Эссе – «Бақыт және менің өмірімнің мағынасы»

Дүние есігін ашқан әрбір жанның өсе келе өмірге деген құлшынысы, дүниетанымы, көзқарасы, арманы болады. Әр адамға  жауапты кезең бұл болашақ мамандық таңдау.

Болашақ мамандығыңды таңдап, сол бағытта оқып, жұмыс істегенге не жетсін! Ол арманға жететін де бар, жете алмайтын да бар. «Думанды өмірден сыбағаңды алып қал, артыңа келер ұрпаққа өнеге боларлық  із қалдыр, адамдық атыңа кір келтірме» демекші, «жер беті» деп аталған алып сарайдың берік қабырғасына болашаққа ескерткіш боларлық кірпіш қалап, өз қолтаңбаңды қалдыру әркімнің арманы болар. Сол арманға мен де жеткен сияқтымын…..

Менің де ойлаған арманым, көздеген мұратым, жетем деген  мақсатым бар.

Кішкентай кезімнен бергі арманым елім, халқым сүйетін тәрбиеші болу еді.

Өмір де өмірің мен өнеріңді бәйгеге тігіп, білек сыбана кірісер мамандықты таңдағаныма қуанамын…    «Өмірде бір – ақ шүбәсіз бақыт бар: ол – ғұмырыңды өзгелер үшін арнау!  —  деп Толстой айтпақшы, өзгеге жәрдемі тиер бағдарлама ашу. Өмірге бос келіп, бос кеткім келмейді. Сол ғасырға мен де өз үлесімді қоссам деймін.  Арманым  — өмірімнің өрісі.

Тәрбиеші – тағат тауып, демалуды білмейді,

Тәрбиеші – орыс, қазақ деп ешкімді де бөлмейді.

Тәрбиеші – жиып алып  маңайына ел баласын

Тәрбиеші – бар балаға панасың!

Балабақша – балалардың базарлы үйі десек, ал тәрбиеші – сол мекеменің жүрегі . біздің мамандығымыздың қыры да, сыры да сол – күн сайын көз алдымызда өсіп , дамып келе жатқан жас ұрпақпен жұмыс істеу.

«Тәрбиеші өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана тәрбиеші, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мүмкіндігі де жойылады! – деген К.Д.Ушинский. Тәрбиеші бүгінгі күнің жаңалығынан сырт қалмай, үнемі ізденіс үстінде жүру керек.

Тәрбиеші өз маманының шебері, зерттеушісі, зерделенушісі болуы тиіс. Жаңа заманға лайық жаңа білім, жаңа тәрбие беру – өмір талабы. Тәрбиеші өрісі кең, дүние танымы жоғары, осы заманға сай білім алуға және жаңа технологияларды игеруге мүмкіндік жасау тиіс.

Мен балаларға арнаған уақыттарды өмірдегі ең бір бағалы уақытым, бақытты кездерімдеп айта аламын. Балабақшаға кіргенде жас бүлдіршіндердің жағымды үндері, сыңғырлаған күлкілері «Сәлеметсіздер ме,балалар?» деген сөзіме берген балалардың «Саламатсыз ба!», деген жауабы бір сергітіп, қуанышты көңіл – күй сыйлап, бір серпілдіріп тастайды.

Сондықтанда, бұл сөз мен үшін қадірлі, мен үшін құдіретті сөз. Күнде ертеңгісін жұмысқа келгенде, балалармен бірге болған әрбір уақытым мені жаңа әлемге жетелегендей болады.

Алдымда отырған жас бүлдіршіндерімнің сүйкімді де, әдемі, байсалды да,ақылды жүздерін көрсем, әрбір үйдің ерке баласының жүздерінен не нәрсені де білуге құштар шабытты, сұраулы жанарларын байқаймын. Олардың менен күтетіндері өте көп….

Бүгінгі күннің ойындары, оқу іс – әрекеттері қандай болмақ? «Егер сіз мамандықты дұрыс таңдасаңыз, оған бар ниетіңізді салыңыз» деген екен – К.Д,Ушинский.

Балабақша тәрбиешісінің қызметі адамға әрі қажетті және аса құрметті мамандық. Бала тәрбиелеуші баланы жақсы көруі қажет, себебі баланы жақсы көріп сүйген адам ғана балаға толыққанды тәрбие беріп, өзін де баланы да бақытты ете алады. Менің ойымша, адамгершілік пен қайырымдылық барлық адамға тән қасиет, ал тәрбиешіге тіптен қажет, оның өз мамандығына сүйіспеншілігі оның мәртебесінің өсуіне, өзінің мамандығы  мен іс – әрекетіне байланысты.   Балалармен жұмыстың сан қырлылығы сонша олардың ата – аналармен қарым – қатынасты жандандыру, айналадағы болып жатқан барлық өзгерістерге, түсінішпеушілікке байыппен қарап шешу педагогтің өмірі.

