Қосарлама қос сөздер

Сабақтың тақырыбы: Қосарлама қос сөздер. Сабақтың мақсаты:

а)  білімділік: оқушыларға қосарлама қос сөздер, оның түрлері, қосарлама қос
сөздер жайлы толық мәлімет бере отырып олардың ой-пікірін қалыптастыру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту.


б)  тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.


Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жү_мыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтын көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.


Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып үжымымен жүмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: үйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сүрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

а)  ¥йымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
  3. Журнал бойынша түгелдеу.
  4. Жаңа сабақка дайындық.

ә) Үй тапсырмасын с^рау.

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сүрау.
  2. Жаттығу жүмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
  3. Дәптерлерін алмастыру.
  4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Қосарлама қос сөздер» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Екі түбірден қосарланып жасалған қос сөзді қосарлама қос сөз дейді. әдетте мағыналары бір-біріне жакын синоним сөздер немесе мағыналары бір-біріне қарама-қарсы келетін антоним сөздер қосарланады. Мысалы: аяқ-табақ, қүрт-қү_мырсқа, кәрі-жас, үлкен-кіші, т.б. Мұнда аяқ та табақ та—ыдыстар , қүрт та, қүмырсқа да—жәндіктер. Ал кәрі-жас, үлкен-кіші деген қос сөздердің бірінші сыңары екіншісінің мағынасына қайшыкеліп тұр. Осы қасиеті жағынан қосарлама қос сөздер сөйлемнің бірыңғай мү-шелеріне ұқсас, жақын болып келеді, олардың сыңарлары түлғалас болып отырады. Бүл тәрізді қос сөздерді кейде арасына жалғаулық шылауларды келтіріп, бірыңғай мүше етіп қолдануға болады. Мысалы: кәрі-жас түгел жиналды—кәрі мен жас түгел жиналды.

Қосарлама қос сөздердің қүрамы мынадай болады:

  1. Мағынасы бір-біріне жақын (синоним) немесе қарама-қарсы (ан-тоним) сөздер
    қосарланады. Мысалы: аға-іні, жата-жастана, т.б.
  2. Бір сыңары мағыналы, екінші сыңары мағынасыз сөздер қосарла-нады. Мысалы:
    бала-шаға, келін-кепшік, т.б. Қазіргі кезде мағынасыз де-лінетін сыңарларының ерте кезде
    мағынасы болған, тек кейін үмытылып қалған. Ондай сөздердің көпшілігі көне сөз немесе
    басқа тілден енген сөз болып табылады. Мысалы: бала сөзі түсінікті, ал шаға көне дәуірде
    «бала, кішкентай» деген үғымды білдірген (қызыл шақа дегенге мән беріп көрің-дер. Сол
    мағына қазірге дейін кейбір түркі тілдерінде (мысалы, түрікмен тілінде) бар.
  3. Екі сыңары да мағынасыз сөздер қосарланады. Мысалы: ығы-жы-ғы, оқта-текте, т.б.
    бүл сияқты сөздер қазіргі кезде ешбір мағына білдір-месе де, бүрыңғы кезде мағынасы
    болған. Мысалы: ығы сөзі де, жығы сө-зі де көне түркі тілінде «жиын» деген мағынаны,
    оқта-текте «кейде» деген мағынаны білдірген.
  4. Кейінгі кезде ғана қалыптаса бастаған бір топ қосарланған сөздер бар. Олардың
    сыңарлары кейде бір түлғада, кейде әр түрлі түлғада бола береді. Мысалы: үгіт-насихат, оқу-
    ағарту, қоғамдық-саяси, т.б.

Қос сөздердің қайталама түрі де, қосарлама түрі де әрқашан дефис арқылы жазылады. Қосымша сөйлем ішінде негізінен қос сөздің екінші сыңарына жалғанады. Мысалы: Барар-бармасымды Қүртқа біледі деген сөйлемде І-жақ тәуелдік жалғауы (ым) мен табыс септік жалғауы (ды) қос сөздің екінші сыңарына (бармас) жалғанған, бірақ бүл қосымшаның біл-діретін мағынасы (І-жақ тәуелдік және объектілік) қос сөздің бірінші сы-ңарына да ортақ: барар-ым-ды.

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жү-мыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 93-жаттығу жүмысының орындалу шартын


түсіндіремішҚосарлама қос сөздерді көшіріп жазып, олардың қалай жасалғанын айтыңдар, дефис арқылы жазылатынына көңіл аударыңдар.

Келесі тапсырма: 94-жаттығу жұмысының шарты: Қос сөздердің мағыналарын айқындап, жасалу жолына қарай топ-топқа бөліп жазыңдар.

Келесі тапсырма: 95-жаттығу жүмысының шарты: Берілген кос сөздерді пайдаланып, сөз тіркесін жазыңдар.

Келесі тапсырма: 97-жаттығу жүмысының шарты: Мәтінді көшіріп жазып, қос сөздердің арасына дефис қойыңдар.

Келесі тапсырма: 98-жаттығу жүмысын ауызша түрде орындатамын: Жүмбақтарды оқып шешуін табыңдар.

Келесі тапсырма: 99-жаттығу жүмысын да ауызша түрде орындатамын: Мәтінді мәнерлеп оқыңдар. Қос сөздің түрлерін анықтап, олардың қандай жолмен жасалғанын айтыңдар.

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сүрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  3. Үйге тапсырма: 100-жаттығу жұмысының орындалу барысын түсіндіремін:
    Берілген тірек сөздерді пайдаланып шығарма жазыңдар.