Тақырыптық-күнтізбелік жоспар Алгебра және анализ бастамалары (жаратылыстану-математикалық бағыт) 11 сынып

Тақырыптық-күнтізбелік жоспар

  • Пәні: Алгебра және анализ бастамалары (жаратылыстану-математикалық бағыт)
  • Сынып: 11 сынып
  • Сағат саны: аптасына 3 сағат, барлығы 102 сағат
  • Жоспар бойынша бақылау жұмыстары 8
  • Жоспар бойынша тест жұмыстары 5
  • Оқулық 11 сынып, Алгебра және анализ бастамалары. Алматы «Мектеп» 2015, авторлары: А.Е.Әбілқасымова, ж.т.б
  • 2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқыту Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының әділет  министрлігінде 2013 жылы 10  сәуірде № 8424 тіркелген.

«Алгебра және анализ бастамалары» пәнінен оқу бағдарламасы

(жаратылыстану-математикалық бағыт)

  1. Түсінік хат
  2. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
  3. Алгебра және анализ бастамаларын игеру оқушылардың ой-өрісін, логикалық пайымдау, дәлелдеулер жүргізу, практикалық есептерді шығару барысында математикалық білімдерін қолдану біліктігін дамытуға бағытталған.
  4. Бағдарламаны жүзеге асыру жұмыстың белсенді түрлерін көбейтуді, оқушыларды коммуникативтік, зерттеу және практикалық қызметке араластыруды, ақпараттық технологияларды қолдануды көздейді.
  5. Оқыту мақсаты: алгебра және анализ бастамаларының базистік негізін игеру, олардың математикалық тілді меңгеру, математикалық шығармашылыққа деген қызығушылығын, математикалық интуициясын және математикалық қабілеттерін дамыту; өз тағдырына жайбарақат қарамайтын тұлғаны және тұлғаның қызметтің түрлеріне құндылықпен қарауын тәрбиелеу.
  6. Оқытудың міндеттері:
  • тұлғаның интеллектуалдық қасиеттерін дамытуға бағытталған алгебра және анализ бастамаларының базистік негізін сапалы игеруін қамтамасыз ету;
  • ақиқат болмысты тану әдісі мен суреттеу формасы ретінде математика туралы, математиканың әдістері мен идеялары туралы түсініктерін қалыптастыру;
  • жалпыадамзаттық мәдениеттің бөлігі ретінде математика туралы, қазіргі қоғам мен өркениет тарихында математиканың маңыздылығы туралы түсініктерін дамыту; оқушылардың математика ғылымының түрлі даму кезеңдеріне ғалымдардың қосқан үлестері туралы түсініктер арқылы жалпы дүниетанымдарын кеңейту; математиканың қолданылуы бойынша оқушылардың түсініктерін кеңейту;
  • математикадан есептерді шығарудың жаңа жолдарын игеру; қазіргі кезеңге сәйкес аралас пәндерді игеруде қажетті математикалық білімдерді меңгеру; күнделікті өмірде қолдану; практикалық қызметте математикалық білімдерін қолдану біліктігін дамыту.
  • қазіргі қоғамда, жалпы әлеуметтік бағдар және практикалық мәселелері шешуде әр адамға қажетті ойлаудың сапасын қалыптастыру; оқушының ой-өрісін, логикалық ойлауын, әрбір оқушының шығармашылық қабілеттерін, пәнге деген қызығушылығын дамыту;
  • әлеуметтік ұтқырлықты, өзіндік шешімді қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін тұлғалық қасиеттерін тәрбиелеу; өзіндік жұмыс, өздігінен білім алу қабілетін, топта жұмыс істеу және жеке тапсырмаларды орындаудағы өзіндік бағалау дағдыларын дамыту; оқушыларға берілген тақырып бойынша өздігінен есептер құрастыру және оларды шығаруға, сабақтарға презентациялар дайындауға мүмкіндік беру; келіп түскен ақпараттар ағынында бағдарлау білігін дамыту;
  • тұлғаның даму факторы (басқаларды тыңдау және түсіну, өзін таныту, компромисс табу, топ ішінде қарым-қатынас жасау, келісімге келу, топта жұмыс жасау, өзінің және жолдастырының жұмыстарын бағалай білу) ретінде оқушыларды ойын, коммуникативтік, практикалық және зерттеу қызметіне қатыстыру;
  • жаратылыстану-математикалық циклдің пәндерін әрі қарай игеруге жағдай жасау; игерілген ұғымдар, қасиеттер, ережелер, алгоритмдерді және т.б., алынған нәтижелер мен қолданбалы сипаттағы есептер мен аралас пәндер есептерін шығаруда математикалық әдістерді қажет жағдайда анықтамалықтар, калькулятор мен компьютерді қолдану біліктігін қалыптастыру.
  1. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған оқу бағдарламасының құрылымдық компоненттері түсінік хат, оқу пәнінің базалық мазмұны, оқушылардың деңгейіне қойылатын талаптардан тұрады.
  2. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-сыныптың алгебра және анализ бастамалары пәнінің базалық мазмұны «Функция, оның қасиеттері және графигі», «Тригонометриялық функциялар», «Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер», «Туынды», «Туындыны қолдану», «Комбинаторика және Ньютон биномы» тараулары бойынша теориялық материалдардан тұрады. Сонымен қатар базалық мазмұнға оқу жылының басында 7-9-сыныптардағы алгебра курсын және соңында 10-сыныптағы алгебра және анализ бастамалары курсын қайталау кіреді.