Маған болып жатқан жағдайға байланысты балалар үшін әр түрлі рольді ойнауға тура келеді, балалардың түсінігі бойынша білім беретін ұстаз, ал ойын кезінде бірге ойнайтын дос, жақын адам, ал қиыншылықта жанашыр және дос. Жұмыс кезінде бойүйездіктен, жалығудан, ашуланшықтан аулақ болып, көңілді және мейірімді болуға тырысамын, балаларды уақтылы ойнатып, серуендетіп, оқытып шаршау мен бойүйездіктен қорғаймын.

Тәрбиеші мамандығы мен үшін үлкен бақыт, дүниедегі ең құрметті мамандық, балалардың сені кішкентай саусақтарымен құшақтап, сенің бауырыңа кіргенін сөзбен айтып тауысу мүмкін емес. Бұл бақытты өз мамандығың, балаларды шын сүйген адам ғана біледі. Мен балаларды сурет салуға, оқуға, ермексазбен жұмыс атқаруға, ертегі айтуға, тіптен өзім білетін барлық өнерді, ұжым болып жұмыс істеу, бірге ойнау, қиыншылықты, қорқынышты да бірге жеңуді үйретемін. Мен өз мамандығымды ауыртпалығына, қиындығына, кейбір келіспеушіліктерге қарамай сүйемін, мақтан тұтамын.  Балаларды сүйкімді де, шырайлы жүздерін көргенде өз қиыншылықтарымды да ұмытып кетемін.  Бала деген қандай  құдіретті күш. Балалық шаққа күнде қайта оралу қандай бақыт екенін сөзбен айтып біту мүмкін емес. Қаншама жылдар өтті, мен енді түсіндім, менің ең басты арманым орындалды.   Мен актрисамын, суретшімін, географпын, саяхатшымын, капитанмын, инспектормын……

бастысы МЕН – ТӘРБИЕШІМІН!

Менің басты міндетім – балалардың маған деген сүйіспеншілігін ақтау, себебі балалық шақ – ол, арман мен жақсылықтың, ғажайыптың әлемі.

Міне, мен оны қалай жасаймын…….

Жаттығуға тұрамыз……. Мен космонафтың жаттықтырушысымын, көңілді әуенмен, шуақты күлкімен, үлкен сеніммен орындаймыз.  Мотивация, эмоционалды рух, жоспар мен білімпаздық бар. Ол біздің мығым жәнемықты боп өсуіміздің кепілі. Алыс планеталарға ұшуға, тылсым дүниені меңгеруге, Құс жолын бақылауға, марсиандармен танысуға, космосқа ұшуға дайынбыз.

Үлкен құлшыныспен біз туған өлкеміздің табиғатын, тарихын зерттейміз.  Енді мен саяхатшылардың басшысымын, туған өлкеміздің жан – жануарлары мен құстары, өсімдіктері, табиғаты жәйлі айтамын.

Қазақстанның табиғаты – бай. «Табиғат – ұлы ұстаз, ол сұлулыққа ынтықтырып, адамның жүрегіне дол табады, — деп В.А.Сухомлинский бекер айтпаған, оның көзқарасымен келісемін. Сондықтан бірігіп «Орман тұрғындары» атты сурет салып, «Табиғатты аялайық» атты акция ұйымдастырып, ұран тастадық:

«Табиғатты сүю керек,

Сүю үшін білу керек.

Қамқорлық жасау жолында,

Жан аямай күю керек», — ата – аналармен бірігіп қызықты плакаттар ойлап табамыз, экологиялық проблемаларға назар аудартып, өлең жазамыз:

Көзін ашып, бақ өсір бұлағыңа,

Айналсын құтты қоныс тұрағыңа,

Жайқалсын орман, бағым, өлкемізде

Бөленіп күннің нұрлы шуағына.

Бұл біздің экологиялық  проблемаларға халықтың назарын аударғанымыз.

