Сан есім туралы түсінік. Дара және күрделі сан есімдер

Сабақтың тақырыбы: Сан есім туралы түсінік. Дара және күрделі сан есімдер Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға сан есім туралы түсінік, дара және күрделі сан есімдер жайлы толық мәлімет беру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, ой-пікірін қалыптастыру, сауаттылыққа баулу.


б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар. Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жүмыс жүргізу. Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сүрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:


а) Үйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
    З.Журнал бойынша түгелдеу.
    Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау. 1. Өткен сабақта өтілген ережені сү_рау.


  1. Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
  2. Дәптерлерін алмастыру.
  3. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Сан есім туралы түсінік. Дара және күрделі сан есім.» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Заттың санын, мөлшерін, ретін білдіріп, канша? неше? нешеу? нешінші? тәрізді сүрақтарға жауап беретін сөз табын сан есім дейміз.

Сан есім заттың санын, мөлшерін, ретін білдіріп, тікелей зат есіммен тіркесіп колданылады. Мысалы: Бүл Жамбыл жасап отыр тоқсан жасты деген сөйлемде тоқсан деген сан есім (неше?) жас деген зат атауының санын білдіріп тү_р. Кейде сан есімдер зат есімсіз-ақ жұмсала береді. Ондайда сан есім әрі заттық мағынаны, әрі сол заттың санын, мөлшерін біл-діріп түрады. Мысалы: Тоқсаннан әрі кетті, жүзге де асты деген сөйлемде тоқсаннан, жүзге деген сан есімдер әрі заттық үғымды (тоқсан жастан жә-не жүз жасқа), әрі оның мөлшерін, санын білдіріп түр. Дара және күрделі сан есімдер.

Сан есімдер қүрамына карай дара сан есім және күрделі сан есім бо-лып екіге бөлінеді. Бір түбірден қралған негізгі және туынды сан есім да-ра сан есім деп аталады. Мысалы: он, үш, мың, т.б. екі немесе одан да көп түбірдің тіркесінен немесе қосарлануынан жасалған сан есім күрделі сан есім деп аталады. Мысалы: екі жүз, үш мың тоғыз жүз он, т.б. сөздер-дің қосарлануы мен кайталануы арқылы жасалған күрделі сан есімдер де-фис (-) аркылы жазылады. Мысалы: қырық-елу, жетпіс-сексендей, т.б.

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 156-жаттығу жұмысының орындалу шартын тусіндіремін: Мәтін мазмұнынан сан есім-дерді табыңдар да, оларды тіркескен сөзімен бірге цифрмен жазыңдар.

Келесі тапсырма: 157-жаттығужүмысының орындалу шарты төмендегідей: Жаңылтпашты жылдам айтып үйреніндер. Сан есімді қатысты-рып, өздерің де осындай жаңылтпаш құрастырып көріндер.

Келесі тапсырма: 158-жаттығу жүмысының орындалу шарты мынадай: Берілген тіркес сөздерді қатыстырып, сан есім бар сөйлемдерден түратын мәтін құрандар.

Келесі тапсырма: 159-жатығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Мәтіннің құрамынан дара сан есімдерді бір бөлек, күрделі сан есімдерді бір бөлек екі баған етіп жазыңдар.

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  3. Үйге тапсырма: 160-жаттыгу жұмысының орындалу барысын түсіндіремін: Төмендегі
    сандарды сөзбен жазып, оларды дара және күрделі түріне ажыратындар. Және 161-жаттығу жұмысы:
    Сан есімдерді қатыстырып, «Біздің сынып» деген такырыпта шағын шығарма құрастырып жазындар.