11-сыныпта оқытудың міндеттері:

1) алғашқы  функция,  интеграл,  п-ші  дәежелі  түбір,  рационал  және иррационал көрсеткішті дәреже, логарифм ұғымдарын қалыптастыру;

2) геометриялық  және  физикалық  есептерді  шығаруда  анықталған интегралды қолдану біліктігін қалыптастыру;

3) құрамында  п-ші  дәрежелі  түбір,  рационал  және  иррационал  көрсеткішті дәреже,  логарифмы  бар  өрнектерді  тепе-тең  түрлендіруді  орындау  біліктігін қалыптастыру;

4) иррационал  теңдеулер  мен  теңсіздіктерді  және  олардың  жүйелерін, көрсеткіштік теңдеулер мен теңсіздіктерді және олардың жүйелерін, логарифмдік теңдеулер  мен  теңсіздіктерді  және  олардың  жүйелерін  шығару  біліктігін қалыптастыру;

5) теңдеулер  мен  теңсіздіктерді,  оның  ішінде  айнымалысы  модуль таңбасының  ішінде  берілген  теңдеулер  мен  теңсіздіктерді  шығару  біліктігін тиянақтау;

6) параметрі бар теңдеулерді шығару біліктігін қалыптастыру;

7) теңдеулер,  теңсіздіктер  және  олардың  жүйелерін  шығаруда функциялардың графиктерін қолдану, алгебра және анализ бастамалары курсының әртүрлі тарауларынан есептер шығаруда алгебралық түрлендірулер, теңдеулер мен теңсіздіктер аппараттарын қолдану біліктігін жетілдіру;

8) шартты  ықтималдықты  табу,  ықтималдықтарды  қосу  және  көбейту теоремаларын  қолдану,  дискретті  кездейсоқ  оқиғаны  және  оның  таралу заңдылығын,  кездейсоқ  оқиғаның  сандық  сипаттамалары  мен  таңдау  әдісінің элементтерін табу біліктігін қалыптастыру.

  1. Жаратылыстану-математикалық бағытағы «Алгебра  және  анализ бастамалары» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі 11- сыныпта аптасына 3 сағ, барлығы 102 сағ.

