Қазақстан өлеңі

Қазақстан

Туылдым мен,

Қазақстан жерінде.

Байлығы көп,

Бейбітшілік елінде.

Сол елде туғаныма қуанамын,

Керек болса бар әлемге жар саламы.

Қазақстан сені мәңгі бағалаймын,

Өлгенімше алақанда аялаймын.

Қазақстан елімді мен мақтан етем.

Жер бетінде көк туыңды желбіретем.

Қазақстан саған қарап тамсанамын,

Атыңды сөзге қосып ән саламын.

Өзге біреу атыңа кір келтірсе,

Мен сен үшін жанымды қия аламын.