Ата-ана ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сын жұмысы.

Ата-ана. Сабақтың мақсаты:

а)  білімділік: оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін тексеру әрі
сауттылыққа баулу мақсатында сын жұмысын жүргізу.


ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу.

б)  тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сын сабағы.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сүрақ-жауап, мәнерлеп оқу, сөздікпен жүмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау. Сабақтың көрнекілігі: диктанттар жинағы.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жүмыс жүргізу. Сабақтың типтері: үйымдастыру кезеңі, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, Сабақтың барысы:


а) Үйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.


  1. Журнал бойынша түгелдеу.
  2. Жаңа сабаққа дайындық.

ә)Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін тексеру мақсатында сын жұмысын жүргіземін.

Оқушыларға сын жүмысына арналған дәптерлерін таратып шығамын да, сын жүмысының тақырыбымен таныстырамын. Бүгінгі күнді, мәтін тақырыбын тақтаға жазып шығамын да мәтін мазмүнын мәнерлеп оқып шығамын. Мәтін 117 сөзден тұрады. Содан кейін мәтіннің әрбір сөйлемін жеке оқып мәтінді жаздыруға кірісемін. Ата-ана.

Әркімнің туған анасы, туған әкесі бар. Сенің әкең де — сенің атаң мен әженнің баласы. Әрбір ана мен әке — өз балам адам боп, азамат боп ержетсе екен, — деп тілейді. Баласын асырайды, бағып-қағады, аялап өсіреді. Ата-ананың балаға деген мейірінде, қамқорлығында, оның келешеінен күткен зор үмітінде ешқандай шек-шет жоқ.

Әкең мен шешең саған жер бетіндегі теңдесі жоқ қымбат тарту өмірді ғана сыйлаған жоқ, бақыт та сыйлады. Бақытты бал дәурен балалық, қайғысыз-қамсыз жастық шақ, алаңсыз оқып білім алатын, еңбек етуге үйренетін кезең, осының бәріне—ата-анаң жағдай жасайды.

Сенің әр қимыл-қылығың, әр ісің, ата-анаңның жүрегіне қуаныш, не реніш боп оралады. Сенің жағымсыз істерің олардың шашын мезгілсіз ағартады.

Әке-шешеңнің елге сіңірген еңбегін —танып біл, сыйла, қүрметте. Ата-анаңды мақтан түт! («Ол кім? Бүл не?», 117 сөз)

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
  2. Сын жүмысына арналған дәптерлерін жинап аламын.
  3. Үйге тапсырма: «Мен анамды сыйлаймын» тақырыбында шығарма жазып келу.