Тіркесті сөздер.

Сабақтың тақырыбы: Тіркесті сөздер. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға тіркесті сөздер, оның түрлері, жасалу жолы жайлы толық мәлімет бере отырып олардың ой-пікірін қалыптастыру.



ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл
мәдениетін дамыту, сөздік корын молайту.                                                                                              і

б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сүрақ-жауап, сөздікпен жүмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.


Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сүрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтьщ барысы:

а)  ¥йымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
    З.Журнал бойынша түгелдеу.

4.Жаңа сабаққа дайындық.                                                                                                                _

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сүрау.
  2. Жаттығу жүмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру. _
  3. Дәптерлерін алмастыру.
  4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

б)  Жаңа сабақты түсіндіру.                                                                                                  _
Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Тіркесті сөздер» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Екі немесе одан да көп сөздер тіркесіп келіп бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер
тіркесті сөздер деп аталады. Булар мағынасы жағынан біріккен сөздер сияқты бір үғымның         —

атауы болып келеді, бірақ бір-бірінен бөлек жазылады. Мысалы: боз торғай, сөз таптары, қара торы, т.б.

Тіркесті сөздерге күрделі зат есімдер (мәдеииет сарайы, Алматы қаласы, ауыл                     —

шаруашылығы, т.б.); күрделі сын есімдер (қара кер, бидай өңді, ат жақты, т.б.); күрделі сан
есімдер (он үш, екі жүз сексен бес, т.б.), күрделі үстеулер (күні бойы, ала жаздай, т.б.)
жатады.                                                                                                                                                          —

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұ-мыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 104-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Араластырыла берілген түбір сөздерден біріккен сөз жасаңдар.

Келесі тапсырма: 105-жаттығу жұмысының шарты: Берілген сөздердің мағыналарын анықтап, олардың қалай жасалғанын және емлесін айтыңдар.

Келесі тапсырма: 106-жаттығу жүмысының шарты: Сөйлемдердегі қос сөздердің              ~~

арасына дефис қойып көшіріңдер.

Келесі тапсырма: : 107-жаттығу жұмысының орындалу барысын түсіндіремін:
Сөйлемдерді оқып, ондағы қысқарған сөздерге назар аудырыңдар. Олардың қалай                             ~

қысқарғанын айтып беріңдер.

Келесі тапсырма: 108-жаттығу жүмысының шарты мынадай: Мәтінді оқып шығып,
күрделі сөздерді теріп жазыңдар.                                                                                                                ~

Сабақтың қорытьшдысы:

  1. Сүрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  3. Үйге тапсырма: 109-жаттығу жүмысының орындалу барысын түсіндіремін:
    Олардың мәнерлеп оқып, қүрамындағы күрделі сөздерді түріне қарай ажыратыңдар.