 

11 – cынып. Алгебра және анализ бастамалары

(жаратылыстану-математикалық бағыт)

Аптасына 3-сағат (102 сағат)

 

  1. 11-сыныпқа арналған алгебра және анализ бастамалары пәнінің базалық мазмұны келесі тараулардан тұрады:

1) «10-сыныптағы  алгебра  және  анализ  бастамалары  курсын  қайталау» (6  сағ).  Функцияның  графигін  қарапайым  түрлендірулер.  Тригонометриялық функциялардың  қасиеттері  мен  графиктері.  Тригонометриялық  теңдеулер  және олардың  жүйелері.  Тригонометриялық  теңсіздіктер  және  олардың  жүйелері.  Туындыны  есептеу.  Функцияның  графигіне  жүргізілген  жанаманың  теңдеуі. Туындының  көмегімен  функцияны  зерттеу  және  графигін  салу.  Функцияның аралықтағы  ең  үлкен  және  ең  кіші  мәндері.  Туынды  практикалық  есептерді шығаруда қолдану;

2) «Алғашқы  функция  және  интеграл (13  сағ)».  Алғашқы  функция. Анықталмаған  интеграл.  Алғашқы  функцияның  негізгі  қасиеті.  Алғашқы функцияны  табу  ережелері.  Қисықсызықты  трапеция.  Қисықсызықты трапецияның  ауданы.  Анықталған  интеграл.  Ньютон-Лейбниц  формуласы. Интегралдау.  Геометриялық  және  физикалық  есептерді  шығаруда  анықталған интегралды қолдану;

3) «Дәреже  және  түбір.  Дәрежелік  функция (23  сағ)».  n-ші  дәрежелі  түбір және оның қасиеттері. n-ші дәрежелі арифметикалық түбір. Рационал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері. Иррационал көрсеткішті дәреже. Иррационал өрнек. Иррационал  өрнектерді  түрлендіру. Иррационал  теңдеу.  Иррационал  теңдеулер және олардың жүйелерін шығару. Иррационал теңсіздік. Иррационал теңсіздіктер және  олардың  жүйелерін  шығару.  Дәрежелік  функция,  оның  қасиеттері  және графиктері.  Нақты  көрсеткішті  дәрежелік  функцияны  дифференциалдау  және интегралдау;

4) «Көрсеткіштік  және  логарифмдік  функциялар (9  сағ)».  Көрсеткіштік функция, оның қасиеттері және  графигі. Санның логарифмі. Негізгі логарифмдік тепе-теңдік.  Логарифмнің  қасиеттері.  Ондық  логарифм.  Натурал  логарифм. Құрамында  логарифмі  бар  өрнектерді  түрлендіру.  Логарифмдік  функция,  оның қасиеттері  және  графигі.  Көрсеткіштік  және  логарифмдік  функцияны дифференциалдау. Көрсеткіштік функцияны интегралдау;

5) «Көрсеткіштік  және  логарифмдік  функциялар (19  сағ)».  Көрсеткіштік теңдеу.  Көрсеткіштік  теңдеулер  және  олардың  жүйелерін  шешу.  Логарифмдік теңдеу.  Логарифмдік  теңдеулер  және  олардың  жүйелерін  шешу.  Көрсеткішті-логарифмдік  теңдеу.  Көрсеткіштік  теңсіздік.  Көрсеткіштік  теңсіздіктер  және олардың жүйелерін шешу.  Логарифмдік теңсіздік. Логарифмдік теңсіздіктер және олардың жүйелерін шешу;

6) «Теңдеулер  мен  теңсіздіктер,  теңдеулер  мен  теңсіздіктердің  жүйелері (14  сағ)».  Теңдеулер және  олардың жүйелерін шешудің  негізгі  әдістері.  Теңдеу-салдар.  Теңсіздіктер  және  олардың  жүйелерін  шешудің  негізгі  әдістері. Мәндес теңсіздіктер жүйесі. Айнымалысы модуль таңбасының  ішінде берілген теңдеулер мен теңсіздіктер. Параметрі бар теңдеу.  Параметрі бар теңсіздік;

