Елім менің өлеңі

  Елім менің

Елім менің алтын діңгек тірегім,

Саған деген махаббатқа толы жүрегім.

Туған жерім — тәуелсіз Қазақстан бесігім,

Өркендету сені — басты арман — тілегім.

Тәуелсіздік —  бақыты бұл қазақтың,

Тәуелсіздік — жойылуы азаптың.

Мұратына жеткізе бер халықты,

Асқақтатып  ырыс – құтын елімнің.

 

 

  Қазақстан деген елім бар

Қазақстан деген елім бар,

Ұлан  – ғайыр жерім бар.

Ата – баба еткен  аманат,

Сан ғасырлық тарихы бар.

Тәуелсіздік туын көкке ұстап,

Жаңа өзгерістерге адымдап,

Таң қалдырып дүние жүзін,

Жаһандану үдерісіне бойлап.

Танытып елім егемендігін,

Жалғап ертеңі мен бүгінін,

Жаңадан  жазып тарихын,

Қазақстаным алға басып келеді,

Тереңге  жайып тамырын.

 

                 

                    Арайлап атты боз таңың

 

Арайлап атты бүгін боз таңың,

Төрт құбылаң түгел болды Отаным.

Көп аңсадық, армандадық бұл күнді,

Тәуелсіздікке  жету болды арманың.

Егемендік үшін қиындықты баз кештік,

Ғасырлар бойы қылып жанкештік.

Киелісің, тәуелсіздік, дербестік,

Арман – мұрат, асыл сана теңсіздік.

Шырайлысың, егемендік ақ таңы,

Қорғалған қалғанша қасық қаны.

Тарылмасын тәуелсіздік тынысың,

Биік те берік болсын тұғырың.