Ал, әзірше келесі роль, үлгілі бригада капитаны мен балалармен үлкен жол қиылысына қолыма жезл, басыма фуражка киіп жол инспекторы болып келе жатырмын, маған жүргіншілердің таң қалғаны, қызықтай қарағаны қажет емес, мен үшін баланың өмірі маңызды. Авторлық бағдарлама аясында: «Біздің ауылдың көшелері» атты жолда жүру ережелеріне іс – шара ұйымдастырдық.  Түскі астық уақыты да болды. Менің екі минут ғана уақытым бар, себебі мен ертегі кейіпкеріне айналдып, тамақтану, ұлдардың қыздарға тамақтану кезінде орындықты жылжытып орын беруі, отырғызуы, нанды алдарына қоюы және жеміс – жидектердің адам ағзасына пайдасын, олардан түрлі ас пісіруге болатынын және алма компотынын пайдасын айтамын, ол жеміс дәруменге бай деп қорытындылаймын.

Түскі демалыстың уақыты да келіп жетті. Балалардың тілін дамытып, білгендерін бекітіп, ұққандарын ойда сақтауы үшін өлең жолдарын ойлап таптым:

Айналайын айдан,

Су алайын сайдан.

Жігіт болып бөпешім,

Тисін елге пайдаң!

Аспандағы жүлдызым

Маңдайдағы құндызым,

Ұйықтай қойшы тезірек,

Толықсыған қырмызым!

Оларды ұйықтауға , демалып, түсінде түрлі қиял – ғажайып ертегілер көріп, сол түстің орындалатынына сендірдім.

Әр бір оқу іс – әрекетіне жауапкершілікпен қарап, дайындалуды еш жадыңнан шығармау керек. Шынайы оқу іс – әрекеті бұл бала мен тәрбиешінің арасындағы бірлескен ізденіс нәтижесі, тәрбиешінің шығармашылық жұмысының жемісі. Ізденіс жоқ жерде сылбырлық, енжарлық, бас көтеріп, оқу іс – әрекеттерінің мәні кетеді. Әрбір оқу іс – әрекеттері жас бүлдіршіндер үшін өз құпиясын ашқан сыр сандықтай болса, тәрбиеші сол тылсымы мол жұмбақ әлемінің сиқыршысындай. Әр оқу іс – әрекетінің үрдісінде білім мен тәрбиені дамыту мақсатында, баланың ойлау қабілетін оятып, тәрбиенің көзін ашып, өнердің биік шыңына шығаруға болады. Әр оқу іс – әрекетінің сәтті шығуы, әрине өзімізге байланысты. Жыл сайын балабақшадан мектепке шығарып салатын, бүлдіршіндерімізді қимастықпен шығарып салып отырамыз.

Қоғам үшін, ел болашағы үшін ұстаздық жолды таңдаған адамдарға терең теориялық біліммен қатар, оған ерекше қабілет пен асқан біліктілік, балаға деген сүйіспеншілік қажет.  Өз педагогикалық тәжірибемде, қандай білім беру саласында болмасын әр оқу іс – әрекетінің тартымды, сәтті шығуы тәрбиешінің бала назарын еріксіз оқу іс – әрекетіне аударту, баламен оқу іс – әрекеті әрбір қарым – қатынасты шеңбер ұйымдастыра білуіне байланысты екеніне көзім жетіп жүр.  Көбінесе оқу іс – әрекетінің негізгі бөлімдеріне ған назар аударылып, ұйымдастыру бөлімінде өткізілетін психологиялық тренингтер, баланың қызығушылығын арттыратын шаттық шеңбері, жылулық шеңбері, оқу іс – әрекеттерінің арасындағы сергіту сәттерінің алар орны ерекше. Бала зейінін аударудың тиімді жолдары. Осы уақыттардың ішінде қаншама жас бүлдіршіндер алдымнан өтіп жатса да, алдыма келетін балаларды үлкен жауапкершілікпен осы ғажайып әлемінің тылсымына ендіру маған ляззат сыйлайды.  Педагогикалық шеберліктің мәні алдымен қызықтыру, сонан соң үйрету деген тұжырымдамасын негізге аламын.

Ең үздік білім алу – өз білімін жетілдіру, — деп Акроид Питер айтқан. Түскі демалыс кезі білім алуға тиімді уақыт.  Қазіргі тәрбиешінің білімін жетілдіруге жылдар бойы жинақтаған педагогикалық тәжірибесімен бірге, жаңа инновациялық методикамен толықтыруға барлық мүмкіншіліктер бар. Педагогикалық семинарлар, конференциалар, методикалық кеңестің отырыстары әріптестеріңмен өз тәжірибеңмен бөлісіп, өзіне пайдалы білімді алуға болады. Баланың бойына адамгершілік қасиеттердің сіңісуң, өнер – білімді игеруі, тәрбиеге, салауатты өмірге, өскен ортаға, үлгі – өнеге берер тәрбиешіге байланысты, сондықтан тәрбиеші білімді көп игеріп, басқалардан білімдіде, біліктігіде ерекше, зерде – саласын байыта түсуі қажет.  Балалардың мыңдаған сұрақтарына мүдірмей жауап беруі парыз. Жеткен жетістіктермен тоқтап қалмай, алға ұмтылып, салауатты өмір салтының берік қағидаларын қалыптастыру міндет. Әлемдік және Отандық мәдениет, білім, ғылым жетістіктерін игеру тәрбиешіге қойылған заман талабы.