7) «Ықтималдық» (6 сағ). Тәуелсіз оқиға. Тәуелді оқиға. Ықтималдықтарды қосу және көбейту теоремалары. Шартты ықтималдық. Кездейсоқ шама. Дискретті кездейсоқ  шама.  Үзіліссіз  кездейсоқ  шама.  Кездейсоқ  шаманың  таралу заңдылығы.  Кездейсоқ  шаманың  сандық  сипаттамалары (математикалық  күтім, дисперсия,  орташа  квадраттық ауытқу).  Таңдау  әдісінің  элементтері (жиілік, салыстырмалы жиілік, полигон);

8) «10-11 сыныптардағы алгебра және анализ бастамалары курсын қайталау (12 сағ)». Құрамында n-ші дәрежелі түбір, рационал және иррационал көрсеткішті дәреже,  логарифмі  бар  өрнектерді  тепе-тең  түрлендіру.  Функцияның  графигін қарапайым  түрлендірулер.  Дәрежелік,  тригонометриялық,  көрсеткіштік  және логарифмдік  функциялардың  қасиеттері  мен  графиктері.  Тригонометриялық, көрсеткіштік,  логарифмдік  және  иррационал  теңдеулер  және  олардың  жүйелері. Тригонометриялық,  көрсеткіштік,  логарифмдік  және  иррационал  теңсіздіктер және  олардың  жүйелері.  Айнымалысы  модуль  таңбасының  ішінде  берілген теңдеулер мен теңсіздіктер. Параметрі бар теңдеулер мен теңсіздіктер. Туындыны есептеу.  Функцияның  графигіне  жүргізілген  жанаманың  теңдеуі.  Туындының көмегімен  функцияны  зерттеу  және  графигін  салу.  Функцияның  аралықтағы  ең үлкен  және  ең  кіші  мәндері.  Туынды  мен  анықталған  интегралды  практикалық есептерді шығаруда қолдану.  

АЛГЕБРА ЖӘНЕ АНАЛИЗ БАСТАМАЛАРЫ

(жаратылыстану-математикалық бағыт)

11-сынып

(барлығы 102 сағ, аптасына 3 сағ)

 

Тақырыптың атауыСағат саныМерзімі
10-сыныптағы  алгебра  және  анализ  бастамалары  курсын  қайталау6 сағ   
Функция,қасиеттері,графигі,оларды түрлендіру.2 

 

       Тригонометриялық теңдеулер,теңсіздіктер,олардың жүйелері.2 

 

             Туынды және оның қолданылуы.2 

 

І тарау.  Алғашқы  функция  және  интеграл .13 сағ  
1.Алғашқы  функция. Анықталмаған интеграл.  Алғашқы  функцияның  негізгі  қасиеті.  Алғашқы функцияны  табу  ережелері.2 
2.Қисық сызықты  трапеция.  Қисық сызықты трапецияның  ауданы.3 
3.Анықталған  интеграл. Ньютон-Лейбниц  формуласы.3 

 

4.Интегралдау.  Геометриялық  және  физикалық  есептерді шығаруда  анықталған интегралды қолдану      3 
 1-бақылау жұмысы1 
 Тест -1      1 
ІІ тарау. Дәреже  және  түбір.  Дәрежелік  функция   23 сағ   
1.n-ші  дәрежелі  түбір және оның қасиеттері. n-ші дәрежелі арифметикалық түбір.2 
2. Рационал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері.2 

 

3.Иррационал көрсеткішті дәреже. Иррационал өрнек. Иррационал  өрнектерді  түрлендіру.2 
4.Иррационал  теңдеу.      3 

 

 

5.Иррационал  теңдеулер және олардың  жүйелерін  шығару2 

 

 2-бақылау жұмысы1 
6.Иррационал теңсіздік.2 

 

