Декоративті- қолданбалы өнер. Пиротопия және пирография

Ағашты күйдіріп әрлендіру пирография деп аталады. Күйдіріп өңдеу аппараты  жетілмеген кезде ағаш шеберлері өте қарапайым әдіс қолданған . Бензинді қолдана отырып, соның көмегімен платина ине қыздырылатын. Иненің қызуын бәсеңдетпес үшін шебер бензинді ауық-ауық аяқ басқышпен шашып отырған.

Ағашты термикалық сәндеу тәсілін пиротопия  дейміз. «пир» грек тілінен аударғанда  «от» , ал «типия» -«таңба» дегенді білдіреді. Демек пиротопия дегеніміз – отмөрі немесе мөрқалып деген сөз. Пирография дегеніміз де осы ағашты күйдіріп сурет салу деген мағынаны білдіреді.

Қарапайым мөрқалып ағаш сап және оған қағып кіргізілген болат өзектен тұрады мөрқалптарды шебер өзі жасап алуына болады. Бүрлеуіш-бұл жұмыс істейтін бөлігіне айналатын тісті доңғалақтар бекітілген құрал.алынып-салынатын мөрқалыптарды түрлі пішінде жасауға болады.бүрлеуішпен көбіне қарапайым геометриялық элементтерден тұратын өрнектер жасайды: ромб, үшбұрыш, толқынды, үзік сызықты т.б


Мектептік электр күйдіргіш аппарат  құрылысы

Мектептік электр күйдіргіш аппаратқа келер болсақ , күйдіргіш бөлшектеріне 127Вт -200Вт-қа дейін кернеу қуатын бәсеңдеткіш трансформатордан, тұтқа, электрод және реостадтан тұрады.  Күйдіріп өрнек салуда әр түрлі таңба штифттер жасауға болады. Электр күйдіргіштен  басқа кейбір көмекші аспаптарды қолданамыз. Оған нихрон сымын ұстап тұру үшін тістеуіктер , штифттерді майыстыруға арналған қысқыштар, балға ,төс қажет болады.

Күйдіріп өрнектеуге жұмсақ ағаштар пайдаланылады.олар- жөке, терек, балқарағай ағаштары.күйдіретін ағаш немесе үшқаттың беті таза болуы шарт , зімпара қағазымен ысқылап тазартып алған дұрыс. Тақтай бетіне ою немесе өрнекті түсіру үшін  көшірме қағаз , трафарет, үлгі пайдалануға болады.  Үлгіні  тақтайға түсірмес бұрын тақтайдың дәл ортасын табуымыз керек , содан кейін ұқыптап үлгіні бастырып карандашпен сызып аламыз

Жұмыс үстінде еңбек қауіпсіздік ережелерін есте сақтау:

  • Күйдіріп сурет салатын ағаштың келесі шетін көтеріп ұстай отырып, көзден 25-30 см қашықтықта ұстау керек
  • Электр аппаратты мұғалімнің рұқсатымен ғана қосу керек
  • Жұмыс кезінде жарық мол түсіп тұруы тиіс
  • Ағашқа күйдіріп сурет салғанда көз талады ,сондықтан 15-20 минут сайын үзіліс жасап отыру керек
  • Штиф қатты қызса жана бастайды , оған жол бермеу керек
  • Қосылған аппаратты қараусыз қалдыруға болмайды
  • Жұмысты желдетілген орында істеу керек
  • Жұмыс арасында , жұмыс соңында күйдіргіш аппаратты тұғырға қою керек

 

Электр күйдіргіш аппаратпен  күйдіру тәсілдері :

Күйдіру – жиектік , сызықшалы , нүктелік әдістер болып үшке бөлінеді.


Жиектік әдісте күйдіріліп жасалған өрнек бұйым шетін қуалай немесе таспа түрінде орындалады.

Сызықшалы әдісте сурет батіне электр күйдіргішті жылдам жылжыту арқылы сызықтар түсіре отырып жасаймыз. Сызықшалар қысқа болса қанық түседі, ұзындаулары солғын көрінеді.

Нүктелік әдісте суретті әр түрлі жиіліктегі нүктелер түсіру арқылы орындаймыз. Түс қанықтығы қойылу уақытына байланысты.