақтар.

  1. Айналу денелері (19 сағ.):

1) айналу фигуралары;

2) тік дөңгелек цилиндр, оның элементтері;

3) цилиндрдің жазықтықпен қималары;

4) цилиндрдің жазбасы;

5) цилиндрдің бетінің ауданы;

6) призмаға іштей және сырттай сызылған цилиндрлер;

7) тік дөңгелек конус, оның элементтері;

8) конустың жазықтықпен қималары;

9) конустың жазбасы;

10) конустың бетінің ауданы;

11) пирамидаға іштей және сырттай сызылған конустар;

12) қиық конус және оның бетінің ауданы;

13) сфера және шар;

14) сфераның теңдеуі;

15) шардың және сфераның жазықтықпен қимасы;

16) сфераға жанама жазықтық, оның қасиеттері;

17) шар секторы және шарә

сырттай сызылған сфералар;

19) шардың және оның бөліктерінің бетінің ауданы;

20) цилиндрдің, конустың, шардың және оның бөліктерінің бетінің ауданын табуға арналған практикалық мазмұнды есептер.

  1. Денелердің көлемдері (18 сағ.):

1) денелердің көлемдерінің жалпы қасиеттері;

2) тікбұрышты параллелепипедтің көлемі, призманың көлемі, пирамиданың көлемі;

3) кеңістіктік фигуралардың ұқсастығы;

4) ұқсас фигуралардың көлемдері;

5) цилиндрдің және конустың көлемдері;

6) шардың және оның бөліктерінің көлемі;

7) геометриялық фигуралардың комбинациясына арналған есептер;

8) кеңістіктік денелердің көлемдерін табуға арналған практикалық мазмұнды есептер.

  1. «Қайталау. Есептер шығару (8 сағ.)».

 

ГЕОМЕТРИЯ

11-сынып

(барлығы 68 сағ, аптасына 2 сағ)

Оқу материалының мазмұныСағат саныМерзімі
1. 10-сынып геометрия курсын қайталау2 сағ 
2. Көпжақтар21 сағ 
1Көпжақты бұрыш туралы түсінік, үшжақты бұрыш1 
2Геометриялық дене туралы түсінік. Көпжақтар1 
3Призма, оның элементтері1 
4Тік және дұрыс призмалар, параллелепипед: тік, тікбұрышты, куб2

 

 
5Параллелепипедтің қасиеттері1 
6Призманың жазбасы. Призманың бетінің ауданы2

 

 
71-бақылау жұмысы1 
8Пирамида және оның элементтері1 
9Дұрыс пирамида, қиық пирамида. Пирамиданың жазбасы2

 

 
10Пирамиданың және қиық пирамиданың бетінің ауданы3

 

 

 
11Кеңістіктегі  қозғалыстар  туралы  түсінік:  нүктеге,  түзуге,  жазықтыққа қатысты симметриялар1 
12Кубтың,  параллелепипедтің,  призманың  және  пирамиданың симметриялары1 
13Көпжақтардың жазықтықпен қималары (өлшеу есептері)1 
14Дұрыс көпжақтар. Бізді қоршаған әлемдегі көпжақтар.1 
152-бақылау жұмысы1 
 Тест-11 
3.   Айналу денелері 19 сағ 
1Айналу фигуралары. Тік дөңгелек цилиндр, оның элементтері.1 
2Цилиндрдің осьтік қималары, цилиндрдің жазбасы1 
3Цилиндрдің бетінің ауданы1 
4Призмаға іштей және сырттай сызылған цилиндрлер1 
5Тік дөңгелек конус, оның элементтері. Конустың жазықтықпен қималары. Конустың жазбасы1 
6Конустың бетінің ауданы1 
 3-бақылау жұмысы1 
7Пирамидаға іштей және сырттай сызылған конустар1 
8Қиық конус және оның бетінің ауданы1 
9Сфера және шар1 
 Сфераның теңдеуі1 
 Шардың және сфераның жазықтықпен қимасы1 
 Сфераға жанама жазықтық, оның қасиеттері1 
 Шар секторы және шар сегменті1 
 Көпжаққа іштей және сырттай сызылған сфералар1 
 Шардың және оның бөліктерінің бетінің ауданы1 
 Цилиндрдің, конустың, шардың және оның бөліктерінің бетінің ауданын табуға арналған практикалық мазмұнды есептер          1 
104-бақылау жұмысы1 
 Тест-21 
4.  Денелердің көлемдері 18 сағ 
1Денелердің көлемдерінің жалпы қасиеттері1 
2Тікбұрышты параллелепипедтің көлемі, призманың көлемі2

 

 
3Пирамиданың көлемі2

 

 
4Кеңістіктік фигуралардың ұқсастығы1 
5Ұқсас фигуралардың көлемдері1 
6Цилиндрдің көлемі2

 

 
7Конустың көлемі2

 

 
85-бақылау жұмысы1 
9Шардың және оның бөліктерінің көлемі2

 

 
10Геометриялық фигуралардың комбинациясына арналған есептер1 
11Кеңістіктік денелердің көлемдерін табуға арналған практикалық мазмұнды есептер.1 
126 – бақылау жұмысы 1 
 Тест-31 
5. Қайталау. Есептер шығару8 сағ 
Көпжақтар.1 
Айналу денелері.2

 

 
       көпжақтар мен айналу денелерінің беттері мен көлемдері.2

 

 
 7 -Қорытынды бақылау жұмысы.2

 

 
 Тест-41 
Барлығы68 сағ