7.Иррационал теңсіздіктер және  олардың  жүйелерін  шығару.2 

 

8.Дәрежелік  функция,  оның  қасиеттері  және графиктері2 
9.Нақты  көрсеткішті  дәрежелік  функцияны  дифференциалдау  және

интегралдау

3 

 

 3-бақылау жұмысы1 
 Тест-21 
ІІІ тарау. Көрсеткіштік  және  логарифмдік  функциялар9 сағ 
1.Көрсеткіштік функция, оның қасиеттері және  графигі.1 
2.Санның логарифмі. Негізгі логарифмдік тепе-теңдік.  Логарифмнің  қасиеттері.  Ондық  логарифм.  Натурал  логарифм.2 
3.Құрамында  логарифмі  бар  өрнектерді  түрлендіру.1 
4.Логарифмдік  функция,  оның қасиеттері  және  графигі.1 
5.Көрсеткіштік  және  логарифмдік  функцияны  дифференциалдау.1 
6.Көрсеткіштік функцияны интегралдау.2 
 4-бақылау жұмысы1 
Көрсеткіштік  және  логарифмдік  теңдеулер мен теңсіздіктер.19 сағ 
1.Көрсеткіштік теңдеу.1 
2.Көрсеткіштік  теңдеулер  және  олардың  жүйелерін  шешу.2 
3.Логарифмдік теңдеу.1 
4.Логарифмдік  теңдеулер  және  олардың  жүйелерін  шешу.2 
5.Көрсеткішті-логарифмдік  теңдеу.2 
6.Тест-31 
7.Көрсеткіштік  теңсіздік.2 
8.Көрсеткіштік  теңсіздіктер  және олардың жүйелерін шешу.2 
9.Логарифмдік теңсіздік.     2 
10.Логарифмдік теңсіздіктер және олардың жүйелерін шешу;2 
 5-бақылау жұмысы1 
 Тест-41 
«Теңдеулер  мен  теңсіздіктер,  теңдеулер  мен  теңсіздіктердің  жүйелері14 сағ 
1.Теңдеулер және  олардың жүйелерін шешудің  негізгі  әдістері. Теңдеу-салдар.2 
2.Теңсіздіктер  және  олардың  жүйелерін  шешудің  негізгі  әдістері.2 
3.Мәндес теңсіздіктер жүйесі.2 
4.Айнымалысы модуль таңбасының  ішінде берілген теңдеулер мен теңсіздіктер.2 
5.Параметрі бар теңдеу.2 
6.Параметрі бар теңсіздік.2 
 6-бақылау жұмысы1 
 Тест-51 
ІV тарау.  Ықтималдық.6 сағ 
1.Тәуелсіз оқиға. Тәуелді оқиға. Ықтималдықтарды қосу және көбейту теоремалары. Шартты ықтималдық.2 
2.Кездейсоқ шама. Дискретті кездейсоқ шама. Үзіліссіз кездейсоқ  шама.  Кездейсоқ  шаманың  таралу  заңдылығы.1 
3.Кездейсоқ  шаманың сандық  сипаттамалары (математикалық  күтім,  дисперсия,  орташа  квадраттық ауытқу);1 
4.Таңдау  әдісінің  элементтері (жиілік, салыстырмалы жиілік, полигон)1 
 7бақылау  жұмысы1 
10-11 сыныптағы  алгебра  және  анализ  бастамалары  курсын  қайталау12 сағ   
Функция,қасиеттері,графигі,оларды түрлендіру.1 
       Тригонометриялық теңдеулер,теңсіздіктер,олардың жүйелері.1 
             Туынды және оның қолданылуы.1. 
            Алғашқы функция және интеграл.2 
            Дәреже және түбір.Дәрежелік функция.1 
              Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар.2 
              Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен

                   теңсіздіктер

2 
 Қорытынды бақылау жұмысы.-82 
 Барлығы102 сағ