Сіздер менен кино не театр актрисасы болмағаныңызға өкінесізбе, — деп сұрақ өойсаңыз, менің жауабым: жоқ өкінбеймін. Кез – келген актриса менің балабақшада ойнаған сүйікті рольдерімді ойнаған емесғ ал мен болсам қаншама рольді ойнадым.  Менің бар ғұмырым бақытты балалық шақпен, баланың шуақты күлкісімен, риясыз қуанышымен балалық арманымен байланысты.  Мен бақыттымын ба?  Әрине, бақыттымын.

Баланың сен менікісің бе? – деген сұрағынан артық не керек?  Менің бақытым, өмірімнің мәні, менің мамандығым.  Өз мамандығыма мақтанамын. Менімен, есейген кезінде бүлдіршін болған балам сәлемдесіп, кездескеніне қуанып, өзінің қуанышымен, жетістіктерімен бөліседі, маған рахметін айтады. Бір кездері менің тәрбиемде болған балаларым енді өз балаларын маған тәрбиелеуге әкелуде.  Бұл айтып бітпес бақыт.

Мен үшін маңыздысы ата – аналардың өздерінің ең қымбатты ұл – қыздарын маған сеніп тәрбиелеуге бергені. Келешекте олардың еліміздің тірегі болатынына сенімдімін.  Менің негізгі мақсатым – балаларға жақсы көңіл – күй сыйлай отырып, балаларды ойлы, тәрбиелі, өнерлі ғып тәрбиелеу… Өзімді әр оқу іс – әрекет үстінде балаларға бағыт беруші, жол сілтеуші рөліне қоямын.  Бұл балалардың өзіне деген сенімін арттырып, оқу іс – әрекеттеріне деген тұрақты зейін қалыптастыруға, қызығушылығын оятуға жағдай туғызады.  Сөзімді қорыта келе, бүгінгі тәрбиеші – өз мамандығын сүйетін, патриот, өз ісінің шебері, ізденімпаз, жаңашыл, терең болуы тиіс. Жеке тұлға ретінде ізденгіш, өз пікірін айта алатын, адамгершілігі мол, білімді, өз елін сүйетін, оң қолынан өнері тамған  өнерлі болуы керек. Шынымен де, ұстаздық жол – қызығы мен қиындығы қатар жүретін өте қасиетті жол. Осынау қасиетті жолмен білім әлемінің тылсымына бойлай отырып, бала жүрегінен жол табу тәрбиеші үшін үлкен бақыт. «Бала жүрегі – кішкентай күйсандық. Ол күйсандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Тәрбиешінің қолында әр кезде сол кілт жүруі керек», — дейді заңғар Мұхтар Шаханов.

Бала жүрегінен орын алу мен үшін үлкен бақыт.  Олар өзгенің балалары болса да, өз балаларымен бірдей  көремін. Бала тәрбиесінің жолында талмай қызмет етіп келемін.

Қызмет етуді азаматтық, қстаздық борышым – деп санаймын.  Әлі де қызмет етемін, баламен жұмыс жасау мен үшін өте қызықты. Бала біздің болашағымыз, таусылмас қазына – байлығымыз, біздің өміріміздің жалғасы. Мамандығың  туралы ақ қағазға сыр шертудің өзі керемет.  Мен керемет сезім жетегінде отырмын….балалардың сыңғырлаған күлкісі, жүгіріп көбелек қуып, бір – бірімен қуаласпақ ойнап, қызықты ертегі әлеміне саяхаттауы осы керемет сезімге бөлену мен үшін қымбат.

Балабақшама еңбегім сіңіп, бүлдіршіндердің қуанышына бөлену – қандай бақыт!

Мен өз мамандығымды сүйемін, мақтан тұтамын.

Балаларды сүю, оларға өз білгеніңді үйрету, олардың жеке тұлға болып өсуіне ат салысу бір ғанибет.

Мен өз балабақшамды, тәрбиеленуші балаларымды, әріптестерімді жақсы көрем, құрмет тұтам.

Мен өте бақыттымын, менің мамандығым мақтануға тұратын мамандық, менің мамандығым өмірімнің мәні.